Осы шақ (7 сынып)

      Сабақтың мақсаты:     Оқушыларға осы шақ туралы түсінік беру.      Міндеттері:     Етістіктің шақтарын айыра біліп, сөйлеу тілінде дұрыс қолдана білуге үйрету.     Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу.Ойлау қабілеттерін арттыру.     Отаншылдыққа,елін,тілін сүюге тәрбиелеу.           Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту   Сабатың әдісі: түсіндіру СТО стратегиялары           Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық                       Сабақтың б...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Осы шақ

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға осы шақ туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Етістіктің шақтарын айыра біліп, сөйлеу тілінде дұрыс қолдана білуге үйрету.

  • Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу.Ойлау қабілеттерін арттыру.

  • Отаншылдыққа,елін,тілін сүюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабатың әдісі: түсіндіру СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

II.Үй тапсырмаларын тексеру

104-жаттығу,105-жаттығу сұралып,ұй тапсырмасы сұралған оқушыларға қосымша сұрақтар қойылды.

III.Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі

Оқушылардан қазақ тілінде неше сөз табы бар және олардан қай сөз таптарымен танысқандығың сұрап,бүгін етістіктің шақ категориясы, оның ішінде бір түріне тоқталатындығымызды айтамын.Сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын ашамыз.

Сөзжұмбақ шешу

1 Жіктеу есімдігі

2 Сөз табы

3 «Тұр» сөзінің антонимі

4 Етістік категориясы

5 Ел ордасы

6 Сөздің көркі









Сабақтың тақырыбын жаздырып ,сабақтың мақсат міндеттерімен таныстырамын.

Ой қозғау стратегиясы

  • Етістік дегеніміз не?

  • Етістіктің шағы дегеніміз не?

  • Етістіктің шағы нешеге бөлінеді?

  • Етістіктің шағы қалай жасалады?


Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:

  • сөйлеп тұрған кездегі іс-әректті білдіреді;

  • әрдайым болып тұрған кездегі дағдылы іс-әрекетті көрсетеді.

1.Трактор жер жыртып жүр. Нұрлан хат жазып отыр. Мал өрісте жатыр.

2.Трактор жер жыртады. Нұрлан хат жазып тұрады. Мал өрісте жатады.

Мағынаны ажырату стратегиясы

Етістік шақтарына арналған мысалдар

1.Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.

Ерінбеген етікші болады.

Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер.(мақал)

2.Амандық болса, талай кездесерміз,-деді де, Света

тез шығып кетті.Мен орнымда сілейіп тұрып

қалыппын.Дуня апай барып есік ашып жатыр.

Бұл сөйлемдердегі етістіктер жіктеу тұлғасымен берілгенің байқап отырсыңдар ма?Кім айтады,етістіктер нешінші жақта,қай шақта тұр?

IV.Оқулықпен жұмыс

106-жаттығу

Осы шақ

Қандай тұлғада келген ?

Өткен шақ

Келер шақ


Бес оқушыға жапырақта жасырылған сұрақтар таратылады.Жауап алынады.

V.Логикалық ой қорытындысы:

оқушылардың ереже-тұжырымдарды қорытып айтуы

-Балалар,сонымен осы шақ дегеніміз не ?

VI.Бекіту

Инсерт әдісі

Не білеміз?

Не білдік?

Не білгіміз келеді?

VII.Үйге тапсырма:

106-жаттығу (II бөлім)

Ережелерді қайталау.

VIII.Оқушыларды бағалау


© 2010-2022