6-сынып. Қазақ әдебиеті. Ә. Кекілбаев Шыңырау әңгімесі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары:

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев «Шыңырау» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын ашу, талдау.

Білімділік: Әңгіме мазмұнын тереңірек меңгеру, әңгіменің композициялық құрылымына талдау жасау, әңгіменің тақырыбын ашу.

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушыларды еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, қиындыққа төзуге үйрету, тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларға шығармашылық талдау жасатып, өз ойларын, пікірлерін жеткізе білуін, дәлелдей білуін, әдеби тілін, ойын дамыту.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ауызша тіл дамыту, сұрақ - жауап, әңгіме кестесін құру, әңгіме композициясына талдау

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Психологилық дайындық

3. Үй тапсырмасын сұрау

4. Ой шақыру кезеңі

5. Жаңа сабақ барысы.

6. Шығармашылық талдау жасау

7. Мәтінмен жұмыс. Теріп алу стратегиясы: (екі топқа)

8. Сергіу сәті

9. Талдау. Жинақтау

10. Бағалау

11. Үй тапсырмасы

12. Рефлексия.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу түгендеу ( Сәлеметсіздер ме,балалар!)

  2. Сынып тазалығына мән беру

  3. Ынтымақтастық орта. Оқушылардың көңіл - күйіне назар аудару.

Топқа бөлу.( Сурет бөлшектерін қосу, артындағы сұрақтарға жауап беру.)

(Сабаққа дайындық жүргізіп алайық, ынтымақ орта қалыптастырып алайық 3 оқытқызу тақадағы жазыцлған сөздерді бірге қайалап оқыиық )

  1. Психологилық дайындық

Бүгінгі сабақ

Оқу, білу салауат

Бүгінгі мақсат

Ұғыну, ұғу ұлағат

Бүгінгі тәрбие

Ата кәсіп - ата салт

3) Үй тапсырмасын сұрау

Үйге Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесін мазмұнын баяндау.

(Оқушылар баяндап болған соң бір-бірлеріне сұрақ қояды, топпен жұмыс)

1-топ:

  1. Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады?

Ала қырдың үстінде, тастау жүлгенің терістігінен

  1. Олар шеген тастарды қайдан әкелуші еді?

Үш күндік жердегі құлама өрнектен

  1. Тастарды кесуге Еңсепке кім көмектесті?

Інісі Теңсел

  1. Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды?

  2. Ата кәсібі құдық қазу болған қараш руының адамдарының ауыр еңбегінің елге тигізер пайдасы қандай?

  3. Құдық орнату үшін қандай тастарды әкелді?

  4. Еңсеп не қазды?

  5. Әңгіме неден басталды, қалай дамыды, немен аяқталды?

2-топ:

1) Еңсептің ерен еңбегі елге қандай пайда тигізді?

2) Ол неге қуанды?

3) Құдық қазу кәсібі туралы не білесіңдер?

4) Үзінді идеясы не?

5) Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды?

6) Еңсеп қайтыс болғаннан кейін құдық басында кімдер молда апарып, дұға оқытқызды?

7) Құдықтан не шықты?

8) Еңсеп қай байға құдық қазды?

4) Ой шақыру. (видео сюжет)

1) Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» хикаяты бізді қандай қасиеттерге тәрбиелейді?

2) Бұрын ата-бабаларымыз қандай кәсіппен шұғылданды?

3) Ал Еңсеп ше? Құдық қазуды кімдерден үйренді?

4) Құдық қалай аталды?

5) Жаңа сабақ барысы.

Бүгінгі сабақта «Шыңырау» әңгімесін әрі қарай жалғастырамыз.Қалай ойлайсыздар? Сабақта әңгіме төңірегінде қандай жұмыстар атқаратын боламыз?

Әңгіменің негізгі тақырыбын, идеясын, жалпы құрылымына талдау жасап, кейіпкерге мінездеме береміз, алған білімімізді жинақтаймыз.

6) Шығармашылық талдау жасау

1-топ: 1. Әңгіме кестесін құру

Р/с

Тақырыбы

Идеясы

Қорытынды

Кейіпкерлері

Еңсептің құдық қазу кәсібі.

Ата кәсіп.

Ата-бабамыздан қалған кәсіпті жалғастыру,өз ісінің шебері болу, шыдамдылық төзімділік болуға уйрену.

Өмірде адам шыдамды, адамгершілік қасиетің жоғалтпау. Өз кәсібін сүю.

Еңсеп, Байсал бай,Інісі Теңсел,Ақсақалдар,Ауыл тұрғындары.

2-топ:. Шығарма құрылымына талдау жасау (композициялық құрылымына талдау жасау)

Басталуы

Еңсепке Байсал байдың өтініші

Байланысуы

Еңсептің құдық қазуына кірісуі

Шарықтау шегі

Құдықтың тереңдей түсуі

Шиеленісуі

Еңсептің басы тасқа соғылып үні тек өзіне естілуі

Қорытынды

«Еңсеп өлген атанған шыңырау».

7) Мәтінмен жұмыс. Теріп алу стратегиясы: (екі топқа)

- Қандай тастардың түрлері аталады?

(шеген тастар, сұр тас, қылауытқан тас, тастақ тал, сандық тас, сар кемік тас, тоқаш тастар, көк тас, қиыршық тас, шығар тастар)

8)Сергіту сәті. ( балалармен бірге билеу)

9) Талдау. Жинақтау. (топпен жұмыс)

  1. топ«Шыңырау»

  2. топ «Кәсіп» (постер құру,қорғау) ( шыңырау күйін тыңдау)

10) Бағалау кезеңі

  1. Постерге критериалды баға беру

  2. Топты бағалау

11) Үйге тапсырма:

«Кім болам?» тақырыбына эссе жазу

12) Рефлексия.

Не ұнады?

Не ұнамады?

Сабақ аяқталды.Сау болыныздар!

1-топ:

1) Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады?

2) Олар шеген тастарды қайдан әкелуші еді?

3) Тастарды кесуге Еңсепке кім көмектесті?

4) Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды?

5) Ата кәсібі құдық қазу болған қараш руының адамдарының ауыр еңбегінің елге тигізер пайдасы қандай?

6) Құдық орнату үшін қандай тастарды әкелді?

7) Еңсеп не қазды?

8) Әңгіме неден басталды, қалай дамыды, немен аяқталды?

2-топ:

1) Еңсептің ерен еңбегі елге қандай пайда тигізді?

2) Ол неге қуанды?

3) Құдық қазу кәсібі туралы не білесіңдер?

4) Үзінді идеясы не?

5) Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды?

6) Еңсеп қайтыс болғаннан кейін құдық басында кімдер молда апарып, дұға оқытқызды?

7) Құдықтан не шықты?



© 2010-2022