Блум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі коучинг жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Блум таксономиясын сабақта қолданудың тиімділігі

Коучинг тақырыбы:

Блум таксономиясын сабақта қолданудың тиімділігі

Коучинг мақсаты:

Оқушының өз ойларын дәйектеп, сын тұрғысынан ойлауға үйрету үщін Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар берудің қажеттігін зерделеу.

Сілтеме:

МАН, 41-бет,үлестірмелі материалдар. С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»

Коучинг нәтижесі:

Блум таксономиясы бойынша дұрыс құрылған тапсырмалар беру ойлау қабілетіне әсер етеді

Түйінді идея:

Сыни ойлау оқушының ой дербестігін, белсенділігін дамытады, ойын дәйектеуге үйретеді.

Сабақ ресурстары:

Плакат, стикер, маркер, «Блум таксономиясын» сипаттайтын слайд, А4 қағазы

Оқыту әдісі:

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту

Орындалатын тапсырмалар:

«Көңілді күн» сергіту сәті, ертегі бойынша сұрақ дайындату. Топтық жұмыста постер құру.

Коучинг сессияның мазмұны

Жұмыс кезеңдері

Коуч әрекеті

Мұғалімдер әрекеті

1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу

«Ақ тілек» тренингін ұйымдастырады.

«Пазл» әдісі арқылы мұғалімдерді 3 топқа бөледі

.

Мұғалімдер ортаға шығады, шеңбер жасайды және бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.Үш топқа бөлінеді.

2. Блум таксономиясы бойынша 6 деңгейлі құрылыммен таныса отырып, оқушы әрекетін құрылымдау.

3.Миға шабуыл

2.Қатысушыларға Блум таксономиясы бойынша теориялық материалдар мен таныстырылым ұсынылады.

«Бауырсақ» ертегісін еске түсіру үшін мұғалімдерге үзінді көрсетіледі де, 3 сұрақ құруға тапсырма береді.

2.Қатысушыларға Блум таксономиясы бойынша 6 деңгейлі құрылымының теориялық мәліметі беріледі, танысады.

Мұғалімдер топтасып, ертегі оқиғасын еске түсіргеннен кейін, постердің бірінші бөлігіне фильм оқиғасына сәйкес сұрақтарын жазады.

4. «Блум таксономиясы» стратегияларымен жұмыс ұйымдастыру













5. Сергіту сәті

6.Топтық жұмыс

Мұғалімдерге таныстырылым көрсетеді және Блум таксономиясына негіздеп сұрақ құрастыру үшін қажетті етістіктер ұсынады.

Тапсырма:

1. Ертегі оқиғасы бойынша Блумның ойлау деңгейлеріне сәйкес сұрақтар шығаруларыңызды сұраймын.

2. Өз құрастырған сұрақтарыңызбен салыстырыңыздар.

3. Сұрақтарыңыздың сәтті шыққан, сәтсіз шыққан жерлерін топпен талдаңыздар. Себебін анықтаңыздар. Қандай қиындықтар туындады? Өздері дайындаған сұрақтардың сәтті, сәтсіз шыққанын бағалау үшін үш түспен бояу тапсырылады. Блум таксономиясына сәйкес, аталған барлық деңгейлер сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қаралады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау және/немесе бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек.

Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

«Көңілді күн» бейнежазбасы

Постермен жұмыс

І-топқа «Бауырсақ» ертегісін Блум таксаномиясының өнімсіз деңгейіне (білу, түсіну, қолдану) жоспар құру.

ІІ-топқа «Бауырсақ» ертегісін Блум таксаномиясының өнімді деңгейіне (талдау, жинақтау, бағалау) жоспар құру.

ІІІ-топқа Блум таксаномисы мен дәстүрлі сабақ жоспарына Венн диаграммасын құру. Тиімділігін анықтау.

Блум теориясымен және сұрақтарын құрумен танысқаннан кейін, екінші бөлігіне Блум бойынша қайтадан сұрақтар әзірлейді.

Стикерлер арқылы өздері дайындаған сұрақтарына өздері баға береді және тақтаға шығып,сұрақтар неліктен үш түске бөлінгенін түсіндіреді (сәтті шыққан сұрақтар)

«Блум таксономиясы» стратегиясы жайлы мәлімет алады. Сын тұрғысынан ойлаудың ойлантудағы маңызымен және ойлаудың алты құралымен танысады.







Бейнежазбаны тамашалап билейді.

Әр топ талдайды, талқылайды, қорғайды.

7.Кері байланыс

Мұғалімдерге кері байланыс жасату үшін сұрақ қойылады.

«Блум таксономиясы» бойынша жұмысты ұйымдастырғанда неге қол жеткізуге болатыны жөнінде мұғалімдермен ой бөлісу жүргізіледі.

Блум бойынша сұрақ құрастыру тапсырмасын бергенде қиындық болды ма? Не себепті деп ойлайсыз?

Бүгінгі тапсырма сізге ойлануға мүмкіндік туғызды ма?

Жұмыс барысында арларыңызда керағар пікірлер болды ма,егер болса, оны қалыпты мәселе деп ойлайсыз ба?

Әр топ өз пікірін айтады.

8.Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын жазуға «Ауа райы» парақшасын таратады.

Әр топ коучинг туралы ойларын, сезімдерін жазады.



© 2010-2022