Урок по казакскому языку Осы шақ. Нақ осы шақ 7 сынып

Раздел Другое
Класс -
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казакскому языку Осы шақ. Нақ осы шақ 7 сыныпУрок по казакскому языку Осы шақ. Нақ осы шақ 7 сыныпУрок по казакскому языку Осы шақ. Нақ осы шақ 7 сыныпУрок по казакскому языку Осы шақ. Нақ осы шақ 7 сыныпУрок по казакскому языку Осы шақ. Нақ осы шақ 7 сынып25.01.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Осы шақ. Нақ осы шақ.

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Осы шақтың, нақ осы шақтың мағынасын ұғындыру;

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасамын

Оқушыларды түгелдеймін

Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын (шапалақ арқылы)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Зымыран сұрақтар


  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Етістіктің сұрақтары қандай?

  3. Етістіктің мағыналық түрлерін ата

  4. Көсемшенің және есімшнің жұрнақтары

  5. Тұйық етістік түрлене ме?

  6. Етістіктің шағы дегеніміз не?

  7. Етістіктің неше шағы бар?

Олай болса, біздің бүгінгі өтетінімз Етістіктің шағының бірінші түрі Осы шақ. Нақ осы шақ.

ІІІ.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.

Осы шақ болатын етістіктердің

мағыналық белгілері



Сөйлеп тұрған кездегі Әрдайым болып тұрған кездегі

іс-әрекетті білдіреді дағдылы іс-әрекетті көрсетеді

Түрлері

Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ

Осы шақтың түрлері

Жасалу жолдары

Мысалдар

Нақ осы шақ

Ауыспалы осы шақ

«отыр, тұр, жүр, жатыр» етістіктері арқылы жасалады.

Көсемшенің -а,-е,-й жұрнағынан кейін жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады.

Көріп отыр, жанып тұр, ойнап жүр, көмектесіп жатыр

Айтады, сөйлейді, келеді

Мұғалімдер үйінде не болып жатқаны анық көрінеді.

Ахметов сөйлеп тұр.

Басын біресе оңға, біресе солға бұрып сөйлейді.

Ахметовтің сол жағында Оспанов үстелге жабысып алып, сүйкетіп жазып жатыр. /Б.Соқпақбаев/

Сабақтың маңызды белгілері мен ерекшелігін ажырату.


Нақ осы шақ

Қалып етестіктерінің жіктелу үлгісі


Жақ

отыр

тұр

жүр

жатыр

Жекеше

І

ІІ

ІІІ

отырмын

отырсың

отырсыз

отыр

тұрмын

тұрсың

тұрсыз

тұр

жүрмін

жүрсің

жүрсіз

жүр

жатырмын

жатырсың

жатырсыз

жатыр

Көпше

І

ІІ

ІІІ

отырмыз

отырсыңдар

отырсыздар

отыр

тұрмыз

тұрсыңдар

тұрсыздар

тұр

жүрміз

жүрсіңдер

жүрсіздер

жүр

жатырмыз

жатырсыңдар

жатырсыздар

жатыр

Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі

Жақ

жекеше

көпше

І

ІІ


ІІІ

оқып отырмын

оқып отырсың

оқып отырсыз

оқып отыр

оқып отырмыз

оқып отырсыңдар

оқып отырсыздыр

оқып отыр

Оқулықпен жұмыс. (топтық жұмыс)

І топ -129-жаттығу

ІІ топ -131-жаттығу

ІІІ топ -133-жаттығу

ІV топ -134-жаттығу

Тақтамен жұмыс.

І топ, ІІ топ

Қадірлі ақын, құрметті қонағына Абай қадала қарап қапты.

ІІІ топ, ІV топ -Бұл ұйым ел Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші сипатқа ие болды.

Шығармашылық жұмыс.

І топ - «Сыныптағы осы сәт» шағын мәтін құрастыру

ІІ топ - Менің туған қалам - Орал (эссе)

ІІІ топ - «Мектептегі күндерім» диалог

ІV топ - Сурет салып, сөйлету

Сабақты бекіту.

Жазып отыр , айтып жатыр етістіктерін жіктеу.

Қорытынды.

  • Етістіктің шақтары дегеніміз не?

  • Осы шақтың мағыналық түрлерін ата.

  • Осы шақтың түрлері.

Үйге тапсырма.

  1. Ережені оқу. 132,137-жаттығу

Бағалау. Топ басшысы оқушыларды бағалайды

© 2010-2022