Сабақтың тақырыбы: Диктант «Таза бұлақ» 8

Күні: 9,10.04.2015                                         8 «а» , «ә»       Сабақтың тақырыбы:  Диктант   «Таза  бұлақ» Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Оқушылардың тақырыптарды меңгергендігін тексеру,     ережелерді естерінде бекіту. Ә) дамытушылығы: Ережелерді тәжірибе жүзінде қолдана білуге       үйрету, сөздік қорларын молайту. Сауаттылығын арттыру.  Б) тәрбиелігі: Оқушыларды ынта қойып тыңдауға, көркем ,      таза жазуға және тыныс белгілеріне мұқият болуға дағдыландыру.   Сабақтың...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 9,10.04.2015 8 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Таза бұлақ»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушылардың тақырыптарды меңгергендігін тексеру,

ережелерді естерінде бекіту.

Ә) дамытушылығы: Ережелерді тәжірибе жүзінде қолдана білуге

үйрету, сөздік қорларын молайту. Сауаттылығын арттыру.

Б) тәрбиелігі: Оқушыларды ынта қойып тыңдауға, көркем ,

таза жазуға және тыныс белгілеріне мұқият болуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: бекіту

Сабақтың типі: жазбаша жұмыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу. Көңіл-күйлеріне назар аудару.

ІІ. Диктант жұмысы.

  • Күннің жадын жаздырту;

  • Диктант тақырыбын жаздырту;

  • Диктант мәтінін оқып беру.

Таза бұлақ .

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы салқын, шыныдай жарқырайды. Айналасындағы ағаштардың жапырағы мол түскендіктен, бұлақ суы салқын әрі таза екен. Біреу су шыққан жердегі үлкен тастың бетіне:

-Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!-деп, жазу жазып қойыпты.

Жолаушылар бұл сөздің мәнін өздерінше шешеді.

Жолаушының бірі саудагер екен. Ол былай деді:

-Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады.Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің.

Екінші жолаушы молда екен. Ол:

-Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені, -деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен.Ол жалаушыларға:

-Адамның бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатынын, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақтаудың керектігін,мәселен, мына бұлаққа қарасаң, күн түссе, күннің, шөп түссе , шөптің сәулесін көретінін, сондықтан көңілдің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екенін айтты.


(145 сөз.) (Ы.Алтынсарин)



© 2010-2022