Открытый урок по казахскому языку на тему Кызылорда каласы

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда

8-сынып

Касенова Гүлжамал КеңесқызыОткрытый урок по казахскому языку на тему Кызылорда каласыОткрытый урок по казахскому языку на тему Кызылорда каласы

Абай Құнанбаев атындағы

№6 мектеп-гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Ақмола облысы, Степногорск қаласы

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: окушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді сөйлесуде дұрыс байланыстырып сөйлесуге үйрету, талдау түрлерін білу;

Дамытушылық: : оқушылардың сөйлесу қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік: туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, іздендіру, баяндау, СТО, топтық.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, үлестірмелер, қима қағаздар, инсерт кестесі, бағалау парақтары.

Сабақтын барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық: Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

Сәлем достым - қол беру.

Сенің халың қалай - иықтан қағу.

Қайда жүрсің - құлақтарынан тартады.

Сағындым сені - жүректерін береді.

Бәрі жақсы - құшақтасады.(құшақтасып, амандығын сұрастырып, орындарына жайғасады).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 101-беттегі сөздерді, берілген сөздермен сөйлемдер құрастырғандарын тексеру.

ІІІ. Миға шабуыл. Өткенді қайталау.

- Қазақстанның қандай үлкен қалаларын білесіңдер? (қалалар бойынша бірнеше сөйлем құрастырту).

ІV. Ой шақыру. Сөздік жұмысы: бекініс - укрепление, күріш - рис. Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырту.

V. Топтастыру: оқушылар қазақтың ою-өрнегін құрастыру арқылы топтарға бөлінеді. Топтар анықталған соң, топ ережесін еске түсіру.

VІ. СТО стратегиясы: ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

- Олай болса, балалар, біз бүгінгі сабағымызда Қызылорда жайында сөз қозғаймыз. Ал өзіміз Қызылорда туралы не білеміз?

- Бүгін сабақта біз екі топқа бөлініп, жұмыс істейміз Қызылорданың тарихын зерттейтін «тарихшылар», бүгінгі Қызылорданың бейнесі туралы айтатын «сәулетшілер» .

VIІ. Топпен жұмыс.

1- топ. «Тарихшылар»

2- топ. «Сәулетшілер»

  • Балалар, оқулығымыздағы мәтінге және қосымша үлестірмеге назарымызды аударайық.

Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтіндерді оқушылар топта өздері оқып, талқылайды.

2. Постерін топтан бір немесе бірнеше оқушы шығып, өз бағыттарындағы берілген деректерді айтып береді, қорғайды.

VIІІ. Диалог құру. Әр топ өз бағытында Қызылорданың тарихы, мәдениеті, саяси - экономиялық жағдайында диалог құрастырулары керек. (Әр топ өздерінің диалогтарын оқып береді)

ІХ. Өзін - өзі реттеу. Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.

ІІІ деңгей

  1. Жоғарыдағы берілген сұрақтарға жауап беру.

  2. Сөздерді септеу: күріш, бекініс.

ІІ деңгей

  1. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын жазып, сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

Қазақстан... астанасы Орынбор... Қызылорда.... көшті.

І деңгей

Өз қалаларың туралы мәтін құраңдар.

Х. Оқулықпен жұмыс: 2-тапсырма. Мәтінді оқып, күрделі сөздерді теріп жазыңдар. Мәтіннен үлгі бойынша қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар қатар келген сөздерді теріп жазыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

Үлгі:

қатаң дауыссыздар қатар келген сөздер: орналасқан,... .

ұяң дауыссыздар қатар келген сөздер:біздің,... .

үнді дауыссыздар қатар келген сөздер: жайлы, ... .

ХІ. Сабақты бекіту. INSERT кестесі арқылы.

«Білемін»

«Үйрендім»

«Білгім келеді»

ХІІ. Сабақты қорытындылау.

ХІІІ. Бағалау. Бағалау парақшаларын толтыру.

ХІV. Үйге тапсырма: 1) 3-тапсырма (102-бет). Жақшаны ашып, сөйлемдер құрастырыңдар. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

  1. Қалауларың бойынша Қызылорда қаласының табиғаты туралы сөйлемдер құрастырыңдар.

Рефлексия

© 2010-2022