Ашық сабақ Қадыр Мырзалиев Кәрі қыран

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран»

МАҚСАТЫ: Қ.Мырзалиевтің шығармашылығымен танысу;
МІНДЕТТЕРІ: а) БІЛІМДІЛІК: Шығарманың мазмұнына терең үңілу;
б) ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Өлең құрылысына талдау жасау; Символ туралы ақпарат беру.

в) ТӘРБИЕЛІК: Адамгершілікке тәрбиелеу.

ТҮРІ: дәстүрден тыс

ТИПІ: Жаңа ұғымды меңгерту.

ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСІ: Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып,

түсіндірмелі-практикалық .

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І.ҰЙЫМДАСТЫРУ: а) оқушыларды түгелдеу;

б ) сабаққа бетбұрыс жасау.

ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ: Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді» әңгімесінің сюжеттік желісіне қысқаша тоқталып, кейіпкерлер бейнесін ашу.

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ: Қ.Мырзалиевтің «Кәрі қыран» өлеңі. Сабақтың мақсатын таныстырып болғаннан кейін, ақынның:

Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,

Және жылап өледі, өзгені де жылатып.

Жылайтыны туа сап, - жамандар бар қинайтын,

Жылайтыны өлерде, - жақсылар бар қимайтын, -

деген өлеңін эпиграф етіп ала отырып, ақынның шығармашылығымен таныстыру.

Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында 1935 дүниеге келген.

*Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген.

*1958-1993 жылдары «Балдырған» журналында әдеби қызметкер,

«Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды.

* Қ.Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған.

*Оның «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсақ», «Бұлбұл бағы» «Ой орманы», « Дала дидары», «Көкпар», «Жерұйық», «Қызыл кітап».т.б. шығармалары бар.

*«Жерұйық» еңбегі үшін ҚазССР Мемлекеттік сыйлығын алған.

* Ол шет елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шетелдіктер өте жоғары бағалайды.

ІV ДАМЫТУ КЕЗЕҢІ: 1)Өлең мазмұнымен танысқаннан кейін жоспар құру. Жұмыс әр оқушының пікірін тыңдай отырып интербелсенді тақтада орындалады, өзге оқушылар дәптерде орындайды.

2)Талдау тапсырмалары:

  • - Кәрі қыраннның бейнесі;

  • - Кәрі қыранның өткен өмірі;

  • - Қарт қыран не үшін намыстанды?

  • - Қарт қыран қандай шешімге бел байлады? Себебі не?

  • - Кәрі қыранның ісі жас бүркітке қалай әсер етті?

  • - Өлеңнің балладаға жатқызуға болатын белгілері

  • - Қыранның бейнесінен қандай әсер алдық?

3) Әдеби терминге анықтама беріледі. Символ - бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия келіп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.

З.Қабдолов

4) Қыран туралы оқушылардың не білетіндігі сұралады.

5) СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС:

  • Пұшпақ - малдың, аңның сирақ терісі;

  • Шау бүркіт - жасаған, көпті көрген;

  • Зәбір - қиянат жасау, тырнағы бату;

  • Тәрк ету - құрбан ету.

6) Әдеби теориялық талдау: жұмыс интербелсенді тақатада орындалады.

метафора

теңеу

эпитет

кейіптеу

аллетирация


7) Өлең құрылысына талдау:

Шумақ -

Тармақ -

Буын -

Бунақ -

Ұйқас -

V БЕКІТУ: эпистолярлық жанр «Кәрі қыранға хат». Шығармашылық жұмыс жүреді.

VІ ҚОРЫТУ: Күншілдер өледі, көңілін от қарып,

Батырлар өледі, борышын атқарып.

Бұзықтар өледі, пышаққа құлшынып.

Сұлулар өледі, құшақта тұншығып.

Арғымақ өледі, артында шаң қалып,

Ақындар өледі, бәріне таңқалып!

деген ақынның өлеңімен сабақ қорытылады.

VІІ ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 1.Өлеңді оқып, қалаған тұсын жаттау;

2. "Өмірдің өлшеусіз мағынасы" ойтолғау.

VІІІ БАҒАЛАУ.



© 2010-2022