Тірек сызбалар арқылы қазақ тілінің грамматикасын оқыту

Мурзабулатова Айганша Нұрғалиқызы Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Январцев ЖОББ мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.   Тірек сызбалар арқылы қазақ тілінің грамматикасын оқыту.        Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды  әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.        Осыған байланысты қазақ тілің нәтижелі үйрену үшін, оның оқыту әдістемесін жете түсіну – үлкен мәселе. Қазақ тілінің грамм...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мурзабулатова Айганша Нұрғалиқызы

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы

Январцев ЖОББ мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Тірек сызбалар арқылы қазақ тілінің грамматикасын оқыту.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру - заман талабы.

Осыған байланысты қазақ тілің нәтижелі үйрену үшін, оның оқыту әдістемесін жете түсіну - үлкен мәселе. Қазақ тілінің грамматикасын оқытуда, менің ойымша, оқушының сөйлеу тілін дамыту тек ауызша, ауызекі сөйлеу, жаңа сөздерді немесе сөз тіркестерін жаттап айту, мәтінмен жұмыс, оқу, сұраққа жауап беру, суретпен әңгіме құрастыру, тапсырмаларды ауызша орындаумен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ тілінде сауатты , жақсы, жетік сөйлеу үшін сөздерді бір - бірімен байланыстырып қана қоймай, сауатты жаза білу де міндет. Сауатты жаза білуді қалыптастыруда мұғалім оқушыға жазу, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастурымен қатар, жазылым арқылы ауызекі сөйлеу тілін де дамытады. Сауатты, дұрыс жазу талабы - емле ережесін сақтау. Сондықтан оқышуға жазудағы сауаттылықты, емле мен тыныс белгілерін дұрыс қолданыту үйрету - басты міндет.

Осыған орай, оқушыларға сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі мен сөйлемдердің жасалу жолдарын меңгеру негізі мақсаттың бірі болып табылады. Өйткені сөйлемсіз ойды жеткізу мүмкін емес. Сөйлемнің бәрі сөзден құралады. Бұл мақсатқа жету үшін, оқушыға грамматикадан теориялық мәлімет беру жеткілсіз. Грамматикадан алған мәліметті оқушыға сөз бен сөзді байланыстыруда, сөйлем құрауда қолдануға қажет. Сол арқылы тілдің грамматикалық құрылысы бойынша сөйлеу - жазу дағдысын берік қалыптастыру негізі болып саналады. Сонда ғана оқушы өз ойын қазақша дұрыс жеткізумен бірге, басқаның да айтқанын түсіне алады. Сондықтан мен грамматиканы оқытқанда тірек сызба конспектілеріне көп көңіл бөлемін.

«Жалғаулар» тақырыбын өткенде тірек сызба жасаймын. Тірек сызбаларды оқушылар 5- сыныпта меңгеріп, 11 - сыныпқа дейін қолдана алады. Тірек бел гілерін өзім құрастырамын. Мысалы:

1-ұяң дыбыстар

2-қатаң дыбыстар

3-үнді дыбыстар

4-дауысты дыбыстар

͡ -түбір белгісі

? -жіңішке белгісі

5- сыныпта «Зат есімнің көптік жалғауы» деген тақырыпты өткенде, келесі тірек сызба арқылы сабақты түсіндіремін.

  1. ͡ 1,3+дар; қыз+дар

  2. ͡ 2 +тар; кітап+тар

  3. ͡ 4, й , р+лар бала+лар, ой+лар

͡ 4, й, р+лер әже+лер, үй+лер

Тірек сызба конспектілеріне қарап оқушылар жаттаған ережелерді естеріне түсіріп, мысал келтіре алады. Осы тірек белгілерді басқа грамматикалық тақырыптарды өткенде де пайдалануға болады. Мысалы:

-Сын есімнің шырайлары;

-Етістіктің шақтары;

-Тәуелдік, жіктік жалғаулар.

Оқушылар көрнекі құралсыз тек ауызша айтылған анықтаманы түсінбейді, түсінбеген нәрсесін тыңдамайды, содан барып сабаққа деген зейін жоғалады. Сондықтан да тірек сызбаларды сабақта қолданудың маңызы зор.



© 2010-2022