Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары»

Стресс- жалпы адам өмірінің бір бөлігін құрайды десек қателеспейміз. Адам өмірге шырылдап келген сітте де, өмірден кеткен кезде де басынан стресстік жағдайды өткізеді екен. Шығыстың ерте данасы У.Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз» деп айтқан екен.  Жалпы психология...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».


Ғалымова Рада Маратқызы

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі,

Орал қаласы


«Стресс - бұл басыңызда болған жағдай емес, оны сіз қабылдауыңызда !» Шығу жолы біреу: күрес

Стресс- жалпы адам өмірінің бір бөлігін құрайды десек қателеспейміз. Адам өмірге шырылдап келген сітте де, өмірден кеткен кезде де басынан стресстік жағдайды өткізеді екен. Шығыстың ерте данасы У.Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз» деп айтқан екен.

Жалпы психологиялық терминде стресс ұғымы (ағылшын тілінен аударғанда stress - қатты күйзелу, қысым, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық) - түрлі жағымсыз әсерлерге ағзаның қорғаныш жауап реакциясы ретінде пайда болған эмоциялық күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье.

Бұл инновациялық сабағымды ұсына отырып, студенттерге адамның күйзеліске түсуі, стресс, оның түрлері дистресс, эустресс түрлеріне, негізгі белгілеріне, жауап беру реакцияларына, стрессор, стрестің даму кезеңдері: үрейлену, төзімділік, әлсіреу ұғымдарына талдау жасау арқылы білім қалыптастыра отырып, тапсырмаларды шешу арқылы стресспен күресу және оның алдын алу жолдарын табуға дағдыланамыз.

Ұйымдастыру бөлімінде алдымен студенттер бойындағы қысым, күйзеліс жағдайларына бейімділігін анықтау үшін Зунгенің әдістемесін жүргізіп көреді. Әдістеме 20 сұрақтан тұрады. Жауаптарды оқып сәйкесіне 1-4 аралығында санмен белгілеп, орындап болған соң нәтижені есептеу ережесін түсіндіріп, нәтижесінде берілген жауаптарын қосу арқылы, өздерінің бойындағы күйзеліс, қысым күйін анықтайды. Нәтижесінде 50 ұпайдан кем болса, күйзеліс күйі мүлдем жоқ, ал 50-59 ұпай аралығы жеңіл жағдаяттық немесе невротикалық күйзеліс күйі бар. 60-69 ұпай аралығында болса, жасырын күйзеліс, сыртқы ортаға көрсеткісі келмейді. 70 ұпайдан жоғары шынайы күйзеліс жағдайындасыз.

Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру бөлімінде студенттер гипер мәтіндер арқылы сабақтың жоспарымен танысады. Сабақтың мазмұны бойынша үлестірмелі мәліметтер беріліп, студенттерді 4 топқа бөліп, (1 топ - «Стресс туралы түсінік, пайда болуы», 2 топ- «Стресс түрлері», 3 топ «Стрессор, стресс белгілері», 4 топ- «Стрестің даму кезеңдері») әр бір топқа тақырыпшалар бөлініп беріледі, жаңа материал бойынша үлестірмелі материалдар, тірек-сызбалар ұсынылады.

Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».

Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».

Жаңа тақырып бойынша тірек-сызба, үлестірмелі қосымша материалдар

Студенттер стресс жөніндегі ақпаратпен танысып, өз ойларын ортаға салып, қосымша мәліметтер алады, білімдерін толықтырады. 4 топқа жаңа тақырып бойынша түрлі фото-суреттер беріледі. Үлестірілген фото-суреттерде адамдардың күйзеліс жағдайы бейнеленген, студенттер сурет өз шеберліктерімен не себептен күйзеліске түскендігін айтады. Суретті мұқият қарап, суретті өз түсініктері бойынша мән-мағынасын ашып, түсіндіреді.

Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».

Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».

Студенттерге ұсынылған фото-суреттер

Жаңа материалды мұғалімнің көмегімен бекіту бөлімінде пресс -конференция түрінде өтеді. Пресс-конференцияға келіп түскен көптеген хаттарды, 4 топқа бөліп беріледі. Топ студенттері хаттағы жағдайды образ арқылы өз шығармашылық қабілеттерімен суреттеу қажет. Ал шақырылған психолог, невропатолог, педагог, спортшы мамандары болып жатқан жағдайларға өздерінің салалары бойынша шешу жолдарын ұсынады.

Келген хаттардың үлгілері:

1 хат: Балам үнемі жағымсыз бір ойлардың ішінде жүреді, көңіл-күйі түсіңкі, сол туралы көп ойланып жүрмін. Кейде мүлдем ұйқысы келмейді. Балама қалай көмектесерімді білмеймін? Сізден көмек болса, жауап күтемін.

2 хат: Қазіргі жасөспірімдер өздерінің бос уақыттарын компьютермен өткізеді. Сонымен қатар жай жатып, таңертең ұйқысы қанбай, ағзалары әлсіреп, шаршайды. Сіз бұның алдын алу үшін не істеуге болады?

3 хат: Мен бір құпия жанмын. Менің досым Асланға сынып жетекшіміз Асылгүл апай сабақ үлгерімін төмен неге деңгейіңді көтермейсін- деп ұрысады. Үйіне барса анасы сенің сабағының үлгерімі нашар неге көтермейсің дейді. Ал Аслан екі ортада қалып, қазіргі күйі мүлдем нашар. Мен оған қалай көмектесерімді білмей жүрмін? Сізден көмек сұраймын.

4 хат: Оқушы менде екі айдан кейін мемлекеттік тест болады. Ал мен қатты қорқамын. Байқау тестісінде менің қорыққаннан көзім бұлдырап, аяқ-қолым дірілдеп білгенімнің бәрін ұмытып, абдырап, қаламын. Маған көмек беріңізші?

Студенттер хатты мұқият оқып, образбен мамандарға көрсетеді. Пресс-конференция қонақтары психолог, невропатолог, педагог, спортшы өз мамандықтары бойынша шешу жолын хат жолдаушыға ұсыну арқылы көмектеседі.

«Менің гүл бағым» релаксациялық жаттығу. Оқытушы әуен жіберіп, студенттердің шаршағанын басу, тынығу жаттығуын жүргізеді. Студенттер әуенді тыңдап, оқытушының жай дауыс ырғағымен оқылған сөздерін құлақтарымен тыңдап, көздерін жұму арқылы елестетіп, оқытушының нұсқауымен тыныштандыру жаттығуын орындайды.

Жаңа материалды өз бетімен бекіту бөлімінде 15 сұрақтан құралған тест үлестіріліп жаңа материалды студенттер бекітеді.

Рефлексия.Сабақ барысында өздеріне «Сабақта сізге не жаңалық болды?», «Сабақта сізге не ұнады?», «Не үйрендіңіз?», «Қай жерлерін мүлдем ұқпадыңыз?» т.б. сұрақтарға жауап беру арқылы ойларын біледі.

Студенттердің сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындау барысындағы іс-әрекеттері және тест жауаптары бойынша бағаланады.

«Стресстің алдын алу жолдарына арналған» жаттығулар, тренингтермен танысу, жаңа материалды басқа қосымша оқулықтардан іздеп, білімін толықтыру үйге тапсырма ретінде беріледі.

Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».

Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».Эссе: «Стресс және оның шығу жолдары».


Инновациялық сабақ барысындағы суреттер

Стресстік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шындап, табандылық пен ұстамдылығын, өмір тәжірибесін молайтуға машықтануы қажет. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Тростанецкая Г.Н.Открытый урок нашей общей тревоги.- М.: «Эфлакс»,2003, 65 стр.

2.Петровский А.В. Всегда ли правы родители? Психология воспитания./ - М.:ООО «Издательство Астрель»: ООО «Издательство АСТ»: ЗАО НПП «Ермак», 2003

3. Рутман Э. М.«Надо ли убегать от стресса» М. 1988

4. Эверли Джордж С. «Стресс: природа и лечение» М. 1985

5.Чирков Ю. Г. «Стресс без стресса»М. 1988


© 2010-2022