План коучинг-урока на тему Оценивание

қазіргі кезеңдегі оқу процесіндегі маңызды мәселе бағалау. бұл коучингтің мақсаты бағалау түрлері мен оны қолдану тәсілдерін мұғалімдерге үйрету. коучинг соңында мұғалімдер бағалау түрлерін біледі, және  қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрлерін өз сабақтарында қолдануды үйренеді. сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың оқушының оқу жетістігін арттыру үшін маңызын біледі. мұғалімдер топ болып жұмыс жасай отырып, табыс критерилерін жасап , өзін- өзі бағалау, өзара бағалау, критерийлер бойынша ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг жоспар


Модуль атауы

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Тақырыбы

«бағалау түрлерін тиімді қолдану»

Жалпы мақсаты

Бір сағат ішінде формативті бағалаудың бірнеше түрлерін сабақта тиімді қолдану тәсілін үйренеді.

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, портал материалдары.

Нәтижесі

Сабақ кезеңдерінде қолданылатын формативті бағалау түрлерімен танысады. Қолдану тәсілдерін үйренеді. Критериалды бағалау түсінігі қалыптасады.

Негізгі идея

Бағалау түрлерімен танысып, сабақтарда формативті бағалау түрлерін қолдануға мүмкіндік жасау.

Ресурстар

АКТ презентация,кері байланыс, постер

Оқу әдістері

Топтық жұмыс, блиц кездесу, бір минуттық эссе, 3-2-1 карточкасы

Тапсырмалар

«ішкі және сырқы шеңбер», формативті тест, элективті тест, 3-2-1 карточкасы, еке, топтық тапсырмалар.

Кезеңдер

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

5

Амандасу .

Мұғалімдерді шеңбер бойымен тұрғызып, «ішкі және сырқы шеңбер» техникасын қолданамын. Бағалау туралы өзара пікір алысады.

Ішкі және сыртқы шеңбер- оқушылар екі шеңбер жасап тұрады, ішкі және сыртқы. Балалар бетпе-бет тұрып бір- біріне өтілген материал бойынша сұрақтар қояды. Ішкі шеңбер қозғала отырып, жаңа жұп құрады. Сұрақ қою әрі қарай жалғасады

Сабақтың мақсатымен танысады.Оқу үрдісіне бет бұрады.Мұғалімдер топтасады.Бірлесе жұмыс жасауға ұйымдасады.

ІІ.Негізгі кезең

5 мин

5 мин

5 мин

5 мин

10 мин

5 мин

15 мин

  1. балық суретін салғызу.

  2. өз суретін бағалау

  3. суреттерін ауыстырып, өзара бағалау жүргізу,

  4. бағалауды қалай жүргізгенін, неліктен мұндай баға қойғанын сұрау.

  5. Бағалау критерийлері туралы түсінік беру.

  6. Суретті бағалау критерийін жасау. топтық жұмыс



  1. Топтар өз критерийлерін таныстырады. Жұмыстарды асаған критерийлер бойынша қайта бағалайды. Бағалау бойынша қорытынды жасайды.

  2. Бағалау түрлері слайдпен танысу

Формативті тест алу. Мұғалім оқушыларды топқа бөледі. Әр оқушыға тест сұрақтары жазылған парақтар мен жауап парақтары таратылады. Оқушыларға тест сұрақтарын талқылауға мүмкіндік беріледі. Содан кейін оқушылар өз беттерінше жауап парағын толтырады. Әр оқушының баллы жеке есептеледі. Оқушыларға олардың өздері дұрыс деп есептеген жауаптарын белгілеуге мүмкіндігі бар екенін алын ала ескерту қажет. Жекелеген оқушылар топ шешімімен келіспеуі мүмкін, топтық талқылауда қандайда бір сұрақтың жауабына консенсус болу міндетті емес. Оқушылар уақыт біткенде топтың жауабы ретінде бір жауап ұсына алады. Бұл әдісті сабақ басында өткен тақырыпты еске түсіру үшін де сонымен қатар сабақ соңында жаңа білімді бекіту ретінде қолдануға болады.

Элективті (таңдаулы) тест - Мұғалім әрбір оқушыға «А, В, С, D» әріптері жазылған кесінділерді таратады. Берілген тапсырмаға 20 секунд уақыт беріледі, содан кейін барлығы бірдей жауап беруге, яғни дұрыс жауабы бар нұсқаны көтеруге ұсынады

Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеруге арналған жаттығу - төрт ұяшықтан тұратын кесте құрылады. Ұяшықтарға «түсіндіру», «болжам жасау», «жалпылау», «бағалау» деп жазылып қойылады. Мұғалімдер өздеріне тапсырма түрін таңдайды, таңдалынған ұяшыққа сәйкес сұрақтар қоямын.

Мысалы: мұғалім «түсіндіру» ұяшығын таңдаса онда мынадай сұрақ қоюға болады «критериалды бағалауды қалай түсіндіресің?» немесе оқушы «жалпылау» ұяшығын таңдаса «бүгінгі коучинг сессия бойынша негізгі түсініктерді атап шығыңыз» деп тапсырма беруге болады. «болжам» « формативті бағалау оқушылардың білім сапасын қалай арттырады?» «бағалау» «қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі қандай?»

Балық суретін салып, өз жұмыстарын бағалайды.

өзара бағалау жүргізіп, салыстырады, ой қорытып, өз пікірлерін айтады.

Топтық жұмыс.





Топ болып тест жауабын анықтап, өз жауап нұсқасын жасайды.



Тест тсырмасына жауап береді. Карточкаларды көтеру арқылы жауаптарын көрсетеді.

Ой толғаныс

5

3-2-1 карочкасы

Мен өз әріптестеріме үйрете алатын үш негізгі нәрсе. Өздеріңіз жақсы түсінген үш мәселені(бағалау түрі) жазыңыз.

Менде қалған екі сұрақ.

Бүгін үйренген бағалау түрін сабақта қалай қолданасыз. Бір әдісті қолданылуын жазыңыз.

қорытынды





© 2010-2022