Разработка урока казахского языка в 7 классе на тему: Қазақстан қорықтары

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан қорықтары.             МАҚСАТЫ:                  Білімділік: Қазақстанның   қорықтары  туралы  танымдық  білімін  арттыру  және білетінін  сөйлеу  арқылы  еркін  жеткізу,             сол  білімдерін  әрі    қарай  мәтін, сұхбат  арқылы  қалыптастыру.                        Дамытушылық:          Оқушылардың  ой - өрісін,  есте  сақтау   және      шығармашылық     қабілеттерін  дамыту.Есімдікті   қайталау.                          Тәрбиелік:  Қоршаған  ортаға деген  көзқарастар...
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан қорықтары.

МАҚСАТЫ:

Білімділік: Қазақстанның қорықтары туралы танымдық білімін арттыру және білетінін сөйлеу арқылы еркін жеткізу, сол білімдерін әрі қарай мәтін, сұхбат арқылы қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Есімдікті қайталау.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға , аялауға,сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау әдісі,сұрақ-жауап
Пәнаралық байланысы: жаратылыстану, география,орыс тілі

Көрнекіліктері: Интербелсенді тақта,сызба,Қазақстанньң қорықгар картасы, слайд-фильм, реферат.

САБАҚ БАРЫСЫ.


I..Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу.

ә) кезекшімен сөйлесу.

Б)сыныпқа сәттілік тілеу.

II..Өткен сабақты қайталау:

А) Есімдіктер мағьшасына қарай неше түрге бөлінеді?

1) Жіктеу (личные); 2) Сілтеу (указательные); 3) Сұрау (вопросительные) 4) Өздік (возвратные); 5) Белгісіздік (неопределенные); 6) Болымсыздық (отрицательные); 7) Жалпылау (определительные). Үш балаға карточка беремін:

1 - жіктеу есімдігін септе: Сіз;

2 - сілтеу есімдігін тәуелде: Мынау;

3 - сұрау есімдігін жікте: Кім.

Ә) Қазақстанның таулары. 1) Диалог (екі оқушы).

2) Мазмұны (бір оқушы).

Сабақ барысында үй тапсырмасын қайталаймыз. Табиғат туралы білімімізді тереңдетіп, Қазақстанның мемлекеттік қорықтарын қазақша оқып, түсінік аламыз.

III..Жаңа сабақгы түсіндіру:

Балалар табиғат - адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы мейірін, шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

Қазіргі уақыттағы экологиялық жағдай барша адамзатты алаңдатуда.

Табиғат туралы мына бір өлең жолдарына көңіл аударайық:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дарқандықгы қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

(Қадыр Мырзалиев)

- деп ақын ағамыз жырлағандай, біздің Қазақстан жері қазақгың өзінің мінезіндей көсіліп жатыр.

Табиғаттың қандай тамашаларымен таныстық: Көкшетау өңірі, Үлкен Алматы көлі, өзендер, таулар. Бүгінгі сабақга табиғат тамашаларының бірі қорықгармен танысамыз.

Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар?

Тақгаға шығып атын жазады, картадан көрсетіп, нөмірді іледі.

  1. Ақсу-Жабағылы

  2. Алматы

  3. Қорғалжын

  4. Марқакөл

  5. Барсакелмес

  6. Батыс Алтай

  7. Наурызым

  8. Алакөл

  9. Үстірт

Осылардың ішіндегі Ақсу-Жабағылы қорығымен танысамыз. Кітапты ашыңдар - 56 бет. Алдымен жаңа сөздермен танысамыз.

Жаңа сөздерді интербелсенді тақгадан көрсету:

Сан алуан - бесчисленное множество

Ағады - течет

Тіркеу - регистрировать

Сілеусін - рысь

Лашын - коршун

Көкқұс - синяя птица

Қарақұс - могильник

Шіл - куропатка.

  1. Жаңа сөздерді мұғалім оқып шығады

  2. Екі оқушы оқиды (қазақша - орысша).

  3. Сөздермен сөз тіркесін,сөйлем құрайды.

  4. Мәтінді мәнерлеп тізбекпен оқып шығады.

  5. Мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.


IV.Жаттығу жұмыстары:

  1. топ: Мәтіннен бір сөйлемді теріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау: Ақсу-Жабағылы қорығында түрлі жануарлар мекендейді.

  2. топ: Сөз құрамына талдау: Өзендерінде.

  3. топ: Жіктейді: Табиғат қорғаушысы.

Ақсу-Жабағылы қорығымен таныстық. Енді әрі қарай басқа қорықтармен жұмысымызды жалғастырамыз.

V.Жобалау әдісі бойынша жұмыс.

  1. Барсакелмес қорығы - слайд-фильм.

  2. Марқакөл қорығы - газет шығару.

  3. Батыс Алтай - реферат жазу.

Қорғап тұрған оқушылар, отырғандарға сұрақ қояды.

  1. Барсакелмес: Қандай өсімдіктер сиреп барады? (Жусан, сексеуіл).

  2. Маркакөл: Қандай аңдар қорғауға алынған? (Қоңыр аю, елік, алтай суыры, қоян, жабайы шошқа, борсық, таутеке, арқар, маралдар).

3.Батыс Алтай: «Қызыл кітапқа» қандай аңдар тіркелді?
VI. Қорытындылау, бағалау:

  1. Рефлексия жазу (таратып беремін).

  2. Сызба. Тоғыз қорықгың ортақ мақсаты не? (Үш мақсатты тақгаға жазады)

  1. Табиғат байлықгарын бастапқы қалпына келтіру.

  2. Табиғатты келешекке сақтап калу.

3) Табиғат өзгерістеріне бақылау жасау.

3. Қазақстан қорықтары қандай мақсатпен ашылған?

  1. Қалпына келтіру

  2. Сақтап қалу

  3. Бақылау жасау

VII. Үйге тапсырма:

1) Бірінші деңгей: Аксу-Жабағылы (мазмұндау);

  1. Екінші деңгей: Мазмұндау.

  2. Үшінші деңгей: Диалог, 3 сұрақ-.3 жауап

1,2,3 деңгей: Қорық. сөзін тәуелдеу


© 2010-2022