- Преподавателю
- Другое
- Көктем айлары: Наурыз, Сәуір, Мамыр
Көктем айлары: Наурыз, Сәуір, Мамыр
Раздел | Другое |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Сейткасымова К.-. |
Дата | 29.12.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Мұғалімі:Сейтқасымова Құралай Сейтқасымқызы.
№2-ші мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыныбы:3 «В»
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Мақсаты:
-
Оқушылардың алған білімдерін молайту.Әр түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту.Білім сапасын тексеру мақсатында сабақ сайын оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттеріне үлкен мән беріп,тілдесім әрекетін арттырып отыру.
-
Жыл мезгілі тақырыбында сөйлесу дағдысын қалыптастыру.Сауатты сөйлеу және жазу дағдыларын,қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Табиғатты сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.Тапсырмалар барысында жылдамдыққа,дәлдікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі мен формасы: жарыс,білімдерін бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндіру, сөздік,тестпен жұмыс,өз бетінше жұмыс,сұрақ-жауап,жаттығу,көрнекілік,топтық
Сабақтың жабдығы:суреттер,слайд.
Пәнаралық байланысы:орыс тілі
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,кезекшімен сұхбаттасу /Бүгін кім кезекші,сыныпта кім жоқ,үйге қандай тапсырма берілді,ауа райы қандай,бүгін нешесі? аптаның қай күні?/Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау. сабақтың мақсатын,барысын айту.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар!Бүгінгі сабағымыз Көктем туралы.Көктемде әр түрлі өзгерістер болады.Қар еріп сай -сала суға толады,көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек гүл жарады.Күн жылынады,малдар төлдейді.Мерекелер болады.
1.Оқушыларды топқа бөлу кезеңі.Бұл бөлу оқушылардың төсіндегі гүлдерге байланысты,яғни раушан гүлдерді бірінші топқа,қызғалдақ гүлділерді екінші топқа отырғызу.
1-ші топтың атауы «РАУШАН»
Барабанова Екатерина
Иванько Алексей
Маратов Қанат
Жұмағали Алан
Кан Анастасия
Ананьин Егор
2-ші топтың атауы «ҚЫЗҒАЛДАҚ»
Данилкина Анна
Десятова Милена
Кичкайло Максим
Ерғалиева Жанара
Гаршин Вячеслав
Именалинов Таир
2. Бірінші сайыс:«Танысу»- Әр топтан бір бала өзі туралы, яғни, таныстырып шығады.
Мысалы:
****Сәлеметсіздер қызғалдақ тобы! Менің аты-жөнім Маратов Қанат.Мен 3 сыныпта оқимын.Қостанайда тұрамын.Достарым көп.Сабақты беске оқимын.Қазақ тілі маған ұнайды.Бүгінгі сайыста біздің «Раушан тобы» жеңіске жетеді деп ойлаймын.
****Сәлеметсіздер ме! Мен Именалинов Таир.Мен үшінші сыныпта оқимын.Сабағым жақсы.Мен көктем айын ұнатамын.Бүгін біздің топ жеңіп шығады деген ойдамын.Біздің топқа сәттілік тілеймін.Іске сәт!
3. Екінші сайыс: «Жұмбақ шешу»
Слайдта берілген жұмбақты шешу - шешуін тауып сөздерді аударып айтады.
1.Үй үстінде ұсақ тас (жұлдыз) 3.Онсыз астың дәмі жоқ,
2.Өзі арық,сөзі-әріп (қалам) Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)
4.Көктемде ұшып келеді,
Жаздай концерт береді. (бұлбұл)
4. Үшінші сайыс: «Дұрыс жауап бер»
Әр топқа 10 сұрақтар беру , жауапты тез және толық айту керек:
1 топқа:
1. Қай жыл мезгілі келді? /көктем мезгілі келді/
2. Көктемде неше мереке бар? /көктемде 4 мереке бар /
3. Қазақтың ең басты ұлттық тамағы? / бесмарбақ/
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? / қазақ тілі /
5. Ең сұлу құс? /аққу/
6. Көктемнің бірінші айы? /наурыз/
7. Сенің жасың нешеде ? /менің жасым онда/
8. Көктемде ең бірінші қандай гүл шығады? / бәйшешек/
9. Қазақ тілінде неше әріп бар? /42 әріп/
10. Наурызда пісірілетін басты тағам? / наурыз көже/
2 топқа:
1. Көктемде ауа райы қандай? / көктемде ауа райы жылы/
2. Қазақ тілінде неше тән дыбыстар бар? / 9 дыбыс бар/
3. Бір жылда неше ай бар? /12 ай бар/
4. Қазақстанның президенті кім? /Н.Ә.Назарбаев/
5. Мен,бен,пен деген не? /жалғаулықтар/
6. Көктемде нелер ұшып келеді? /құстар ұшып келеді/
7. Көктемнің екінші айын ата. /сәуір/
8. Біздің тудың түсі қандай? / көгілдір/
9. Мамыр көктемнің нешінші айы? / үшінші айы/
10. Түйенің несі бар? / түйенің ботасы бар/
5. Төртінші сайыс: Ал,балалар мына қобдишаның ішінде тапсырмалар бар.
Әр топтан бір - бірден келесіңдер, тапсырмаларды аласыңдар.
Қобдишадағы тапсырмалар:
а) Мына сандарды сөзбен айт: б) Мына сөздерден сөз тіркесін құрап айт:
күн, ана, мереке, үй, көктем
25, 68, 124, 904, 2007, 37, 12, 79
в) Мына сөздерге болымсыз етістіктің жұрнақтарын жалғап айт,аудар
Кел+ме /приходи-не приходи/,ал+ма / бери-не бери/,бар+ма/иди-не иди/,айт+па/говори-не говори/,кес+пе/режь-не режь/,жүз+бе/плавай-не плавай/,отыр+ма/садись-не садись/,жаз+ба /пиши-не пиши
Бесінші сайыс: «Сөздік ойыны» слайдта берілген сөздерді тез аудармасын жазу. Подснежник,тюльпан,роза,ромашка,астра,малина,одуванчик.
Алтыншы сайыс: Әнұранның екінші шумағын жатқа айту.
Бағалау парағы
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сыныбы: 3 «В»
5,10,20 балдық жүйемен белгілеу
№
Сайыстың кезеңдері
«Раушан»
«Қызғалдақ»
қорытынды
1
Танысу
2
Жұмбақ шешу
3
Дұрыс жауап бер
4
Қобдишаның тапсырмалары
5
Сөздік ойыны
6
Әнұранды жатқа айту