Ашық сабақ 7 класс Жіктеу есісдіктердің түрленуі

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тамды орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

І санатты мұғалімі
Қайрғалиева Сулукуль Жақсылыққызы

Мұғалімнің аты - жөні

Пәні

Сыныбы

Күні

Қайырғалиева С.Ж.

Қазақ тілі

7 «а» - сыныбы

25.11.2015ж.

Сабақтың атауы

Жіктеу есімдіктерінің түрленуі

Сілтеме

Қазақ тілі 7-сынып. Авторлары: С.Исаев, Г.Қосымова

Жалпы мақсаттар

Есімдіктер туралы білімдерін тереңдету, жіктеу есімдіктерінің түрленуін үйрету, сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру;

Оқыту нәтижесі

Есімдіктердің түрлену жолдарын, жіктеу есімдігінің септеуіндегі және жіктеуіндегі ерекшеліктерін меңгеру.

Негізгі идеялар

Есімдіктердің түрленуін, жіктеу есімдігін меңгертіп, талдау, анықтау

Тапсырмалар

І.Ұйымдастыру
ІІ. Есіңе түсір (қайталау)үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу)
IV. Сынап көр Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу.

V. «Іске асыр» (жаттығу жұмысы)
VІ. «Ойлан тап» Фариза Оңғарынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, тұлғасына талдау.

VІІ. Нәтиже. « Балама тест» құрастыру

VІІІ. Өзіңді бағала

Кейінгі тапсырмалар

Балама тест

қызыл карточка - иа

Көк карточка -жоқ

І.Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық
Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру. Оқушыларды кеспе қағаздар (мен,сен,сіз,ол) сөздерін тарату арқылы арқылы төрт топқа бөлу. Өзін -өзі бағалау парақшасын таратып, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бағалау критерийлері

1. «Есіңе түсір» кезеңі - 10 ұпай

2. «Анықта» кезеңі -10 ұпай

3. «Сынап көр» кезеңі - 10 ұпай

4. «Іске асыр» кезеңі - 10 ұпай

5. «Ойлан тап» кезеңі - 5 ұпай

6. «Нәтиже» кезеңі - 5 ұпай
Бағалау шкаласы

«5» - 40 - 35 ұпай

«4» - 34 - 30 ұпай

«3» - 29 - 25 ұпай

«2» - 24 - 0 ұпай

ІІ. Есіңе түсір (қайталау)
Үй тапсырмасын тексеру үшін семантикалық карта толтырту.

Сұрақ жауап әдісі?

1.Есімдік дегеніміз не?

2.Есімдік мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

4.Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

5.Сілтеу есімдігі дегеніміз не?

6.Сұрау есімдігі дегеніміз не?

7.Өздік есімдігі дегеніз не?

8.Белгісіздік есімдігі дегеніміз не?

9.Болымсыздық есімдігі дегеніміз не?

10.Жалпылау есімдігі дегеніміз не?

IІІ. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу) Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақпен оқып, танысуға 10 минут уақыт беремін. Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт. Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды.

Бұрыннан таныс мәлімет, «√»

Білмейтін ойы,

«-»

Жаңа танылған мәлімет, «+»

Таңқалдырып сұрақтар тудырған ой, «?»

Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады. Таныстырмас бұрын мынадай сұрақтарға жауап аламын:
1. Жіктеу есімдігі нені білдіреді?
Белгілі бір заттық ұғыммен байланыста қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
5. Жіктеу есімдігі қалай түрленеді? (Олар септеледі, жақпен байланысты қолданылып жіктеледі)
ІІІ. Сынап көр (Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу.

1- топ - мен 1- топ - біз

2- топ - сен 2-топ - сендер

3- топ -сіз 3-топ- сіздер

4- топ - ол 4-топ - олар

IV «Іске асыр» (жаттығу жұмысы) Мәтінмен жұмыс.
77-жаттығу. Өлеңді оқып, есімдіктерін табыңдар. Олар есімдіктің қай түрі екенін айтыңдар, түрлену жолдарын түсіндіріңдер.

Сен - жіктеу есімдігі, ІІ жақ

Оны - жіктеу есімдігі, табыс септігі

Ол - жіктеу есімдігі, ІІІ жақ

Бізді - жіктеу есімдігі, табыс септігі

Өз - өздік есімдігі

Сенің - жіктеу есімдігі, ілік септігі

Тапсырма. Ақынның кімді құрметтеңдер деп тұрғанын әңгімелеңдер.

V. Сергіту сәті. «Ниш» қимыл жаттығулары.

Слайд «Я, ты, он, она

Вместе целая страна,

Вместе дружная семья»

Қазақшаға аударып, осыған ұқсас өлең шығару

Ағылшынша: My name is Janet

VІ. «Ойлан, тап»
Фариза Оңғарсынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, тұлғасына талдау.

І топқа

Әкем- менің тәңірім, пайғамбарым

Ұмтылатын биігім,сайран бағым.

Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,

Біліп алған, япыр-ай,қайдан бәрін?!

ІІ топқа

Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,

Хандардың да қалпағын әпермедім.

Әділ шешім ататын барлық істе

Біздің үйде бас қазы - әкем менің.

ІІІ топқа
Әкем барда,арқам кең,жоқ алаңым,

Сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!

Батыр,дана сол ғана.

Асығамын әкеме ұқсап тезірек ер жетуге.

IY топқа

Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,

көріскенде қуаныш шашты денем.

Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,

анашымды әкемше жақсы көрем.

Ү. Ой толғау. «Абай қазақтың мақтанышы » Бекіту мақсатында құрамында жіктеу есімдігін бар 1-2 сөйлем ойлату.

VІІ. Нәтиже. Сабақты қорытындылау.

Балама тест

қызыл карточка - иа

Көк карточка -жоқ

1.Есім сөздердің (зат есім, сын есім,сан есім) орнына жүретін сөз табы есімдік деп атала ма?

2.Есімдік мағынасына қарай жеті топқа бөліне ме?

3.Жіктеу есімдігі септелгенде әріптік өзгеріске ұшырай ма?

4.Мен,сен,сіз,ол,біз,біздер,сендер,сіздер,олар сілтеу есімдігі ме?

5.Жіктеу есімдіктері жіктеле ме?

6.Жіктеу есімдіктері көптеле ме?

7.Сабақтан ойымызға білім түйдік пе?

VІІІ. Өзіңді бағала
Оқушылардың бағалау критериясына сай өзін -өзі бағалаған парақшаларындағы жиналған ұпайларына сай бағалау. Бағалау парақшасын жинап алу.

Оқушылар бір - біріне деген ризашылықтарын төменнен жоғарыға қарай

3 рет шапалақтайды.

Жапсырма қағаздарға оқушылар өздерінің ұсыныс - пікірлерін, көңіл - күйлерін жазып, смайликтерге жапсырады.

Үйге: 1) 79-жаттығу

2) «Есімдік патшалығы» деген ертегі құрастыру.

Кері байланыс «Тазалықшы » әдісі. (чемодан-жаңа мәлемет бойынша не меңгергенін,,ет тартқыш-әлі де жетілдіретін түстарын,, қоқыс жәшігі- артық қасиеттерін стикер арқылы салады.) Қатысушылар өздеріне ұнаған жақтарымен, келешекте сабақта қолданатыны туралы ой қорытады. Пікірлерін жазады.

3 мин.


5 мин.

10 мин

.


5мин.


5 мин.

2 мин.


3 минут

5 мин.




3 мин

2мин.



2 мин.


1мин

2 мин

Сабақтан кейін қойылатын сұрақтар.

Не сәтті болды?

Не сәтсіз болды?

Нені жақсартуға болады?

Мен өз дағдымда нені дамыта алдым: Нені өзгертуге болады?


Фариза Оңғарсынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, тұлғасына талдау.

І топқа

Әкем- менің тәңірім, пайғамбарым

Ұмтылатын биігім,сайран бағым.

Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,

Біліп алған, япыр-ай,қайдан бәрін?!

Фариза Оңғарсынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, тұлғасына талдау.

ІІ топқа

Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,

Хандардың да қалпағын әпермедім.

Әділ шешім ататын барлық істе

Біздің үйде бас қазы - әкем менің.

Фариза Оңғарсынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, тұлғасына талдау.

ІІІ топқа
Әкем барда,арқам кең,жоқ алаңым,

Сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!

Батыр,дана сол ғана.

Асығамын әкеме ұқсап тезірек ер жетуге.

Фариза Оңғарсынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, тұлғасына талдау.

IY топқа

Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,

көріскенде қуаныш шашты денем.

Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,

анашымды әкемше жақсы көрем.



2. Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» атты өлеңінен жіктеу есімдігін тауып, талдаңыз.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,

неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

3. "Қазақстан менің Отаным оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын" (Нұрсұлтан Назарбаев)

4. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңыздар. Ақындардың өлеңдерінен үзінді келтірейік.

1) Бақыт деген -... бала күндерің,

Бақытсыз - ақ бақытты боп жүргенің. (Мұқағали Мақабаев)

2)... қазақпын, мың өліп, мың тірілген. (Тұманбай Молдағалиев)

3)... жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ барды ертегіні термек үшін.( Абай Құнанбаев)


М. Мақатаев өлеңдеріндегі жіктеу есімдіктерін табу

I топ «Арнау» өлеңі

II топ «Болашаққа»

III топ «Әттең шіркін!»

Болашаққа өлеңі

Білемін,
Керемет бір күн келеді!
Жайнайды жасыл бағым, гүлденеді.
Білмеймін, оны маған кім береді,
Кім босатар жүректі түрмедегі?
Түрмедегі жүректі кім көреді?!

Білмеймін, бір керемет күн туады!
Жан жағым жанаттайын құлпырады.
Кім ашады жүректі құлыптаулы?
Шықпақ болып шындыққа ұмтылады,
Құлпыдағы жүрегім бұлқынады.

Көрермін, керемет бір күн кешемін!
Болашағым, сенімен бірге өсемін.
Мен сенің үніңменен үндесемін,
Мен сенің тіліңменен тілдесемін.
Сауық құрам бойында бір көшенің.

Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!
Ақиқаттың алдында бөгелмес кім?!
Сен есен бол!
Мен, мүмкін, еленбеспін.
Сол ақиқат: мен сенсіз көгермеспін!!

О, поэзия!

"Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл - жасыл шұғыла шашылганда,
Көк жиек пен көк жиек косылғанда.
Махаббаттан іздедім, сагыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау,жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршигу,күрсінуден,
Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедим, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймин тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?"

ІІ. Жаңа сабақ. Тақырыбы: «Есімдік. Жіктеу есімдігі».
Талғат биыл мектепті бітірді. Ол енді қалада оқиды. Мен оған хат жазып тұрамын. Мұндайда кім қуанбайды дейсіз?
Қарамен жазылған сөздер есімдіктер деп аталады.
Мысалы: Бірінші сөйлемдегі Талғаттың есімін екінші сөйлемде ол есімдігі ауыстырып тұр. Үшінші сөйлемдегі баяндаушы адам мен Талғаттың есімдерін тағы да мен, оған есімдіктері алмастырып отыр. Төртінші сөйлемде зат есім орнын кім есімдігі басқан.
Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы есімдіктер кейде орынбасар сөздер деп аталады.
Есімдіктер есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, олардың орнына қолданылады.

22- Балалар, біз қандай билерді білеміз?
- Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би.
- Олай болса, Қазыбек бидің қазақ туралы айтқанын оқып талдаймыз.
Біз қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімсіз жабысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт.
- Жіктеу есімдігі - біз. «Біз» деп тұрғаны - бүкіл қазақ.
Белгілі бір (затқа, адамға қатысты) жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Бағалау критерийлері

1. «Есіңе түсір» кезеңі - 10 ұпай ( қайталау .үй тапсырмасын сұрау)

2. «Анықта» кезеңі -10 ұпай ( Жана сабақ)

3. «Сынап көр» кезеңі - 10 ұпай ( Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу)

4. «Іске асыр» кезеңі - 10 ұпай( жаттығу жұмысы 77- жаттығу)

5. «Ойлан тап» кезеңі - 5 ұпай ( Ф. Оңгарсыновна Перзент сөзі)

6. «Нәтиже» кезеңі - 5 ұпай ( Балама тест)
Бағалау шкаласы

«5» - 40 - 35 ұпай

«4» - 34 - 30 ұпай

«3» - 29 - 25 ұпай

«2» - 24 - 0 ұпай

Бағалау критерийлері

1. «Есіңе түсір» кезеңі - 10 ұпай ( қайталау .үй тапсырмасын сұрау)

2. «Анықта» кезеңі -10 ұпай ( Жана сабақ)

3. «Сынап көр» кезеңі - 10 ұпай ( Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу)

4. «Іске асыр» кезеңі - 10 ұпай( жаттығу жұмысы 77- жаттығу)

5. «Ойлан тап» кезеңі - 5 ұпай ( Ф. Оңгарсыновна Перзент сөзі)

6. «Нәтиже» кезеңі - 5 ұпай ( Балама тест)
Бағалау шкаласы

«5» - 40 - 35 ұпай

«4» - 34 - 30 ұпай

«3» - 29 - 25 ұпай

«2» - 24 - 0 ұпай

Бағалау критерийлері

1. «Есіңе түсір» кезеңі - 10 ұпай ( қайталау .үй тапсырмасын сұрау)

2. «Анықта» кезеңі -10 ұпай ( Жана сабақ)

3. «Сынап көр» кезеңі - 10 ұпай ( Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу)

4. «Іске асыр» кезеңі - 10 ұпай( жаттығу жұмысы 77- жаттығу)

5. «Ойлан тап» кезеңі - 5 ұпай ( Ф. Оңгарсыновна Перзент сөзі)

6. «Нәтиже» кезеңі - 5 ұпай ( Балама тест)
Бағалау шкаласы

«5» - 40 - 35 ұпай

«4» - 34 - 30 ұпай

«3» - 29 - 25 ұпай

«2» - 24 - 0 ұпай

Бағалау критерийлері

1. «Есіңе түсір» кезеңі - 10 ұпай ( қайталау .үй тапсырмасын сұрау)

2. «Анықта» кезеңі -10 ұпай ( Жана сабақ)

3. «Сынап көр» кезеңі - 10 ұпай ( Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу)

4. «Іске асыр» кезеңі - 10 ұпай( жаттығу жұмысы 77- жаттығу)

5. «Ойлан тап» кезеңі - 5 ұпай ( Ф. Оңгарсыновна Перзент сөзі)

6. «Нәтиже» кезеңі - 5 ұпай ( Балама тест)
Бағалау шкаласы

«5» - 40 - 35 ұпай

«4» - 34 - 30 ұпай

«3» - 29 - 25 ұпай

«2» - 24 - 0 ұпай


© 2010-2022