Поурочный план на тему: Менің сүйікті пәндерім 4 класс

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып

" "_______________

Сабақтың тақырыбы:Менің сүйікті пәндерім

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жуан және жіңішке сөздерді ажыратуға машықтандыру, сауатты сөйлеуге және жазуға үйрету..Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, Сабақтың түрі: жаңа сабақ. . Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.Бүгін аптаның қай күні? Қазір қай жыл мезгілі? Бүгін қазанның нешесі?II. Сөздік жұмысы. Ақын -поэт Жазушы -писатель Пән -предмет Күнтізбе -календарь Еңбек -труд Ұстаз-педагог Тәрбиеші -воспитательIII. Жаңа сабақ Жылулық шеңбері

Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Жер-ана! Амансың ба, достарым, Сендерді көрсем қуанам.

1-жаттығу:Оқы,аудар.Қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қой.Сөйлемдерді аудар.

Мен төртінші сыныпта оқимын.Менің сүйікті пәндерім-қазақ тілі,әдебиеттік оқу,математика,бейнелеу өнері.Қазақ тілі сабағында біз дұрыс сөйлеуді,сөздерді аударуды үйренеміз.Әдебиеттік оқу сабағында біз көптеген ақын-жазушылармен танысамыз.Бұл сабақта мен өлең оқуды жақсы көремін.Математика сабағында түрлі есептерді шығаруды үйрендік.Ал бейнелеу өнерінде портрет,пейзаж және түрлі тақырыпта қызықты суреттер саламыз.

Жұптық жұмыс

Бүгінгі жаңа сөздерді және оқыған мәтінді пайдаланып,шағын диалогтар құрастырыңдар.өз сүйікті пәндерің туралы сұрақ қойып,сол сабақта не істейсіңдер,соны бір-біріңнен сұраңдар.

"Адасқан әріптер" ойыны

ТЕМАТИМАКА АҚАҚЗ ІТЛІ РЫСО ІЛІТ АНЫҒШЫЛ ЛІІТ ТҮДИАНУЕН АЗЫМКУ

2 тапсырма:Топтық жұмысСурет бойынша сөйлемдер құрастыру. "Кім қандай пәнді ұнатады?"

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымыздан жел еседі. Кішкентай ғана ағаштар, Үлкен болып өседі.3 -тапсырма : Сұрақтарға жауап бер

1.Сен қай пәнді ұнатасың? Неліктен? 2. Қай пәндер сен үшін қиын? 3."Қазақ тілі " пәнін оқып-үйрену саған не үшін керек? 4.Қандай пәндерде сабақ қызық өтеді? Оның себебі не?

Дұрыс, дұрыс еместігін белгілеңдер

Дұрыс

Дұрыс емес

Қазақ тілі сабағында суреттер саламыз

Математика сабағында есеп шығарамыз

Әдебиеттік оқу сабағында өлең жаттаймыз

Бейнелеу өнері сабағында сөздерді аударамыз



Үй тапсырмасы: 2-жаттығу.14 бет.

IV. Сабақты бекіту.

V. Сабақты қорытындылау



© 2010-2022