Сілтеу және сұрау есімдіктері - ашық сабақ 6 - сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы Жас негізгі жалпы білім беретін мектебінің Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ғазизова Әлия Серікқызы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігі. Сұрау есімдігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жаттығу жұмыстары, тапсырмалар арқылы сілтеу және сұрау есімдіктері туралы меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастырып, тез ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ізденімпаздылыққа, шапшаңдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Ойын, жарыс

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ЖИГСО, Постер

Көрнекілігі: Топшамалар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

- Оқушылармен амандасу;

- Оқушыларды түгендеу;

- Жаңа сабаққа дайындық:


Психологиялық дайындық:

Смайлктар арқылы оқушылардың көңіл - күйін білу


II. Үй тапсырмасын тексеру:

Жіктеу есімдігі ережесін айту. Мысал келтіре отырып түсіндіру.

143 - жаттығу.

III. Өткен материалды бекіту:

«Кубизм» стратегиясы.

1 - Есімдік дегеніміз не?

2 - Есімдік мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? Қандай?

3 - Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

4 - Есімдік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

5 - «Ол» есімдігі жіктеу есімдігінің нешінші жағы?

6 -Есімдік жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді?

IV.Жаңа сабақ

«Ой қозғау» стратегиясы.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бесте жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар.

Мен не етермін, не етермін?

Мен келмеске кетермін,

Хош, аман бол артымда

Ағайын туған азамат

Анау қалған ата - анам.

Ел - жұртым саған аманат.


Жаңа сабақты бастамас бұрын алдымен сынып оқушыларын екі топқа бөлеміз. Бірінші топтың аты- Сілтеу есімдігі, екінші - Сұрау есімдігі.

Екі топқа бөлінбес бұрын алдымен әр оқушы топтың аты жазылған қағаз сурыады. Сол бойынша екі топқа бөлінеді.

ЖИГСО әдісімен (Оқушыларға сілтеу және сұрау есімдігі бөліп беріледі), әр топ өздерінің төрағасы мен баяндаушысын тағайындайды.

Жаңа сабақ осы әдіспен баяндалады.

Постер әдісі (сыни ойлаудан 3 дағдысын сипаттап береді.)

Жаңа сабақты

Жоспарлайды

Талдайды

Қорытындылайды.

Сілтеу есімдігі

Сілтеу есімдіктері мегзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мынау, мына, әне, міне деген сөздер жатады.

Сұрау есімдігі

Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылатын сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады. Сұрау есімдіктері: кім?, не?, қай?, қандай?, қанша?, нешеу?, нешінші? т.б. Зат есімге және зат есім орнына қолдынылатын сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары қосылады.

Жаттығу жұмыстары.

«Сілтеу есімдігі» тобына:

144 - жаттығу. Мәтінді көшіріп, ішінен сілтеу есімдіктерінің астын жазыңдар.

  • Вася, міне, бәріміздің досымыз, ер Гришаның қабірі осы. Сол өзіміз жерлеген жерде жатыр.

  • Мыналарды біздің селоның балалары әкеліп қойған болу керек, - деді Алеша қабір үстіндегі гүлдерді нұсқап. Отанымыздың тәуелсіздігі үшін қаза тапқан досымыздың қабіріне біз де гүл қойдық.

«Сұрау есімдігі» тобына:

147 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, ішінен сұрау есімдігін тауып көшіріп жазыңдар.

Неден?, Не бітті?, Не жарқыраған?, Не сарқыраған?, Қалайша?



Тапсырмалар:

«Сілтеу есімдігі» тобына:

Сабаққа енжар, жалқау оқушының сөмкесінде үнемі әрекетсіз жататын қаламның атынан иесіне қаратып хат жазыңдар. Хатта сілтеу есімдігі қатысу керек.

«Сұрау есімдігі» тобына:

Өзің жақсы көретін күшігің жоғалып кетті. Күшікті табу үшін хабарландыру жазыңдар.Ішінде сұрау есімдігі қатыссын.

Келесі тапсырма екі топқа да арналған.

Екі топ өз тақырыптары бойынша жадтарынан өлең шығарады. Өлеңнің ішінде міндетті түрде «Сілтеу есімдігі» тобында сілтеу есімдіктері қатысуы керек, ал «Сұрау есімдігі» тобында сұрау есімдіктері қатысуы керек.

Бекіту сұрақтары:

Әр оқушы бір-біріне сұрақтар қою арқылы сабақты бекітеміз.

Үйге тапсырма:

Ережелерді жаттау.

145 - жаттығу. Мәтінді оқыңдар. Сілтеу есімдігін тауып жазыңдар. Шығарманың жанрын ажыратыңдар. Ол туралы білетіңдеріңді ұлттық дәстүрлермен сабақтастырып айтыңдар.

Бағалау Бағалау парағы бойынша ұпайларыңды айта қойыңдар.

Қорытынды.



© 2010-2022