Қазақ әдебиеті пәнінен Қыз Жібек жыры тақырыбында сабақ жоспары (9-сынып)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ: «Қыз Жібек» жырының композициялық құрылымы, сюжеттік даму желісі.

Мектеп: Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Т.К.Тлеуова

СЫНЫП: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

«Қыз Жібек» жырының композициясы, сюжеттік желісіне талдау жасау арқылы көп варианттылығының мәнін ашу, жырдағы ұлттық мәдениетті таныту

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Жырды оқи отыра тақырыбы мен идеясын ашып, композициясына, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасай алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыпты жұптық, топтық жұмыста диалогқа түсу арқылы игере алады, пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып ортақ шешімге келе алады

Кейбір оқушылар:

  • Берілген проблемалы сұрақтарға ұтымды жауап бере отыра, өз болжамын тұжырымдай алады (ТжДО)

  • Берілген сөздердің мағынасын ашып, сөйлемдер құрастырып жаза алады (КҚЕО)

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Тиісті термин сөздерді ойын жеткізу барысында ұтымды қолдана алады, диалогқа түсу, кері байланыс жасау арқылы пікір алмасып, өз ойын дәлелді жеткізе алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Композиция, образдар (кейіпкерлер) жүйесі, тақырып, идея, теңеу, эпитет, метафора, ұлттық өрнек, салт-дәстүр, көне мұра, әке батасы, қайғылы тағдыр, сұлулық нышаны, қатал заман құрбаны, салт-дәстүрлер көрінісі, жасампаз жыр, махаббат, сүйіспеншілік, әмеңгерлік, т.б.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Бұл қандай ән? Бұл әнді қайдан естіп едіңдер? «Қыз Жібек» кинофильмі жайлы не білесіңдер? Бұл фильм қай жырдың негізінде түсірілген?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Бүгінгі таңда Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббатындай махаббат бар ма?

Сен жырдың қалай аяқталғанын қалар едің? Төлеген мен Жібек басынан өткен жағдай бүгінгі таңда қаз қалпында қайталануы мүмкін бе?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Әке батасы өмір ағымында балаға дұрыс жол сілтейді.

Қатал заман құрбаны болған жастарымыз өмірде қосыла алмады.

Алдыңғы оқу

Талдай алу, сұрыптау, тұжырымдау, өз ойын дәлелдеу, түйінді ой тастау дағдылары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

0-5 мин

Психологиялық ахуал:

1. «Сұрақты қағып ал» тренингі бойынша өткен лиро-эпостық жырлар туралы оқушылардың алған білімдері тексеріледі. Оқушылар түрткі немесе жоғары деңгейлі сұрақтар қою арқылы білім деңгейлерін көрсетеді.

2. Оқушылар берілген фигураларды (төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер, ромб) таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді.

Доп

Фигуралар

Ортасы

6-7 минут

СТО

АКТ

ОЖЕСО









8-18 минут

ОмОЖТ

ОүБжОБ

ОЖЕСО

ОБжК





19-30 минут

СТО

ОүБжОБ

ТжДБО

ОБжК

ОЖЕСО











31-34 минут

СТО

ОЖЕСО

ТжДБО























35-39 минут

СТО

ОүБжОБ

ТжДБО

ОЖЕСО

Білу:

1. Қызығушылықтарын ояту. «Гәкку» әнін Қазақ әдебиеті пәнінен Қыз Жібек жыры тақырыбында сабақ жоспары (9-сынып) тыңдату арқылы тақырыпқа шығу. Сабақтың мақсатын ашады.

- Бұл қандай ән? Бұл әнді қайдан естіп едіңдер? «Қыз Жібек» кинофильмі жайлы не білесіңдер? Бұл фильм қай жырдың негізінде түсірілген? - деген сауалдарға жауап алынады.

Түсіну:

Мағынаны ашу. «Қыз Жібек» жырын төрт бөлімге бөліп, оқып мазмұнын игереді, түсінгендерін жұппен, топпен талқылайды. «Мозайка» әдісі бойынша топ мүшелері өзге топтарға бөлініп барып, оқыған өз тақырыпшаларын түсіндіреді, үй топтарына қайтып оралып, түсінгендерін топта айтады.

Қолдану:

Тапсырмалар мен сұрақтар.

Топтарға талдауға төмендегі тапсырмалар беріледі:

І топ: Жырдың тегін, тақырыбы мен идеясын анықта.

ІІ топ: Композициялық талдау жаса.

ІІІ топ: Образдар жүйесіне талдау жаса.

ІҮ топ: Жырдың тіліне талдау жаса.

Топтар берілген тапсырмаларды талдап, талқылап, постерге түсіреді. Постерге түсіргенді топ спикерлері ортаға шығып қорғайды. Басқа топ мүшелері түсінбеген тұстарына сұрақтар қоя алады.

Талдау:

- Жырда қазақтың қандай салт-дәстүрлері көрініс береді? - деген сұраққа жауап беріп (қыз көру, бата аяқ, бата, теріс бата, сүйінші, арыздасу, әмеңгерлік, т.б.), төмендегі тапсырманы жұмыс дәптеріне орындайды.

Сөз сырын ашуға тырыс. Сөйлемдер құрастыр.

Көне мұра -

Әке батасы -

Қайғылы тағдыр -

Сұлулық нышаны -

Қатал заман құрбаны -

Салт-дәстүрлер көрінісі -

Жасампаз жыр -

Жинақтау:

Ой толғаныс. Төмендегі сұрақтар төңірегінде оқушылардан жүйелі, тұжырымды, дәлелді жауаптар алынады.

1. Бүгінгі таңда Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббатындай махаббат бар ма?

2. Сен жырдың қалай аяқталғанын қалар едің?

3. Төлеген мен Жібек басынан өткен жағдай бүгінгі таңда қаз қалпында қайталануы мүмкін бе?

Интербелсенді тақта, «Гәкку» әні



Оқулық, «Қыз Жібек» жыры



Флипчарт, маркер, қарындаш, қалам, скотч, қайшы, т.б.





Сөздер мен сөз тіркестері






Аяқталуы

40-45 минут

ОүБжОБ

СТО

ОЖЕСО

ОБжК

Рефлексия:

1.Тест тапсырмалары таратылады, сұрақтарға жауап беріледі. Жұппен бір-бірінің тапсырмаларын алмастыру арқылы тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарды басшылыққа ала отыра тексеріп бағалайды.

Критерийлер бойынша жұбына стикер жапсыру: 9-10 ұпай - жасыл, 7-8 ұпай - сары, 4-6 ұпай - қызыл

  1. Лиро-эпостық жырлардың басты тақырыбы:

А) Отан қорғау

В) сүйіспеншілік, махаббат

С) ел тәуелсіздігі

Д) елін сыртқы жаулардан қорғау

Е) табиғатты қорғау

  1. Лиро-эпостық жырлардың кейіпкерлері:

А) қарапайым адамдар

В) батырлар

С) алыптар

Д) аңшылар

Е) малшылар

  1. Ауыз әдебиеті:

А) өмір шындығы

В) қиялдан туған шығарма

С) діни бағыт

Д) өлеңдер

Е) халық шығармашылығы

  1. «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің әкесі:

А) Қаршыға

В) Сырлыбай

С) Базарбай

Д) Қарабай

Е) Сарыбай

  1. Төлегенге Қособада кездескен кім?

А) Қаршыға

В) Шеге

С) Бекежан

Д) Сансызбай

Е) Жібек

  1. «Қыз Жібек» операсының жазылған уақыты:

А) 1934 жыл

В) 1964 жыл

С) 1974 жыл

Д) 1954 жыл

Е) 1984 жыл

  1. «Қыз Жібек» жырының туған жері:

А) Шығыс Қазақстан

В) Батыс Қазақстан

С) Орталық Қазақстан

Д) Солтүстік Қазақстан

Е) Оңтүстік Қазақстан

  1. «Қыз Жібек» жырының жазылған уақыты:

А) 1608 жыл

В) 1500 жыл

С) 1508 жыл

Д) 1511 жыл

Е) 1600 жыл

  1. Портрет дегеніміз не?

А) әдеби кейіпкердің сыртқы бейнесін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу

В) әдеби кейіпкердің мінезін суреттеу

С) әдеби кейіпкердің тұрмыс-тіршілігін суреттеу

Д) табиғат көрінісін суреттеу

Е) кейіпкердің ішкі толғанысы

  1. Қыз ұзатылар кезде айтылатын өлең-жыр:

А) беташар

В) сыңсу

С) жарапазан

Д) естірту

Е) тойбастар

2. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Стикерлер таратылып, сабақтағы жеткен екі жетістікті және бір ұсынысты жазу тапсырылады.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  • Көмек қажет ететін оқушыларға түрткі сұрақтар арқылы жауап аламын; берілген тірек сөздерді қолданып сөйлемдер құрауда көмек көрсетемін;

  • Қабілеті жоғары оқушыларды түйінді ой айтуды, кешегі мен бүгінгіні салыстыруда дәлелдер келтіруді талап етемін

  • Қошеметтеу, бас бармақ - уәж.

  • «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

  • Тест

  • «Бағдаршам»


  • Музыка, тарих, қазақ тілі

  • АКТ - интербелсенді тақта

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшық сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім? (балаға, өзіңе қоюға болады)



© 2010-2022