ПП по казахскому языку на тему: Азаматтың арманы

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І тоқсан. 3-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 6

Пәні: қазақ тілі

І Модуль. Менің отбасым

Тақырыбы: Азаматтың арманы

Мақсаты:

1) білімділік: оқушылардың ілік септік, тәуелдік жалғау туралы білімдерін кеңейту.

2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.

3) тәрбиелік: ұқыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу, армандай білуге үйрету.

Түрі: жаңа сабақ Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Өлеңді сөздіктің көмегімен оқу. Сөздік

Ана деген адамзаттың анасы, адамзат-человечество

Ана деген сәбилердің панасы, пана - защитник, покравитель

Ана деген жарық жұлдыз, шырағың, шырақ - светило

Ана деген қайнар ыстық бұлағың. ыстық бұлақ - родник, горячий источник

Ана деген өмірдегі қамқорың, жан құрбы - близкая подруга

Ана деген сүйенерің, жан құрбың (О.Иманғалиев)

2-тапсырма. Ережені оқып, есте сақтау.

Тәуелдік жалғау - бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті екенін білдіре отырып, өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғауымен байланыстырып тұрады. Мысалы: әженің сөзі, ананың ақылы.

3-тапсырма. «Азаматтың арманы» мәтінін түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Азамат сегіз жасынан бастап дәрігер болуды армандады. Көп ауырып қалатын анасын өзі емдеп жазғысы келді. Азамат - атына заты сай бала. Үлкенді сылап, кездесіп қалса, сәлем беріп, алдарынан кесіп өтпеді. Ал кішіге қамқор болып, әрдайым көмек беретін. Күндіз еш нәрсені елемейтіндей көңілді болып жүретін бала кешкеұйықтар алдында анасына білдіртпей жылап алатын. Ол үнемі «анамнан айырылып қалам ба» деп қорқатын. Әдебиет сабағында жазатын шығармаларының көпшілігінде «дәрігер болсам» деп жазды. Уақыт зымырап өтіп жатты. Биыл Азамат мектепті бітірді. Армандаған оқуына ақысыз түсті. Ол анасының жанын үнемі алға жетелеген үмітімен, жақсы атымен емдеп келді. «Енді анамды ауруынан емдеп жазамын» деп қуанышы қойнына сыймай жүр.

Сөздікпен жұмыс

Армандау - мечтать

Емдеп жазу - вылечить

Кішіге қамқор болу - заботиться о младших

Көмек беру - помогать

Елемеу - не обращать внимание, не реагировать

Шығарма - сочинение

Зымырап - стремительно

Ақысыз - бесплатно

Алға жетелеу - двигать вперед


Сұрақтар:

  1. Азамат кім болуды армандады?

  2. Азамат дәрігер болуды не үшін армандады?

  3. Азамат қандай бала?

  4. Бала неден қорықты?

  5. Ол әдебиет сабағында шығармаларын қалай жазды?

  6. Азамат қандай оқуға түсті деп ойлайсыңдар?

Сабақты қорыту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 4-тапсырма. Мәтіннен алынған мына сөздерге тәуелдік және ілік септік жалғауларын жалғап, байланыстырыңдар. Олардан сөйлем құраңдар.

Азамат, арман; анасы, ауру; үлкен, қамқор; Азамат, мектеп; ана, жан; бала, қуаныш. Үлгі:Азаматтың арманы. Азаматтың арманы дәрігер болу еді.

Бағалау

© 2010-2022