Диалект сөздер 5-сынып

"Диалект сөздер" тақырыбындағы сабақ жоспары 5-сынып оқушыларына арналған. Диалект сөздер- қазақ тіл білімінде ерекше сөздер болып саналады. Диалект сөздер- белгілі бір жердегі (аймақ, облыс,аудан) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынд...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Абай Құнанбаев атындағы № 3 орта мектебі

Пән мұғалімі: Болатбек Динара Болатбекқызы

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Диалект сөздер туралы түсінік бере отырып, практикалық жұмыстар орындау арқылы оқушылардың білімдерін меңгерту.

  2. Түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың ой өрісін, есте сақтау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, шығармашылық

Пәнаралық байланыс: қоғам, тарих

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ. Өткенді қайталау

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Лексика тіл білімінің қандай саласы?

  2. Көнерген сөздер мен жаңа сөздердің айырмашылығы қандай?

  3. Кірме сөздкердің ерекшелігі бар ма?

  4. Тұрақты сөз тіркестері неліктен бір мағынаға ие болады?

  5. Сөздік қорға мысалдар келтіріңдер.

  6. Эвфемизм мен дисфемизмнің айырмашылығы неде?

  7. Табу сөздердің қандай тәрбиелік мәні бар?

ІІІ.Жаңа сабақ

Топтық жұмыс. Сынып «санамалау» әдісі арқылы топқа бөлінеді. Әр топ диалект сөздер туралы оқиды. Өздерінің түсінгендерін айтады. Бір-біріне сұрақтар қояды.

Диалект сөздер- белгілі бір жердегі (аймақ, облыс,аудан) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады.

Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла-тыңда, құдағай-құдағи, бережақ-берешек, келулі- келді т.б.

ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту

Топтық жұмыс.

  1. 185-жаттығу, 83-бет. Шарты: жаттығуда берілген қандай диалект сөздердің әдеби тілге енгендігін біліп алыңдар.Олармен сөйлем құраңдар.

  2. 186-жаттығу,83-бет. Шарты: сөйлемдердегі диалект сөздерді табыңдар.

  3. Шығармашылық тапсырма. Диалект сөздерді қатыстырып диалог құраңдар. (ауызша)

  4. Сөздерге дыбыстық талдау жүргізу. (сым, тәте, кеуірт)

  5. Суреттерге қарап диалект сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Шығармашылық тапсырма

Әр топ диалект сөздерді қолдана отырып, қысқа қызықты әңгіме жазады. Диалект сөздердің қолдану ерекшелігін түсіндіреді.

Оқушылар жұмыс жасау барысында «Диалект сөздер» сөздігін қолданады.

Ү.Бекіту

Әр топ бүгінгі тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Мысалдар келтіреді. Бүгінгі өмірмен байланыстырады.

ҮІ. Үй тапсырмасын беру

188-жаттығу,84-бет.

ҮІІ.Бағалау



© 2010-2022