Мағына туралы түсінік. 5-сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні: 29.09.2015.

Сабақтың тақырыбы: Мағына туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыға сөз мағыналарының сипаты туралы тусіндіру.

2.Тәрбиелік: Оқушыны адамгершілікке, ізгілікке баулу.

3.Дамытушылық: Оқушының лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушымен сәлемдесу, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Сөз бен мағына туралы түсінік.

2. 32 -жаттығуды орындау.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын, мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Дыбысталу - сөздің сыртқы қабығы, мағына - сөздің ішкі мазмұны. Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі. Мысалы: үшін, дейін, шейін, таман нақты мағынасы осы күнде жоғалған. Мұндай сөздер басқа мағыналы сөздермен тіркесіп қана қолданылады.

Ал осыған керісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретін де жағдай кездеседі. Мысалы: елу днген сөздің бастапқы түрі елліг болған. Ол бірте - бірте мынадай өзгеріске түскен:

Елліг- еліг - елу.

VІІ.Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс

33-жаттығу

Мәтінен тура мағынадағы сөздерді тауып жаз.

34 - жаттығу

Өз ана тіліңнің байлығы немесе жақсы қасиеттері туралы айтылған өзге халық пікірлерін тауып жазыңдар.

VІІІ . Сабақты қорыту:

Үй тапсырмасын беру. 35 - жаттығу

Мағына туралы түсінік.



© 2010-2022