Күз ханшаймы мен ханзадасы 5-7 сынып аралығы

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

























Күз ханшайымы мен ханзадасы

(5-7 сынып)









Тәлімгер: Хамитова Г





2015-2016 оқу жылы

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар!

Есенсіздер ме, есіркеген ата-аналар!

Бармысыздар, жадыраған балалар!

Берекелі Алтын күз құтты болсын!

2-жүргізуші:Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз,

Келіп жетті алтын дәнді сары Күз.

Бірге болып қуанышта бәріңіз,

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.

1-жүргізуші: Күз- мереке, Күз- ырыстың белгісі,

Қайтып барады мекеніне жыл құсы.

Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,

Шат-шадыман халқымыздың тұрмысы.

2-жүргізуші: Қасиетті Күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылық. Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе?

1-жүргізуші: Иә, мен бұл мезгілді Күз деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялды- дей келе ендігі кезекті бүгінгі «Күз ханшайымы мен ханзадасы» атты кешіміздің 5-7 сыныптар арасынан құралған ханшайымымызбен ханзадамызды қошеметтеп қарсы алып, ортаға шақырайық.

2- жүргізуші: Әділқазы, алқасына бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сай әділдікпен шеше біл... дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

- Алдоңғарова Райхан

-Космуратова Гүлбаршын Өтепқызы

-Сапарова Мейрамгүл Бисенбаевна

2-жүргізуші: Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, мән- мағынасына, сөйлеу шеберлігіне, Күзгі киіміне, жүріс-тұрысы тәртібіне де қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді.

1-жүргізуші: Осы сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.

1-Таныстыру (топты таныстырады)

2-Ән көңілдің ажары (Ән айту таңдауға шек қойылмайды)3мин

3-Мың бұралған бишілер (Жұбымен ғана билейді)3мин

4-Сән үлгісі (Өз шығармашылықтарынан бұрын болмаған)2 мин

5- «Күз» тақырыбында үздік плакат байқауы (мағынасын ашу)

6- «Күз сыйы» (Күзгі көкөністерден, жеміс- жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолдары туралы түсіндіру)

Жеребе аламыз (Әр сыныптан бір оқушы келіп жеребе аламыз)

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуанышты күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!-дегендей, қошемет көрсетіп отырайық!

2-жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім

Ақжол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім.

Ендеше бірінші шартымыз. Үміткер топтар өздерін таныстыруы.

(Әділқазылар алқасынан жұптарымыздың бағасын сұрасақ.)

1-жүргізуші: Келістіріп бар сәнін,

Берген өзі табиғат.

Алтын күзді ал енді,

Қарсы алайық жамағат!

Келесі сайысымыз «Ән көңілдің ажары»

(Әділқазылар алқасынан жұптарымыздың бағасын сұрасақ.)

2- жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Үміткерлер, аянбай-ақ жан салыпты.

Құрметті көрермендер келесі сайысымыз «Мың бұралған бишілер» Жұптарымыздың биін тамашалайық

(Әділқазылар алқасынан жұптарымыздың бағасын сұрасақ.)

1-жүргізуші: Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.

2-жүргізуші:Бүгінгі кеш өз мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен- дей келе келесі сайысымыз

Сән үлгісіне кезек берейік.

Әділқазылар алқасынан жұптарымыздың бағасын сұрасақ.

1-жүргізуші:Келесі сайысымыз Күз тақырыбында үздік плакаттар сайысына берсек. Әр бір жұп плакаттарының мағынасын ашсын.

Әділқазылар алқасынан жұптарымыздың бағасын сұрасақ.

2-жүргізуші:Сахна мен төр қалмапты жасанбаған,

Қобалжудан жанарлар жасаураған.

Аптығыңды баса гөр ару қыздар,

Шеберлігің қалмасын жасалмаған.

Ал қазір жұптарымыз үшін келесі сайыс «күз сыйы», бұл жерде қыздар мен ұлдар бір салат жасап, оған ат ойластырады.

Әділқазылар алқасынан жұптарымыздың бағасын сұрасақ.

1-жүргізуші: Құрметті көрермендер «Күз ханшайымы мен ханзадасы» кешін қорытындылау үшін сөз кезегін Әділқазылар алқасына береміз. (Жеңімпаз топты марапаттау. Және ең әдемі Күз ханшайымы мен ең батыл да ержүрек ханзаданы анықтап марапаттау. Мақтау қағаздарымен марапаттау.)

2-жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, болса егер ұғатын.

Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен-күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар...дей отырып сыныптар арасында өткен «Күз ханшайымы мен ханзадасы» атты кешіміз өз мәресіне жетті.

1-жүргізуші: Тамашалағандарыңызға рахмет, сау-саламат болыңыздар!



© 2010-2022