Урок по казахскому языку на тему Ыстық күндер (3 сынып)

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні……… Сыныбы………

Сабақтың тақырыбы: Ыстық күндер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Лексикалық тақырып бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Сөйлесім әрекетіне жетелеу, сауатты жазуға дағдыландыру.

  2. Қисымды ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

  3. Тәрбиелік мәні бар әңгіме қозғау, адамгершілікке, әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, аралас.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың формасы: жеке, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреті.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу, түгендеу.

ә) сабаққа деген ынталарын байқау.

2. Берілген үй тапсырмасын қалай орындағандарын тексеру. Өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарына жауап алу.

3. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс.

демалады-отдыхают суға шомылады-купаются

барады-едут жақсы көреді-любят

Дәптерлеріне жаздыру,оқыту.

1-тапсырма. Мәтінді оқы, аудар.

Жаз-өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады.

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып айт.

Жазда ________ демалады. Олар ________ , үлкен ___________ , ___________ барады.

Сөйлем құрау.

Урок по казахскому языку на тему Ыстық күндер (3 сынып)

Сергіту сәті.

Белге қолды қоямыз.

Басты оңға бұрамыз,

Басты солға бұрамыз.

4-тапсырма. Жаңылтпашты тез оқып үйрен.

Күн ыстық,

Күнге қыздық,

Суға түстік.

Үздіксіз жүздік.

Сабақты бекіту.

Жазда ауа-райы қандай болады?

Жаз айларын атаңдар.

Үйге тапсырма. 5-6 тапсырма. 141-142 бет.

Бағалау.

© 2010-2022