Презентация по казахскому языку на тему Емханада (7-класс)

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің...
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зергерлік бұйымдар

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда - ақ қолға алынғандығын айғақтайды.

Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер - зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке - дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр - сырын ұрпақтан - ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы - қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай - ақ діни - идеологиялық, әдет - ғұрыптық, салт - дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты.

Негізгі материал ретінде тіл - көзден, пәле - жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс пайдаланылды.

Ата - бабаларымыздан мирас болып қалған зергерлік бұйымдар Сырым Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейінде де сақтаулы.

Алқа - омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сәндік, әсемдік бұйымы.

Білезік - білеккке салатын күмістен, алтыннан соғылатын әйел бұйымы, жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, тоспалы білезік, бұрама білезік, қос білезік, тағы басқа атаулары бар.

Бес білезік - алтын, күмістен, асыл тастардан, көз орнатылған, күміс шынжыр, арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.

Балдақ - алтыннан, күмістен соғылған, жұмыр сақина.

Жүзік - қымбат тастардан, көз орнатылған жалпақ сақина оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады.

Моншақ - түрлі тастар тізілетін моншақтар.

Тұмарша - сәндік үшін омырауға тағатын үшбұрышты салпыншақты күміс бұйым.

Маңдайша - сәукеле, тағы басқа тағатын, көз орнатылған күміс бұйым.

Сақина - саусаққа салатын, әр түрлі үлгіде күмістен, алтыннан, тағы басқа металдан соғылатын бұйым.

Танакөз - шар тәрізді күміске тастан көз орнатылғын түйме тәрізді сәндік бұйым.

Өңіржиек - салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған, омырауға сән беретін, түрлі түсті тастардан, көз орнатылған әсемдік алқалар тізбесі.

Үкіаяқ - үкі тұяғына ұқсатып күмістен соғатын, төменгі жағына бірнеше салпыншақ тағылған бұйым.

Қапсырма - әйел камзолына тағылатын, түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым.

Шекелік - сәукеле, тақия, тағы басқа бас киімге тағылатын бұйым.

Шаштеңге - қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын, жібек бау өткізілген күміс бұйым.

Шолпы - шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты, бұрым сәнін келтіретін алтыннан, күмістен жасалатын бұйым.

Шашбау - шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын, қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ жапсырмалармен безендірілген бұйым.

Сырға - құлаққа тағатын, сәнді асыл бұйым. Оның сапасына сай көптеген түрлері болад.

Білезік - сиыр мүйізінен жасалатын, сырты жылтыр, түрлі ою-өрнекетер салынған бұйым.





Кайыргаликызы Аида

Ис-15



© 2010-2022