Сабақ жоспары 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің елім – Қазақстан. Қазақстан Республикасы. Тәуелдік  жалғау Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларға  тақырып бойынша әңгіме  құрастырып, Б. Ысқақов «Отан» деген өлеңімен таныстырып, өлеңді  талдату. Қазақстан  туралы жан - жақты  мәлімет  бере  отырып, тәуелдік  жалғауларын  үйрету. 2.Дамытушылық: тәуелдік  жалғауды  ажыратып, сөздік   қорларын байытуға, қызықты  тапсырмалар  арқылы есте сақтау  қабілеттерін  дамытып,  сауатты  жазуға  дағдыландыру.   3.Тәрбиелік: оқуш...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып : 5

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Менің елім - Қазақстан. Қазақстан Республикасы. Тәуелдік жалғау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға тақырып бойынша әңгіме құрастырып, Б. Ысқақов «Отан» деген өлеңімен таныстырып, өлеңді талдату. Қазақстан туралы жан - жақты мәлімет бере отырып, тәуелдік жалғауларын үйрету.

2.Дамытушылық: тәуелдік жалғауды ажыратып, сөздік қорларын байытуға, қызықты тапсырмалар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытып, сауатты жазуға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды Отанды сүюге, елін қорғауға, мемлекеттік тілін жетік білуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Қазір қай жыл мезгілі? Күздің айлары қандай? Бүгін қарашаның нешесі? Аптаның қай күні? Бүгін сыныпта кім кезекші?

II Дыбыстық жаттығу жасау.

І-ерікті, ң - ата - анаң, ө - өлкең, ә - әрі, ү - түйе, қ - халқың.

Мұғалім өзі айтып тұрады, балалар қайталайды.Бір оқушы шығып, айтып тұрады, оқушылар қайталайды.

III Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздерді, ережені жаттап келу.Оқушыларды ауызша, жеке сұраймын. "Менің Отаным" деген тақырыпта мәтіннің мазмұнын ауызша сұрап өту.

IV Сөздік жұмысы.

***Оқушылар сөздік дәптерлерді ашып, сөздерді көшіріп жазыңдар. Қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөліп шығамыз.

ел - страна көп ұлтты - многонациональное

жер - земля ұлт өкілдері - правители наций

қорғау - защищать көлем - объем

дүние жүзінде - в мире шектеседі- граничить

Қазақстан Республикасы

Қазақстан көп ұлтты, Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілдері тату тұрады. Жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9 орын алады. Қазақстан

5 мемлекетпен шектеседі.

Олар : Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ұлттық валютасы теңге.

Бас қаласы - Астана.

V Сергіту сәті.

VI Мәтінмен жұмыс істеу.

*Оқу, аудару, сұрақ - жауап жазу.

*Бас әріппен жазылған сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазу

*мәтіндегі сан есімдерді теріп жазып, реттік сан есімге айналдыру.

VII Тәрбиелік сәті.

71 б. Мәнерлеп оқып, аударамыз.

Балалар өлеңнен қандай тәрбие аламыз?

-Оқушының ойын тыңдап, бір - біріне сұрақ қойғызу, өз ойларын еркін айтқызу.

VIII Ережені түсіндіру. Мысал арқылы ережені пысықтау.Дәптерге жазу.

* Тақтада /ел, жер/ сөзін тәуелдету.

Тәуелдік жалғау.

(Окончание принадлежности)

Жақ

Соңғы дыбыс

Дауысты

Дауыссыз

Жуан
буын

Жіңішке
буын

Жуан
буын

Жіңішке
буын

1. I жақ

-ым

-ім

2. II жақ

-ың

-ің

3. II жақ

-ңыз

-ңіз

-ыңыз

-іңіз

3. III жақ

-сы

-сі



Жақ

Соңғы дыбыс

Дауысты

Дауыссыз

Жуан
буын

Жіңішке
буын

Жуан
буын

Жіңішке
буын

1. I жақ

-мыз

-міз

-ымыз

-іміз

2. II жақ

-лар+ың

-лер+ің

-лар

-дар+ың

-тар

-лер

-дер+ің

-тер

3. II жақ

-лар+ңыз

-лер+ңіз

-лар

-дар+ыңыз

-тар

-лер

-дер+іңіз

-тер

3. III жақ

-сы

-сі






IX Пысықтау кезеңі - карточкамен жұмыс

Жағын , есімдігін және дыбыстың үндесуін жаз, жалғауын белгіле.

___ж ____________ қа__ ың

___ж ____________ бесі__іңіз

___ж ____________ жүре__іміз

___ж ____________ сыны__ым

___ж ____________ күре__терің

___ж ____________ ба__ы

___ж ____________ ая__тарыңыз

___ж ____________ үйре__тері

X.Топпен жұмыс.

Сабақ жоспары 5 сынып

1топ - шыққан сөзді септеу

2топ - шыққан сөзді тәуелдеу

XI Тіл дамыту жұмысы

Туған жер, Отан, Ел туралы мақал - мәтел айту

Туған жердей - жер болмас,

Туған елдей - ел болмас.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

Жері байдың - елі бай

X II Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалау

X IIIСабақты қорыту

Балалар сабақтың тақырыбы қандай болды? Сабақта не үйрендік, не білдік

X IV Үйге тапсырма.

71б. 1 - тапсырма. Өлеңді, сөздерді жаттап келу.



© 2010-2022