Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған тест

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тест №1 Оқушының аты-жөні __________________сыныбы _____

І нұсқа

1.Қазақ әліпбиіндегі әріптер саны:

A) 40 B) 32 C) 36 D) 41 E) 42

2. Ашық дауысты дыбысты табыңыз.
A) А, Ә. B) Ы, І. C) Ұ, У. D) Ү, Й. E) Ы, У.
3. "Ң" дауыссыз дыбысының қандай екенін анықтаңыз.
A) Қатаң дауыссыз дыбыс. B) Ұяң дауыссыз дыбыс.
C) Үнді дауыссыз дыбыс. D) Жуан дауыссыз дыбыс.
E) Жіңішке сөзге ғана жазылатын дауыссыз.
4.Қазақ тілінде буын түрлерінің саны:

A) 1 B) 5 C) 3 D) 2 E) 7

5.Тұйық буынды анықтаңыз.
A) Ас. B) Жұрт. C) Ұран. D) Дала. E) Қант.

6. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік. В) Жіктік. D) Көптік. C) Тәуелдік. Е) Етістік.
7. Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз..
A) Қал-алық. B) Тәу-елді.
C) А.С.- Пушкин. D) Арық-тау. E) бар-ады.
8.Сан есім деген не?

A) заттың түрін, түсін білдіретін сөздер

B) заттың атын білдіретін сөздер
C) заттың сынын білдіретін сөздер

D) заттың қимылын білдіретін сөздер
E) заттың санын, ретін білдіретін сөздер

9. Етістік жауап беретін сұрақтар:

A) кім? Не? B) кімнің? ненің?
C) не істеді? не қылды? қайтты? D) қанша? неше? нешінші? E) қандай? Қай?

10. Жалпы есімді тап

A) Алматы B) Отбасы C) Қарасай D) Балқаш E) Іле

11. Мақал - мәтелді аяқта: Баланың бас ұстазы -

A) оқушы B) достар C) ата- ана D) көше E) ұстаз

12. Тәуелдік жалғауларды белгіле:

А) -ның, -нің, -дың, -дің,- тың,- тің

В) -м, -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і

С) -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер D) - да,-де, -та,- те,-нда,- нде
E) - мын, - мін, - сың, - сың, - сыз, - сіз

13. Көптік жалғауы бар сөзді табыңыз:

A) баланың B) баланы C) баланікі D) балалар E) балаша

14. Ілік септікте тұрған сөзді тап

A) мектеп B) досың C) адамға D) балалар Е) отбасының

15. Қате жазылған сөз.
А) Айдана В) Өнерпаз С) Сезымтал D) Кітап Е) Денсаулық

16. Қате жазылған сөйлемді көрсетіңіз
A) Мен хат жаздық B) Сен қонаққа келесің бе?
C) Сіз музыка тыңдайсыз D) Сабақтан кейін біз үйге қайтамыз.
E) Ол ереже жаттайды

17. Сөйлемді жалғастырыңыз: «Электронды пошта мынадай ақпарат түрлерін тасымалдайды: ...»
A) оның жылдамдығы B) сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс.
C) кәдімгі поштаға ұқсас D) аса маңызды ақпарат ресурсы
E) үш бөліктен тұрады

18. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Бас, аяқ. В) Мұғалім, оқушы.
С) Дос, дұшпан D) Әдемі, сұлу. Е) Үлкен, кіші.

19.ҚР Мемлекеттік Туының авторын анықтаңыз.
А) М. Әлімбаев. В) Ш.Уәлиханов С) Ш. Ниязбеков. D) Қ. Мырза - Әли Е) Ж. Мәлібекұлы.

20.Реттік сан есімді табыңыз.
А) Он бір. В) Үш- үштен. С) бесеу D) Он бірінші Е) Отыз

21.Тәуелдеулі зат есімді көрсетіңіз.
А) Дәрі С) ағам В) Еденде D) шахтермін Е) жапырақпен

22.Жалқы есімді көрсетіңіз
А) Сырғанау С ) Киім В) Шымкент D) Дәптер. Е)Қызыл

23.Б,в,г,ғ,д,ж,з дауыссыздары:
А) қысаң; Ә) қатаң; В) үнді; D) үнсіз; Е) ұяң

24. «Пошта» деген сөзде дауысты дыбыс саны:

А) 1; Ә) 2; В)3; D) 4; Е) 5
25. Мына сөз қай септікте тұр: асханаға
A) жатыс септік B) атау септік С) ілік септік
D) барыс септік Е) көмектес септік

Тест №1 Оқушының аты-жөні ___________________сыныбы _____

ІІ нұсқа

1.Қазақ тіліндегі дыбыстар саны:

A) 40 B) 32 C) 37 D) 41 E) 42

2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
A) б,в,с B) д,ф,м, C) з,и,к D) п,ф,к E) ж,к,х

3."Б" дауыссыз дыбысының қандай екенін анықтаңыз.
A) Қатаң дауыссыз дыбыс. B) Ұяң дауыссыз дыбыс.
C) Үнді дауыссыз дыбыс. D) Жуан дауыссыз дыбыс.
E) Жіңішке сөзге ғана жазылатын дауыссыз.

4.«О» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жіңішке дауысты. В) Езулік дауысты. С) Дауыссыз дыбыс D) Ашық дауысты, Е) Қысаң дауысты.
5. Қазақ тіліндегі септіктер саны:

A) 1 B) 5 C) 3 D) 2 E) 7

6.Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.
A) Төзімді. B) әділ. C) балаларды D) жақсылық. E) От.
7.Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз..
A) Мекте- птің. B) Тау-ық.
C) М.О.-Әуезов. D) бала-ның. E) оқ-у
8. Зат есім деген не?

A) заттың санын білдіретін сөздер
B) заттың атын білдіретін сөздер
C) заттың сынын білдіретін сөздер
D) заттың қимылын білдіретін сөздер
E) заттың түсін білдіретін сөздер

9. Сан есім жауап беретін сұрақтар:

A) кім? Не? B) кімнің? Ненің?
C) не істеді? Не қылды? Қайтты? D) қанша? Неше? Нешінші?
E) қандай? Қай?

10. Жалқы есімді тап

A) өзен B) мектеп C) ақыл D) Дәулет E) су

11.Мақал - мәтелді аяқта: Үлкен бастар, кіші ......

A) жалғар B) достар C) қостар D) тастар E) тұрар

12. Көптік жалғауларды белгіле:

А) -ның, -нің, -дың, -дің,- тың,- тің

В) -м, -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, - іңіз, -ы, -і

С) -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер

D) - да,-де, -та,- те,-нда,- нде
E) - мын, - мін, - сың, - сың, - сыз, - сіз

13.Тәуелдік жалғауы бар сөзді табыңыз:

A) анаға B) аналар C) анаң D) ананың E) анада

14. Жатыс септікте тұрған сөзді тап

A) қалаға B) мектептің C) әжемен D) Сәуледе E) жұмысшы

15. Қате жазылған сөз.
А) Айдана В) Өнерпаз С) Сезімтал Д) Кітап Е) қамқорші

16. Қате жазылған сөйлемді көрсетіңіз
A) Менің әжем қонаққа келді. B) Біз мектепке барамыз.
C) Мен жаңа сөздер жаттадыңыз. D) Сен үйге қайтасың ба?
E) Сендер далаға шығыңдар.

17. Сөйлемді жалғастырыңыз: «Мен ұялы телефонды …..»
A) сабақта сөндіріп қоямын B) ұзақ пайдалану шаршатады.
C) суретке түсіремін D) мұғалім ескерту жасайды
E) интернетке кіремін

18. Есептік сан есімді табыңыз.
A) Төртінші B) Сегізінші С) Он D) Үш - үштен Е) Алтау.

19.Жалпы есімді табыңыз.
А) Қала С) Атырау В) Алатау D) Айнұр Е) Әуезов

20.Заттың түрін, сапасын, түсін білдіретін сөздерді ... дейміз.
A) етістік B) есімдік С) зат есім D) сан есім Е) сын есім
21.Мына сөздердің жалғаулары (әжем, атам, кітабым) қандай:
A) жіктік жалғау B) көптік жалғау С) тәуелдік жалғау
D) септік жалғау Е) жалғау жоқ
22.Мына сөз қай септікте тұр: Әкеде
A) Жатыс септік B) атау септік С) ілік септік
D) барыс септік Е) көмектес септік

23. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторларын анықтаңыз.
А) М. Әлімбаев В) Ш. Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов
С) Ш. Ниязбеков. D) Қ. Мырза Әли
Е) Ж.Мәлібекұлы, Ш. Уәлиханов

24. Қазақстанның елордасы қай қала?
А) Талдықорған В)Түркістан С) Қызылорда

D) Қарағанды Е) Астана

25. «Дәрумен» деген сөзде дауыссыз дыбыс саны:

А) 1; Ә) 2; В)3; D) 4; Е) 5

© 2010-2022