Бірінші сыныптарда 8 Наурыз сыныптан тыс мерекелік іс - шара

Айналайын – анашым Сабақтың мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы тісініктеме.Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айналайын - анашым

Сабақтың мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы тісініктеме.

Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру.

«Ананың көңілі балада,

баланың көңілі далада»

Анаңды Меккеге арқалап барсаңда

қарызынан құтыла алмайсын,

«Ана - өмір себуші» буклеттер, қанатты сөздер жазып іліп қою.

Жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8-наурыз халқаралық әйелдер күнімен қуттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.

Сіздердің алдыларыңызға 1 «А» сынып оқушыларының «Айналайын Анашым» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махабатпен шапағаттын шашып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Айналайын - Анашым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Арулар келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келеді
Анасы мен Айнұр танысуға

Көңілін сыныптастын таба алатын
Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіндей болса, шіркін, барлық шәкірт
Тәтесі мен Асель сөзі алтын.

Мейірімі мол аққанат анасының
Бар мейрімді өзіңнен ақ табасын
Желкеніндей желбіреп ақ кеменің
Анасы мен Акерке қарсы аламыз

Бәйшешек гүл көктемде бүр жарады,
Көктем келіп, қыс үнсіз кетіп барады.
Бұл сайыста өз өнерін ортаға
Анасы мен Бекбол аямай-ақ салады.

Мұғалім: Міне көрдіңдер ме, балалар! Перзенті үшін ештеңеден тартынбайтын, перзентін жауыздықтан,қауіп-қатерден қорғауға барлық күшін салатын ол біздің+....

Хор: «Анамыз»

Мұғалім: Балалар,өмірде ең жақын кім? (Ана)

Ананың баласы үшін қай жері ауырады? (Жүрегі)

Ана мерекесіне нағыз анаға деген сыйлық не деп уәде бересіңдер?

Хор: Біз тәртіпті, білімді,еңбекқор боламыз!

Біздің сыныпта аналар мен балалар сайысын өткіземіз.

1-бөлім. «Өздерін таныстыру» бөлімі бойынша анасы баласын,баласы анасын таныстырады.

2-бөлім. «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез»деп «Зерделінің ойы озық» бөлімі бойынша қатысушылар сұраққа жауап береді.

1.Жегеннің тісіне, жемегеннің түсіне кіретін ас (ет)
2. Қу аң (түлкі)
3. Екі дыбыстан құралған әріп? (я)
4Қандай жағдайда айнаға өкпелемеу керек (бетің қисық болса)
Балаларға қойылатын сұрақтар:
1. А дауысты ма дауыссызба?
2. Бір аптада неше күн барa?
3. 2+3 қанша болады?

4.9-ды 3-ке кемітсек неше болады?

3-бөлім.Пікір

  1. Балаңызды қандай жағдайда мадақтайсыз, қандай жағдайда жазалайсыз?

  2. Балаңызға әкесі тәртіп шарасын қолданса,сіз араға түсесіз бе?

  3. Отбасыңызбен газет-журналға жазыласыз ба? Балаңыз қандай газет-журнал кітаптар оқиды?

  4. Ананың ақ сүтін ақтау дегенді қалай түсіндіресіз?

Айнур: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген байтірегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ

Ана деген - асыл жаңдар бұлақтай

О адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Бекбол: Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық

Асель: Бүгін - наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз - Адамның

Анаға айтар лебізі

Акерке: Айгөлек-ау, айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Аналардың тойында

Би билейміз дөңгелеп

Достықты біз ойлаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз

Ал енді балаларыңыз еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын береді .

Мұғалім: Біздің Отанымыз «Қазақстан Республикасы»

Отанымызға, қазақ еліне,жеріне қандай тілек білдіресіңдер?

- Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
Әйелдер бір - бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
- Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты. Сен осылай жасай алар ма едің?
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
- Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
- Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғс.) - ға сахабалары келіп
- Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: - тағыда Анаға,- деді төртінші кімге дегенді:
- Әкеңе,- деді.
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт - дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!- дей отыра сынып сағатымызды аяқтаймыз.









Краснознаменное орта мектебі




Айналайын - анашым

Тәрбие сағаты: 1 «А»сынып

Бастауыш мұғалімі: Рахимова Ж.К.







2014-2015 оқу жылы























Ана - өмірдің шырағы

Сабақтың тақырыбы: Ана - өмірдің шырағы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Ана - өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.
Алда келе жатқан тамаша көктем мерекесі - 8 Наурызбен шын жүректен сыныптағы қыздарды құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан - ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару - көңілдің гүлі,
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі - ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда
болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым, бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.

Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең

Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы, жарай ма?









© 2010-2022