Қай тіл көп тараған, қазақ тілі пәні, 7 сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ, 7 сынып, Ахметкаримова Г.М.

Сабақтың тақырыбы: Қай тіл көп тараған?

Мақсаттары:

  • қай тіл көп тарағаны жөнінде мәлімет беру, сан есім туралы алған білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы бекіту;

  • лексикалық материалды жүйелі түрде ұсыну арқылы оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту; танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

  • өз Отанын, тілін сүюге және достық қарым-қатынаста жұмыс жасауға баулу.

Көрнекіліктер: бейнежазба, флипчарт, суреттер, семантикалық карта, ребустар, карточкалар, сөздіктер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сын тұрғысынан ойлауды дамыту мен диалогтік оқытудың әдістері (топтық, жұптық, жеке жұмыс; түртіп алу, бес жолды өлең, кластер, түйін сөз); интерактивті тақтаның мүмкіндіктері (шымылдық, сәйкестендіру, телеграфтық таспа, т.б.)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-сәлемдесу

-психологиялық ахуал туғызу мақсатындағы «Достар шеңбері» тренингі: оқушылар шеңберге тұрып, бірі-біріне сын есімді жақсы сөз айтады (..., сен мейірімдісің! т.б.);

- кезекшімен әңгімелесу: оқушылар кезекшінің ауа райы, сабақ кестесі, өздері туралы сұрақтарына жауап береді

Қызығушылығын ояту: бейнежазбаны қарап шығып, бүгінгі сабақта не туралы білім алатындарын анықтау (түрлі тілдерде Жаңа жылмен құттықтаулар youtube.com/watch?v=F5U5mSavvds )

Фонетикалық жаттығу. Оқушылар флипчарт бетінде төрт шеңбердегі тапсырмаларды орындайды:

Қай тіл көп тараған, қазақ тілі пәні, 7 сынып

1

Қатаң дауыссыз, жуан дауысты, дауыссыз үнді дыбыстарын теріп алып, сөз құра

Қай

2

Анаграмманы шеш («літ»)

тіл

3

Берілген дыбыстардың сыңарларын жаз («гоб»)

көп

4

Бірінші суреттегі заттың соңғы Қ әрпін Ғ әрпіне айырбастап, екінші суреттегі адамның қызметі атауының бірінші әрпін алып таста

тараған

Сабақтың тақырыбы анықталады («Қай тіл көп тараған?»). Оқушылар өздерінің мақсаттарын айтады, мұғалім өз мақсаттарымен салыстырады.

ІІ. Үй таспырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру үшін, сынып екі топ және бір жұп ішінде тапсырмаларды орындайды:

1.Жеке жұмыс (нашар оқитын оқушы орындайды, дарынды оқушы тексереді): мақалды дұрыс құрастырып, асты сызылған сөзге фонетикалық талдауды жаса

Өнер алды-

тіл көтереді.

Тіл қаруы - сөз,

қызыл тіл.

Піл көтермегенді

сөз қаруы - ой.

2. Топтық жұмыс: «Сан есімнің түрлері» тақырыбына кластер жасап қорғаңдар

3. Жұптық жұмыс: үйге берілген мәтін бойынша диалог құрап айтып беріңдер

4. Фронталды жұмыс:

  • мақалды дұрыс аяқта (интерактивті тақтаның «сәйкестендіру» және «шымылдық» функцияларын қолданады)

Аталы сөз - ...

Тіл тас жарады, тас жармаса, ...

Тіл - достықтың ...

Тіл мәртебесі - ...

Тіл қылыштан да ...

Адамға келген он пәленің тоғызы ...

  • cемантикалық картамен жұмыс:сан есімнің түрін анықтап қатені табыңдар

    есептік

    реттік

    жинақтық

    болжалдық

    топтау

    бөлшектік

    Бес жүз елу


    Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші


    Екі-екіден


    Сегіз жарым


    Жетеу


    Он алтыдай


    Он - оннан


    Тоғызау


    Екі мың он алтыншы



  • ребустарды шешіңдер:

Қай тіл көп тараған, қазақ тілі пәні, 7 сынып

ІІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс.

-Берілген мәтінді мұқият тыңдап, оқып, бейтаныс сөздерді теріп жазып, олардың аудармасын сөздіктерден табыңдар (дүние жүзі, тараған, пікір, сөйлеушілер, мақтаныш), жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңдар

Қай тіл көп тараған?

Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде, бірі ағылшын тілі, бірі қытай тілі деп жауап береді. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс? Бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша ең көп тараған тіл қытай тілі екен. Бұл тілде 844 млн. адам сөйлейді. Ағылшын тілінде - 437 млн., хинди тілінде - 338 млн., испан тілінде - 331 млн. адам сөйлейді.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

  • Негізгі ойын табыңдар

  • Мәтін мазмұнына үш сұрақ қойып жауабын табыңдар (топтар арасында)

  • Сан есімдеріне морфологиялық талдау жасаңдар (екі, 437 миллион)

ІV. Білімдерін бекіту

  • Сөйлемдерді аяқтаңдар:

  • Ең көп тараған тіл _________________ .

  • Екінші орында ____________________ .

  • Қытай тілінде ____________________ .

  • Ағылшын тілінде ________________ .

  • Тіл - ұлттық ________________.

  • Қорытынды ретінде мұғалім оқушыларға сөйлемдерді хормен оқытқызып, жеке ауызша айтқызады)

  • Бағалау

  • Үйге тапсырма (оқушылардың таңдауы бойынша): "Менің ана тілім" (эссе); 227-бет, 4-тапсырма (жазу және жаттау); 226-бет, сөздерді жат., мәтінді оқып аудару

V. Рефлексия

  • Бес жолды өлең:

  1. Тіл

  2. 2 сын есім

  3. 3 етістік

  4. Сөйлем

  5. Синоним сөзі

  • «Қошеметтейміз!» тренингі

Мұғалімнің сөзі: «»Әр адам үшін, әрине, ана тілі ең ыстық та ең қымбатты. Бүгінгі сабақты әр оқушының ұлты мен ана тіліне құрмет көрсетуімізбен аяқтайық! (әр оқушыны ұлтын және ана тілін атайды, барлық бала оған қол шапалағымен қошемет көрсетеді)

© 2010-2022