Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы.

Жакупова Марзия Саментовна


№ 1 орта мектебі

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

Егемен еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда шағын жинақталған мектебінің де қосар үлесі мол. Өркениетті елдер деңгейіндегі білім беру, ойлауы қабілетті, рухани байлығы жоғары, мәдениетті, бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мұғалімдердің басты мақсаты болып табылады. Шағын жинақталған мектептің беделін көтеру, педагог мамандарды бүгінгі өмірге бейімді және жаңа талапқа сай деңгейде даярлау,сонымен бірге мұндай мектептің жұмысын жақсарту, оқу-тәрбие сапасын көтеру - әлеуметтік-экономикалық әрі педагогикалық мәселе болып табылады. Оқушылардың сапалы білім алуына мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет.
Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық - жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.

Қазіргі таңда мемлекетімізде ауыл жұртшылығының демографиялық ахуалының өзгеруіне байланысты мектептерде бала саны азайып, шағын жинақты мектептер саны, оның ішінде қосарланған сынып сандары көбеюде. Біздің мектепте де оқушы саны аздығына байланысты, қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары тек қосарланған сыныптарда оқытылады. Шағын жинақталған мектептердегі қосарланған сыныптарда оқушылардың білім сапасын және шығармашылық қабілеттерін арттыру әр ауыл мұғалімінің көкейтесті мәселесі болып табылып отыр. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Ауыл - бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы біздің ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауды талап етеді» деп атап көрсетті. Біздің мектептің алға қойған өзекті мәселесі: «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру». Осы мәселе негізінде әдістеме бірлестігі, оның ішінде әр пән мұғалімі өз алдына шешуді қажет ететін өзекті мәселелер қойды. Менің алдыма қойылған өзекті мәселем «Қосарланған сынып жанашылдық пен шығармашылық әдіс - тәсілдері арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, білім денгейін көтеру». Бұл мәселені шешу үшін мен өз денгейімді, сонымен қатар оқушылардың денгейін ескере келе алдыма мақсат пен міндеттерді қоюды жөн санадым.

Міндетім:
-Өзімнің теориялық білімді күнделікті заман талабына сәйкес етіп жетілдіру.
-Жаңа оқу технологияларының элементтерін тиімді пайдалану.
-Сабақ жоспарлары бойынша түрлендіріп, оқушы білімінің сапасын арттыруға негіздеу.

-Сабақта пайдаланатын қажетті көрнекілік құрал жабдықтардың, сонымен қатар талапқа сай болуын ескеру.

Мақсатым:
-Біріктірілген сыныптардағы әр оқушының алған білім денгейі мемлекеттік білім стандартына негізделген және бағдарламаға сәйкес болуын көздеу.

-Оқушылардың шығармашылық денгейін арттырып, өз беттерінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Ата аналармен тығыз карым - қатынас құру арқылы оқушылардың саналы да тәртіпті шәкірт болуын қалыптастыру, тапсырмаларын орындау барысында жоғары денгейдегі тапсырмаларды орындауға жетекшілік етемін. Бұл мәселе, біріктірілген сыныптар үшін оңай емес, бір 45 минут ішінде екі сыныпқа бірдей білім мазмұнынын толық жақты болуы талап етеді. Мұғалім, яғни ұстаз өз білімділігімен шығармашылық әрекетін толық көрсетіп, балаға берген білімі мол болса, оқушы да оны қабылдап алуға мүмкіндігі болады. Дәлірек айтсақ, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойлаумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне де мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.

Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.

Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты - сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде - динамикалық
құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму тенденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.
Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез - келген әрекет талдаудан басталады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушыларды талдауға үйретуде тәсілдер жүйесін мақсатты түрде пайдалана білген жөн. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізі. Демек әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз.

Ал, ең бастысы оқушының психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған жөн.

Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік - білім беру - тәрбие -даму - қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.
Сабақты дамытудың басқа тенденциясы сабақты өмірлік маңызды мазмұнмен толықтыруда, оқытуды оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған байланысты сабақ танымның арнайы ұйымдастырылған формасы болып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан алғанда толыққанды араласу болып табылады. Ол танымдық мүддені, оқуға және дамытуға белсенді оң қатынас қалыптастыруға бағытталған, оқу қызметінің өзгеше коммуникативтік фонын қамтамасыз ету құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның пайда болуы оқытудың сұхбаттық формасын (әңгіме, талқылау, пікірталас), проблемалық элементтерін, оқу жұмыстарының фронтальды, топтық және жекелей формаларын сабақтастыруды кеңінен пайдалану және оқытудың топтық, ұжымдық формасының үлесін кеңейту болып табылады.

Шағын жинақты бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз болғандықтан, оқушылардың сабақ үстінде бір біріне аландайтындары белгілі. Шағын жинақты мектептің көпшілігіне тән жағдай бір ғана мұғалім басқаратын қосарланған сыныптың сабақ процесі. Мұндай сабақты өткізу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Сөз соңында өз ойымды белгілі педогог К. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.




































Әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: - Алматы, 1999.

ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, РОНД, 2002.

Қазақстан Республикасы бастауыш жалпы білім беру Мемлекеттік стандарты. Қазақстан Респуликасының Білім және Ғылым Министрлігі «Білім» Мемлекеттік бағдарламасы - Алматы: 2000.

Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Ш ЖБМ педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы-Алм.-2010-оқу құралы

Сламбекова Н.М. Шағын комплектілі бастауыш мектепте жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту әдістемесі. П.ғ.к. ...... диссертация. - Алматы, 2001.

Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. - Алматы, 2001.

Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. - Алматы, 2001.

Астамбаева Ж.Қ. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы. - Алматы, 2008.

Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.





© 2010-2022