Жұмекен Нәжімеденов 5-сынып

Жұмекен Нәжімеденов 5-сынып "Сен ақылды болсаң екен"
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 25.04

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен», «Жаманыңды көрмесем»

Сабақтың мақсаты:

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға Ж.Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, «Сен ақылды болсаң екен...», «Жаманыңды көрмесем» өлеңдерінің мазмұнын меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Ж.Нәжімеденовтың портреті, слайд, интербелсенді тақта, бейнежазба

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

4. Топқа бөлу. (ЖАН)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

«Түбi бiрге туысым», «Менiң тұлпарым», «Бәрiмiз де туыспыз» шығарма жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Туған жері

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,Қошалақ ауылы.

Қызметі

ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Білімі

Құрманғазы ат.консерваториясында, Мәскеуде жоғары әдеби курсты аяқтаған.

Қызметі

Қарағандыда қарапайым шахтердан бастаған.

Шығармалары

Он өлеңдер жинағы, аудармалары, кейінен өлеңдер жинағы т.б.

1935-1983жж Атырау облысы, Теңіз ауданы,

Ж.НәжімеденовҚошалақ ауылы

Әнұранның авторы көрнекті ақын,

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Поззия әлеміне саяхат. Өлеңді мәнерлеп оқыту

Екі жақты түсіндірмелі күнделік (Үш топқа парақша беріледі, өз ойларын қорғайды)

Осы өлеңнің маған әсер еткен шумағы

Неліктен ол маған әсер етті?


Өлең құрылысына талдау

«Сен ақылды болсаң екен...»

4 шумақты, 4 тармақты, 12 буынды, ааба қара өлең ұйқасы

«Жаманыңды көрмесем»

2 шумақты, 4тармақты, 12 буынды, 3 бунақты, ааба қара өлең ұйқасымен жазылған.

Топтастыру «Адам бойындағы іс-әрекет»

Жаман

Жақсы


Шығармашылық жұмыс

а)Ақылдылық туралы шағын эссе жазады.

ә) Ақылды сөзінен бірнеше сөз шығару(ақ, ақы, қыл, лақ, алды, ақыл, ал)

б) Ақыл туралы мақал-мәтел айту.

«Менің адамдарға тілегім» ойтолғау

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

·Жақсылық жасау дегенді қалай түсіндік?

·Ақын тілегін қалай жеткізген?

·Жақсы адам болу қиын ба?

Сергіту сәті. (Қимыл-қозғалыспен көрсетеді)

Мынау - менің жүрегім, бәрі осыдан басталған,

Мынау - басым ақылды, бар жақсыны басқарған.

Мынау - менің оң қолым, мынау - менің сол қолым,

Барлық істі басқарған.

Жақсы адам боп өскенде, жақсылықпен мақтанам!

V. Бағалау.

Өзін-өзі бағалау әдісі арқылы оқушыны бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы.

1. Жұмекен Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы

2. « Сен ақылды болсаң екен… » өлеңін жаттау


Айтқызған - жамандықтың белгісі,

Қамшылатқан - шабандықтың белгісі.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,

Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.

Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ.

Адам туа жаман болмайды,

Жүре жаман болады.

Адамға қылсаң жақсылық,

Жақсылық білмес кей заңғар.

Жақсылыққа жамандық жасайтын,

Дүниеде бейиман көп жандар.

Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.

Екі жаман ауыл болмас,

Ауыл болса қауым болмас.

Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас.

Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас.

Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл,

Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл.

Арық малды асырасаң аузы-мұрның май болар,

Жаман адамды асырасаң аузы-мұрның қан болар.

Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды,

Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды.

Жақсы арына құл, жаман малына құл.

Арықпенен семіздің бауыры бірдей,

Жақсыменен жаманның жаны бірдей.

Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,

Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да ондырмас.

Атасы жақсы, көргенін айтады,

Атасы жаман, бергенін айтады.

Әркім жолдас болады амандықта,

жаман тастап кетеді жамандықта.

Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.

Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма,

Жақсының атын естіп үйіне барма.

Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,

Бір жақсы мың қолды ерітеді.

Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар,

Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар.

Бір сынаған жаманды, екі қайтып сынама,

Өлшеп-пішпей шамаңды, құр жаныңды қинама.

Бітер істің басына, жақсы келсін қасына.

Бұқаның өзі қартайса да, өзі қартаймайды,

Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды.

Жақсы болсаң жаның көп.

Жақсы адам жолдасынан белгілі.

Бұлттан шыққан күн ащы,

Жаман қатынның тілі ащы.

Ескіге жаңа өлшеуіш,

Жаманға жақсы өлшеуіш

Жақсы адам елдің ырысы,

Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы туса елдің ырысы,

Жаңбыр жауса жердің ырысы.

Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды.

Жақсыда жаттық жоқ,

Жаманда жақындық жоқ.

Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің.

Жақсы көргенін мақтап жүрер,

Жаман көргенін даттап жүрер.

Жақсы іске келді, жаман асқа келді.

Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,

Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.

Жақсы көпке құлық қылмайды, азға зорлық қылмайды.

Жақсы көрісіп келіседі,

Жаман келісіп керіседі.

Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші,

Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші.

Жақсы қыдырып жүрер,

Қыдыры артынан шұбырып жүрер.

Жақсы қырқында толады,

Жаман қырқында солады.

Жақсы қартайсад да, ақылынан танбас,

Жаман ат қартайса да, жүрісінен танбас.

Жақсы кісі текшіл,

Жаман кісі кекшіл.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Жақсы - суы тәтті көлмен тең,

Жаман - желі қатты шөлмен тең.

Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,

Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.

Жақсының қадірін жақсы білер.

Жақсы болсаң - озарсың,

Жаман болсаң - азарсың.

Жақсы сынаумен жариды,

Жаман сынаумен қариды.

Жақсы мақтанса, есебін табар,

Жаман мақтанса, қатынын сабар.

Жақсыға берсең асыңды,

жақсы сыйлар басыңды.

Жаманға берсең асыңды,

итке тастар басыңды.

Жақсыменен жарыққа кім қарамайды.

Жақсы өзін қосып сөйлейді,

Жаман босқа бөсіп сөйлейді.

Жақсыны жаман десең, аққудай мойнын созады,

Жаманды жаман десең, аяғынан тозады.

Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді,

Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді.


© 2010-2022