Сыныптан тыс шара Тұманбай жыры - тұнған сыр

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс шара: «Ей, адамдар, бір-біріңді қолдаңдар!»

Мақсаты:

Тұманбай Молдағалиев поэзиясы арқылы оқушыларда ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерін ояту, ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті ұстаздарымыз, аяулы шәкірттеріміз! Бүгін біз қазақ әдебиетінің тұнған қазынасы- көрнекіт ақын, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік және жастар сыйлығының, сондай-ақ бүкіл түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Тұманбай жырларының кешіне қош келдіңіздер!ТұманбайМолдағалиевтің ақындық өнері мен шығармашылық жолы дүние танудан , адам сезімінің сан алуан үйлесімділігін тоғыстырудан тұратынын байқаймыз.и Ақын жырларының өн бойында мейірім, шапағат, жақсылық, адамгершілік , азаматтық, күрескерлік, ата-баба рухына тағзым, атамекенге деген сүйіспеншілік сияқты ұғымдардың асқақтығын неғұрлым биіктету алдыңғы саптан көрінеді.Тұманбай Молдағалиев қашан да толассыз жазып, тебіреніп, тереңнен жыр толғап келеді. Ақынның қайсы бір өлеңін оқысаңыз да отсыз, ойсыз дүниені кездестіре алмайсыз. Ақынның «Шақырады көктем» әні де ойды қуаттайды.

Ортада 5 «А» класс оқушылары хормен «Шақырады көктем» әнін орындайды.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Олай болса ортаға мен 8 «Ә» класс оқушысы Перизатты шақырамын. Ол ақынның өмір жолын айтып береді.

Мұхтар Әуезов «Тұманбай Молдағалиев өлеңдерінің ішінен «Алматы таңы», «Көктем», «Асыл ұстазға» «Немере сыры», «Хат» өлеңдерін ұнатып оқушы едім деген екен.

Ал Әбіш Кекілбаев «Тұманбай тілінің балы басым ақын. Ешкімнің бетіне жел боп келмейтін қыз мінезді, ақ пейіл ақын. Адам түгілі, ағын су мен жайқалған жапырақтың көңіліне қарайтын сезімтал ақын жанашырлық жаршысы, бауырмалдық дәріпшісі.» Олай болса кезекті ақын жырына берейік.

Ортада 8 «Г» класс оқушысы Мәлікұлы Нұрхан «Өлең жазбасам» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Тұманбай Молдағалиев көптеген сыршыл әндердің авторы. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінде қазақ эстрадасының шоқ жұлдыздары.

Бірде ақын Нұрғиса Тілендиетің қалын сұрап, үйіне барады.Сазгердің ауырып отырғанын көрген ақын : «Қай жерің ауырады?» деп сұрап, «Жүрегім» деген жауап алады.Сол сәтте ақын:

Қайран менің жүрегім, жас жүрегім,

Көктем едің, бір кезде тасқын едің.

Жастық дәурен жалтақтап қарайлайсың,

Сені ойласам, ұйқым да қашты менің- деп өлең жазып кетеді. «Қайран менің жүрегім» әні осыдан туады. Өлең оқылып болғаннан кейін сахна төріне 3-класс оқушысы Ошақбай Әлисұлтанды Тұманбай Молдағалиевтің «Қайран менің, жүрегім» әнін орындайды.

Сонымен қатар оның «Құстар қайтып барады», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Ертіс вальсі» атты әндерге жазылған өлеңдері халық арасында кең тараған. Лирикалық өлеңдермен қатар ол балалар әдебиетін назардан тыс қалдырған жоқ. Көзі тірісінде қазақ әдебиетінің классигі атанған Тұмаш ата қазақ әншілерінің орындауындағы әндердің басым көпшілігіне сөз жазған еді. Қазақ музыкасының дүлдүлдері Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев сияқты аты аңызға айналған композиторлармен қосылып, мәңгілік өшпес туындылар өмірге әкелді.

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара сырласым.

Сым пернені басып қара,

Басып қара сырласын.

Жақсы достар бір-ақ қалып,

Шындап берік сүйіскен.

Бір біріне сыр ақтарып,

Сыр түйінін түйіскен.

Ортада Яссы «Кінә қойма, жақсы дос, енді маған» өлеңімен.

Жақсы көрдім қатар жүрген достарды,

Табысына, шабысына қуандым.

Көңілім деп ұқтым гүлді көгалды,

Өрге басты өмірімнің жолы алды.

Мен жамандық істегем жоқ ешкімге,

Қолдан келген жақсылығымды ел алды.

Олай болса тағы да жырға кезек берсек.

Гүлім «Өткен күндерге хат» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Ақын жаны өлең құдыретін әсте түсінгендей. Өлең- оның өмірі. Өмірде мынау қатар келген қайғы мен қуаныш өлең арқылы жан тебіреніспен жүректен жыр болып шашылады.

Ортада Венера «Тарыққанда табынарым- өлеңім» өлеңімен. Өлең оқылып болғаннан кейін сахна төріне 3-класс оқушысы Ошақбай Әлисұлтанды Тұманбай Молдағалиевтің «Жүрегім» әнін орындайды.

Тіл тақырыбы қай ақынның болмасын қозғайтын мәселесі. Ана тілінің асқақтығына, құдіреттілігіне көзі жеткен Тұманбай тіл туралы мына өлеңін шығарады.

Ернар және Аружан тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Қорытынды. Тұманбай ақынның жырлары - тұнған қазына. Біз ақынның жырларымен сусындап, одан рухани күш-қуат аларымыз сөзсіз. Ақын жырлары мәңгілік жасай бермек. Осымен Тұманбай Молдағалиев шығармашылығына арналған сыныптан тыс шарамызды жабық деп жариялаймыз.


© 2010-2022