Ойын -сайыс: 8 Наурыз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Менің анам-әлемдегі ең жақсы адам»
Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау. Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер. Қыз-елдің көркі (ұлттық киімді қыздардың суреттері) Өнер таусылмас азық, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы, ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам , Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Бүгінгі «Менің анам-әлемдегі ең жақсы адам» атты ойын сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Жанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз-әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жан-күйерлері, бүгінгі мектебімізде өткелі отырған " Менің анам-әлемдегі ең жақсы адам " атты сайысқа қош келдіңіздер!
Жүргізуші:

Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа - демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы жанұяларды шақырамыз.
Жүргізуші:
Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасынмен танысайық.
Мұғалім әділқазылар алқасымен таныстырады.


Жүргізуші:
Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.
1. Таныстыру
2. Өнер көрсету
3. Салт- дәстүр көрсету
4. Үй тапсырмасы (Шебер қолдар)
Жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн- жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
" Менің анам-әлемдегі ең жақсы адам " сайысын бастайық біз.
Жүргізуші:
Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық!-
деп, сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.
1-Бөлім Әр отбасы өздерін таныстырады.
2-Бөлім

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі , ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Арулар оянбай-ақ жан салыпты.
Ендігі тамашалайтындарыңыз өнер сайысы.
Жүргізуші:

3-Бөлім

Әдет-ғұрып, салт -дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
(Салт - дәстүр көрсету)
4-Бөлім
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз үй тапсырмасы (шебер қолдар) Яғни анасы мен баласының үйде дайындап әкелген тағамдары.

Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.


Хор : Құттықтаймын мама

Жүргізуші:
Өнер-білім серігің, адам-атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тәмам болды,
Бәрің аман болыңдар, жамағатым!

Қош сау болыңыздар.












№16 лицей-мектебі















Ойын сайысы

Тақырыбы: «Менің анам - әлемдегі ең жақсы адам»

Сыныбы: 0А, 0Б, 0В


Дайындаған: Калаубаева Д.М.



2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022