Таңғажайып әлем-менің туған Қазақстаным

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Таңғажайып әлем- менің туған Қазақстаным.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.
Сабақтың түрі:
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)

Жүргізуші I: Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп
тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке -
менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!
Жүргізуші II: Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар
тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға
сая панамыз - Қазақстан көркем жер!
Жүргізуші I: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан - бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір-біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!
Жүргізуші II: Қазақстан - бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,
бір кісідей мандай терін төккен жер!
Жүргізуші I: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен
ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы
менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!
Жүргізуші II: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!
Жүргізуші I: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен!
Жүргізуші II: Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла
шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!
(Аккулиев Әділбек пен Керімқұлова Айжанның орындауында «Менің елім» әні орындалады. Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі)
Жүргізуші I: 1990 жыл ...
24 сәуірде Қазақ ССР - інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I- сессиясында Н.Ә. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.
25 қазан. « Қазақ ССР -інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз ССР - інің егеменділік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік - құқықтық нормаларын бекетті.

Жүргізуші II: 1991 жыл ...
1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Оқушы: Елің үшін қуанғын және қайғыр,
Даңққа бөлен өзің де данадай бір.
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,
Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.
Баста бізді бақытқа, көзіндегі
Елге деген мейірім таусылмасын!

Жүргізуші I: 10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті
Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып
жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының
өркениетті демократиялық қоғамды тандағанын білдірді.
( Әбілдаева Ақеркенің орындауында «Қазақстан - қасиетті Отаным» әні орындалады.)

Жүргізуші II: 16 желтоқсан ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады).


Жүргізуші I:
Мерейім - нұрлана бер,азат Күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Құттысың тәуелсіздік - киелі күн!
Құт күшім -егемендік иелігім,
Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
Бақытым - еркіндік боп үйілер күн.

( Аяулымның орындауында «Егемен елім-ай». Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Б.Батырбекқызынікі )
Жүргізуші II: 1992 жылдың 4 маусымы. Казақстан
тарихында ұмытылмас тарихи қүн:Бұл күні Қазақстанның
Жоғарғы Кенесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және
амандықтың белгісі - байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба
үшін мейірімділік, ізгілік белгісі - алтын түс таңдап алынды.

Оқушы I : Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,
Мемлекет мерейінің сенген күші.
«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.

Оқушы II: Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Оқушы I: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.

Оқушы ІІ: Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,
Аспандат Атам қазақ Аруағын!
(Аккулиев Әділбек пен Бөденбаева Меруерттің орындауында «Атамекен»әні. Осы уақытта бейнетаспадан Қазақстанның көрікті жерлері мен қалалары көрсетіледі.)

Жүргізуші I: 1992 жылдың 29 қырқүйегі мен 3 қазаны
аралығында Алматы қаласында қазақтардың бірінші дүние- жүзілік құрылтайы болып өтті.
Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкіл дүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Құрылтайға Түркия ,Иран,
Монғолия, АҚШ, Қытай, Германия, Англия сияқты 30-дан
астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар келді. Бұл
конгресті өткізу қазақ халқының өзіндік санасының дамуы
үшін маңызы зор, мәдениеті мен дәстүрлерін калпына келтіру және көтеруге ықпал етті.
Жүргізуші II: 1993 жыл. 28 қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы
Конституциясы туралы» Заң қабылдады. Алғашқы демократиялық Конституцияның қабылдануы - Қазақстан
өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің ресбупликада жаңа үлгідегі қоғамның орнауына, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша
өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің нығаюына ықпал етті.
Жүргізуші I: 15 қарашада Қазақстан Республикасының
халықаралық ұлттық валютасы - теңге енгізілді.
(Байымбетов Ернар мен Аманова Гаухардың орындауында ән «Өз елім». Әні П.Тілеңдиевтікі, сөзі Қ.Мырзалиевтікі )

Жүргізуші II: 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы ел
тәуелсіздігінің бес жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!
Көрейін бақытымның азаттығын,
Таңымды тамылжытқан бостандықтан,
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.
Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
Байладым тәуелсіздік - өмір бауын!
(Әбілдаева Ақеркенің орындауында «Қазақ биі».)
Жүргізуші I: 1997 жыл ... Жаппай қуғын -сүргін
құрбандары еске алу жылы! Миллиондардың жанындағы жарақатқа шипа болып, әділетке сенімді күшейті. Озбыр билік пен тоталитарлық саяси жүйенің табиғатын мықтап танытып, демократиялық құндылықтардың маңызын жете түсінуге және қастерлей білуге көмектесті.
(Ақаев Махамбет. Құрманғазының күйі «Сарыарқа»)
Жүргізуші IІ: 1998 жыл ... Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы!Өткенді еске түсіру көп уақыт көмескіленіп
келген ұлттық тарихымыздың жай -жапсарына жан- жақты
көз салғызды.Сол арқылы адамзат дамуының бағыт - бағдырын терең пайымдап,бүгінгі күрделі дүниедегі өз
орнымызды деп басып,өз аяң - жөніндегі байыпты бағамдай
білуімізге түрткі болды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.
Жүргізуші I: Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы кіндігі - Астана қаласы! Тәнірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенсің, Астана!
Жүргізуші II: Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің шын жыры сенсің, Астана! Биыл қимылының ырғағы да, әнші көмейінің сыңғыры да сенсің, Астана!
( Аккулиев Әділбектің орындауында ән «Астана»)
Жүргізуші I: 1999 жыл ...Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы! Өз кезегінде уақытша құбылыстардың ырқымен кетпей, түбегейлі мұраттар жолындағы ортақ күресімізді табандылықпен жалғастырудың бірден бір кепілі - ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы екендігіне көзімізді анық жеткізеді.
Жүргізуші II: Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы - тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де, еркін дәурен сүру сәті туды.
Жүргізуші I: Ғасыр мен ғасыр, мыңжылдық пен мыңжылдық тоғысқан -2000 жыл мәдениетті қолдау жылы!
Жүргізуші ІI: Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында біз артта қалған ғасырларға көз жіберіп, алдарына зор мақсат қоя білген, оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата-бабаларымыздың іс-қимылына баға беру мәртебесіне ие болдық.
Жүргізуші I: Тарихи жағымызды қалпына келтіріп, отандық сезімімізді қалыптастыру және әрі дамыту мақсатымен Халықаралық Абылай хан қоры, Қазақстан тарихи және мәдениеті ескеркіштерін қорғау қоғамы һәм «Алтын адам» қоры, Қазақстан тарихи негізінде «Ғасыр саңлағы», «Мыңжылдық саңлағы» атты акция өткізді.
Оқушы: «Мыңжылдық саңлақтары»
1. Ахмет Иассауи
2. Әз Жәнібек хан
3. Мұхамед Хайдар Дулати
4. Төле би
5. Қазыбек би
6. Әйтеке би
7. Абылай хан
8. Құрманғазы
9. Шоқан Уәлиханов
10. Абай
Оқушы: «ХХ ғасыр саңлақтары»
1. Әлихан Бөкейханов
2. Ахмет Байтұрсынов
3. Дина Нұрпейісово
4. Мұхтар Әуезов
5. Қаныш Сәтпаев
6. Бауыржан Мамышұлы
7. Дінмұхамет Қонаев
8. Нұрсұлтан Назарбаев
9. Олжас Сүлейменов
10. Тоқтар Әубәкіров

Жүргізуші ІI: Даңғыл ... Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын - ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге-15жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз он бес жылда өттік.

Жүргізуші II: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік - біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата-баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып,
әлемдік қауымға ендірді.
Жүргізуші I: Тәуелсіздік - ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз-қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп,
барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.
Жүргізуші II: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді,
халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп,
бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң-маң басатын болды.
Елміз өркениетті замана ағысына қосылды.













Тәрбие сағаты: «Достықтың қос қанаты.»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың достық туралы туралы ой-пікірлерін дамыту;
Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу.

Сабақтың әдісі: Пікір-талас

Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер.

Ән: «Қайдасыңдар, достарым»

Амина: Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зло маңызына байланысты екені даусыз.

Біз бүгін «Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас» деген тақырыпта пікірлесу кешін ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:

«Шын дос үшін қалайда

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда

Досың менен қасыңды».

Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз.

Данияр:Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.

Лейла: Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.

Ақжол: Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес».

Сағындық: Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік.

О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.

Әмірхан: Қандай адамдар досқа лайық?

Айнұр: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.

Жалғас:Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар.

Т а л д а у

Данияр: Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», - демес еді. Енді келесі көрініске назар аударалық.

Лейла: «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны - өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз.

Айнұр: Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони: «Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш - сырыңды айтатын адамның болуы» - деген екен.

Сағындық: Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Американ саяси қайраткері физик Бендами Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып - қағуды қажет етеді. Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», - деген екен.

Амина: Достық - әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі - ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» - деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді.

Лейла: Махамбет Өтемісұлы айтпақшы: Жақсыменен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманменен дос болсаң,

Жалғас: Әл-Фараби айтқандай: « Өрге жүзген өнегелі ісімен адал дос тап тең құрбыңның ішінен.»

Ақжол: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез-келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны - шындық.

Жалғас: Халықта: «Досыңнан тап!» - деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл - достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры - досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек - қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос-дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі - достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», - деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.

Амина: Француз философы, жазушы Жан-Жак Руссо, грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын жазушысы Генри Фильдинг, т.б. сияқты даналар бнйне бір келісіп алғандай: «Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық», - дейді. Жан-Жак Руссо айтқандай «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», - дейді. Мұны қалай түсінесіздер?

Т а л д а у

Данияр: ағылшын философы, Фрэнсис Бэкон: «Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады», - деген екен.

Лейла: «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» халық мақалы немесе «Дос досқа айна», «Досы жақсының өзі жақсы».

Жалғас: Түркі ғалымы Махмуд Қашқари «Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді» деген екен.








Қорытындылау.

Лейла:

Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,

Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.

Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,

Әлде кімге көңілің бір мұздаса.

Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,

Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.

Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,

Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.

Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,

Жеңілірек көтересің жазаны.

Содан шығар, Адам бірге өмірге

Жолдасыменен туады екен ғажабы









Тәрбие сағаттың тақырыбы: Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Мақсаты:Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту Оқушыларға өз жүрген орталарынд мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, пікіралысу

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

II Негізгі бөлім

Кіріспе сөз Қоғам үшін ең бастысы - тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі - заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау - конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол - жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар - жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық - адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана котереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбіркейьір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы - баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі - жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологмясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаттары - Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беуді көтермелеу. - Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау. - Тұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу Аталған заңды қабылдау - отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтрын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмастарды өкізу керек іс болып табылады. Қорытынды. Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар,дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс. Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарсын өзгерту керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу - бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті... жолымен денесіне зақым келтіру немесе психолгиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету. - Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квлификацияланады:денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.










Мақсаты: 1. Оқушылар ауылдың мәдени ортасы, тарихы және табиғи ортасы, шаруашылығы, экономикасы туралы білім алады.

2. Логикалық ойлау қабілетін өз ой, пікір тұжырымдарын байланыстырып сөйлеуін, сөйлеу мәдениетін дамытады.

3. Шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық ұстанымы берік, Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақ түрі:

Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі:

1. «Ауылыма саяхат » тақырып;

2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ауыл жайлы сөзі;

«Ауылдың даласыз күні жоқ,

Даланың ауылсыз құны жоқ»

3. ҚР картасы;

4. Суретті ребус;

5. Сабақта пайдаланылатын тақырыпшалар:

- Тарих тіл қатқанда...

- Елге еңбегі сіңген.

- Оқу-ағарту саласында.

- Болашақ жастардың қолында.

6. Бейнетаспа «Ауылым»;

7.Кітап көрмесі;

8. Кесте «Мал шаруашылығы», «Көгалдандыру».

Шығармашылық жұмыс түрі:

І топ «Ақындар» тобы; (ауыл, туған жер туралы шығармашылық жұмыстары)

ІІ топ «Жасыл ел» тобы; (ауыл және мектеп маңына егілген ағаштар саны туралы мәлімет береді)

Ауызша журнал:

1-ші беті: Білім ордасы.

2-ші беті: Мектеп тарихы

3-ші беті: Айналайын топырағыңнан, туған жер!

4-ші беті: Мектебім менің, мектебім! (поэзия беті)

Кіріспе: «Қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

Жерімізді жау баспасын деп,

Елімізден құт - береке қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.

Біздің Отанымыз -Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді.Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала - қазаққа қымбат дала.

Қазақ даласы шежіреге бай дала. Олай болса

Ауылыма саяхат атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

«Ой қозғау»:

«Ауыл» дегенді, «алтын бесік» дегенді, «туған жер» дегенді қалай түсінесіңдер? «Ауыл кімдердің мекені?» осы ой төңірегінде сөз қозғасақ..

(Оқушы ойлары тыңдалады)

1 оқушы : Менің ойымша ауыл әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат , атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.

2 оқушы : Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары, ғылымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.

3 оқушы : Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар ауылдан шықса, батыр Бауыржан Момышұлы ауыл баласы.

4 оқушы : Осы кең даладан тұңғыш ғарышкер ұшырылды, Қаһарман батыр Қасым Қайсенов, тіпті Елбасымыз Нұраға да ауыл перзенттері.

Мұғалім: Жақсы, олай болса, ауыл - әр адамның құтты, киелі мекені.

Сен де кеттің, мен де кеттім, ол да кетті ауылдан,

Ұят болды, ұят болды-ау ауылдағы қауымнан,- деген өлең шумағында Мұқағали ағамыз не айтпақ болды?

1оқушы : Осы бір өлең жолдарында Мұқағали ағамыз бәрімізге ой салып, ауыл жағдайын жырласа, Елбасы жолдауымен «Ауыл жылдары» жарияланғанын білеміз. Бұл тарих беттерінде қала береді.

2 оқушы : Ауыл десем, мал елестер көзіме,

Ауыл десем, дән елестер көзіме

Ауыл десем ер саламын құр атқа

Ауыл десем, ән естілер құлаққа,- дегендей, «Ауылым» әні орындалады.

Мұғалім: Міне, ауыл жайлы бірер сөз қозғасақ, «Көкжайық - алтын бесігім» тәрбие сағатында өз ауылымызға тоқтасақ....

Айхой, шіркін Көкжайықтай ауылым,

Ата - ана, құрбылар мен бауырым,

Қиындыққа мойымаған әр уақыт

Қайран менің өсіп-өнген ауылым!

Оқушы: Көкейде қайда ойласаң дана тұрақ,

Сыры мол шежірелі дара тұрақ

Атыңнан айналайын туған жерім,

Аяулы мекеніміз Көкжайығым !

1оқушы: Ұлан байтақ даламыз Қазақстанның бір бөлігі - Көкжайық ауылы.

Алыста жүрсем аңсарым менің

Шөліркей қалсам кәусарым менің

Кеудемде жүрек сағына жаздап,

Сүйемін сені, ауылым менің!

Ән «Туған жер

Оқушы: Иә, ауыл өмірі мектеп өмірімен тығыз байланысты. Мектеп тарихын ауызша журнал арқылы таныстырып өтсек...

Білім

ордасы

Көкжайық

орта мектебі

Мектеп

тарихы

Топырағың-

нан айналайын,

туған жер!

Позэия

Мектебім,

менің

мектебім!

Журналымыздың 1ші беті бойынша..

Мектеп тарихы

Оқушы: Өнерліге өріс кең. Бұл білім ордасынан сан мыңдаған түлектер әр саланың мамандарын игерген.

Киелі шаңырақта шәкірт зердесіне ғылым мен білімнің ізгілікті нұрын құйған, мектептен көптеген аға апаларымыз шыққан.

.

Журналымыздың ІІ беті :«Мектебім, менің, мектебім». Поэзиялық жырларға арналады.

Оқушы: Ауылымыздан шыққан мектеп түлектері, алтын ұя мектебіміздің атын ауданға ғана емес, бүкіл Қазақстанға паш еткен, әр жерде жұмыс атқарып жатқан азаматтарымыз да бар.

Мұғалім: Иә, мектеп пен ауыл өмірі бір - бірімен тығыз байланысты. Сабағымызды шығармашылық жұмыспен байланыстыра кетсек:

І топ: «Ақындар» тобы. (Ауыл жайлы эссе оқу)

ІІ топ. «Жасыл ел» тобы.

Елбасының «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мектеп маңындағы ағаштар санының көрсеткіші (кесте бойынша) және алдағы уакыттағы көгалдандыру жұмысы.

Топ жұмыстары. «Болашақ жастардың қолында» айдарымен жүргізілді.

Қорытынды. Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда ойымызға не түйдік.(Оқушылардың ойлары сұралады). Қазіргі мектепте отырған жоғарғы сынып оқушылары - ертең ауыл діңгегін нық ұстайтын азаматтар. Олар ауыл тарихын, мектеп тарихын естен шығармастай өз ауылына адал еңбек етіп, ауылды көркейтетін - 2050 жылдың жастары.





© 2010-2022