План урока по казахскому языку Оқу құралдары

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып 1 «В»

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқу құралдары туралы айту
2.Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;
3.Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, оқу құралдарын сауатты, таза ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы қорыту сабағы.
Сабақтың әдісі-тәсілдері: оқу- аудару, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі таратпалар, оқу құралдары бейнеленген суреттер, мозайка.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сәлемдесу.

Өткен сабақты сұрақ қою арқылы қайталап еске түсіру

Басымызды ұстаймыз.

Көзді көрсетеміз.

Оң қолыңды көтер.

Сол қолыңды көтер.

3. Балалар тақтаға назар аударыңдар.
Нелерді көріп тұрсыңдар? Бір сөзбен қалай атаймыз? Дұрыс, бұл оқу құралдары.
Біздің сабағымыздың тақырыбы: Оқу құралдары- учебные пренадлежности..
Сабағымыздың мақсаты: оқу құралдары туралы білу, дидактикалық ойын түрлері арқылы бекіту.
Жаңа сөздермен жұмыс істейміз. Мен дауыстап айтамын, оқушылар қайталайды. Жеке бірнеше оқушыға қайталатамын.

Күнделік-дневник Дәптер-тетрадь

План урока по казахскому языку Оқу құралдары
Сызғыш-линейка Қарындаш-карандашПлан урока по казахскому языку Оқу құралдары

План урока по казахскому языку Оқу құралдары План урока по казахскому языку Оқу құралдары

Өшіргіш-резинка Желім-клей

План урока по казахскому языку Оқу құралдары План урока по казахскому языку Оқу құралдары

Жазу дәптерлерімен жұмыс: «Әә» әрпі. Тақтаға жазып көрсетемін. Ә әрпінен басталатын сөздерді еске түсіреміз, қайталаймыз.
Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едік екеуін

Болып шықты он саусақ.


Ал, балалар, қазір мозайка құрастырамыз.

1 сурет.

План урока по казахскому языку Оқу құралдары

2 сурет.

План урока по казахскому языку Оқу құралдары

Мозайка құрастыру.

Сабақты бекіту: Сурет арқылы тағы да бір дауыстап, хормен оқу құралдарын қайталатып өтемін.

Үйге тапсырма: Сөздік жаттау.



© 2010-2022