Сілтеу және сұрау есімдігі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6.

Сабақтың тақырыбы: Сілтеу және сұрау есімдігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Сілтеу, сұрау есімдіктерді түсіндіре отырып, бір - бірінен

ажырата білуге үйрету, есімдіктің мағыналық түрлері

жөніндегі білімдерін тиянақтау;

Дамытушылық - Оқушының ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру,

танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық

белсенділігін арттыру;

Тәрбиелік - Әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ұқыптылыққа,

сауатты жазуға, ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білу

арқылы көркем, бейнелі сөз ретінде пайдалануға,

ұшқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтастыру, сұрақ - жауап, жаттығу жұмыстары

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, плакаттар, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

143-жаттығу

«Топтастыру» стратегиясы

Сілтеу және сұрау есімдігі

Жұмбақтар шешу:

1. Жеп көріп ем өзін мен

Жас шығарды көзімнен

(пияз)

2. Мен әдемі моншақпын,

Ірі емеспін, ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас,

Мендей мөлдір таба алмас

(шық)

3. Ол күнді күзетеді,

Күн оны күзетеді.

(күнбағыс)

4. Ол келсе, орман шулайды,

Толқып теңіз тулайды.

Қуса өзін қуады,

Ешкім оны қумайды.

(Жел)

5. Өзін көзің көрмейді,

Барлық тілде сөйлейді.

Сен мен десең, мен дейді,

Сен кел десең, келмейді

(Жаңғырық)

Жаңа сабақ:

Есімдік түрлері

Сілтеу

Сұрау

Ережесі


Мегзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді

Жауап алу, мақсаты мен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар. (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады)


Жасалу жолдары

Бұл, сол, ол, әне, міне, мынау, мына, осы, осынау, ана, анау, сонау т.б

кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы?

Мысалдар

Осы маңайда мал жайылымы бар.

Бұл жарыста біз жеңеміз.

Мына көк қақпа - Құрмаш үйінің қақпасы.

Кезекті қай оқушыға береміз?

Сендерге бұл кітапты кім берді?

Бұл ұстаздық еткен отыз жылдың ішінде алдымнан кімдер өтпеді дейсің?

Сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс:

144-жаттығу

Мәтіннен жіктеу, сілтеу есімдіктерін табыңдар.

145-жаттығу

Мәтінді оқыңдар.

147-жаттығу

Өлеңдерді мәнерлеп оқыңдар. Дауыс сазына назар аударыңдар.

Мәтінмен жұмыс.

Бұғы ана туралы ғажайып ертегі


Бала осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тыңдағысы келіп еді. Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өзі де жақсы көретін. Бірақ бала атасын мазалағысы келмеді. Атасынан жаттап алған сыбырлап айта бастады. Бұл баяғыда болған хикая. Сол ерте заманда суы мұздай үлкен өзен жағасын қырғыздың бір тайпа елі жайлапты. Ол өзеннің атын Енесай дейді екен. Ол өзі бұдан алыста Сібір дейтін жрде ағатын көрінеді. Осы жерден атты адамның өзі үш жыл, үш айда зорға жетеді. Қазір ол өзенді Енесай деп атайды, жағасын әр алуан ел жайлапты.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Берілген мәтіннен есімдіктерді тапқызу. Есімдіктің қай түріне жатады?

2. Есімдіктерге талдау жасаңыз.

І топ. ІІ топ. ІІІ топ.

Осы - Сол - Бұл -

Сілтеу және сұрау есімдігі

3. Морфологиялық талдау.

Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өзі де жақсы көретін.

4. Дыбыстық талдау.

І топ. ІІ топ. ІІІ топ.

Осы - Сол - Бұл -

О - С - Б -

с - о - ұ -

ы - л - л -

Жаңылтпаштарды оқып, құрамындағы есімдіктерді тауып, түріне ажыратыңыз.

1. Үш кіші ішік піштім

Бес кіші ішік піштім

Неше кеше ішік піштім?!

2. Шеше, кеше, неше есе кесе көп алдыңыз.

Шеше, кеше неше есе кем алдыңыз?!

3. Менің нем кем деп ең,

Бер үйді ең кең деген.

Бер үйді ең кең деген

Менің нем кем деп ең?!

Берілген сұрау, сілтеу есімдіктерін құрастырып сөйлем құраңыз.

Міне, мынау, қанша, бұл, кім, осы, қайда, әне

Үлгі: Міне, біздің үйіміздің төбесі көріне бастады

Жұмбақтардың шешімін тауып, есімдіктерді тауып,

түрлеріне қарай ажыратыңыз.


1. Жарық қылып қос тоғайдың етегін

Айтшы, ол не екенін.

(көз)

2. Бұл не деген шебер еді,

Ормандағы ағаштарды

Тұмсығымен шегеледі

(тоқылдақ)

3. Өркеші бар, түйе емес,

Не ақ отау үй емес.

Бір орнында тұрғаны

Не болды, бұл кәне?

(тау)

4. Биікте ұшып жүреді,

Елік, қоянға бүреді.

Қия таста ұясы,

Бұл құсты кім біледі?

(Бүркіт)

Сабақты қорытындылау.

Есімдіктердің түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Мысалдар

Жіктеу есімдігі

Сілтеу есімдігі

Сұрау есімдігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Олар

Мыналар

Біздің

Қайда

Әне

Сені

Осынау

Қалай

Сіздер

Нешінші

Міне

Нешеу


Логикалық ойындар жүргізу

Бұл қай есімдіктер?

1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің қай түрі?

(Біз - жіктеу есімдігі)

2. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды.

(Мен, сен)

3. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.

(Сұрау есімдігі)

4. Біреулерді көрсетіп, нұсқап тұрады.

(Сілтеу)

Үйге тапсырма беру:

Күнделікті ашайық.

Тапсырманы тізіп жазайық.

Есімдіктен алған білімді

Ұмытпай еске салайық.

148,149-жаттығу

Оқушыларды бағалау:




© 2010-2022