Поурочный план по казахской литературе на тему Магжан Жумабаев (5 класс)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: ақынның өмірі мен шығармасы туралы оқушыларға түсініктеме беру. Өлеңдерін оқытып идеясы мен сюжеті туралы түсіндіру. Басты тақырыбы қандай?

Ә)дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып,сөздік қорларын байыту.

Б)тәрбиелік: адамгершілік,имангершілік қасиеттерге.

Сабақтың әдісі мен тәсілдері: мәнерлеп оқу,түсіндіру,баяндау

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекіліг: ақынның суреті

Жұмыс формалары: топтық

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды амандасу арқылы түгендеу.

Сабаққа әзірліктерін тексеру.

Оқушы назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

III.Жаңа сабақты пысықтау

  1. Сөздік жұмыс:

Айбатты - грозный (как лев)

Қайратты - энергичный (сильный)

Көздерінде от ойнар - на глазах пылающий огонь

Жаннан қымбат оларға ар - честь для них дороже жизни

Мен жастарға сенемін - я верю молодым

2. Кіріспе сөз.

Мағжан Жұмабаев -қазақ әдебиетінің аса талантты,қиялы ұшқыр ақын. Ақын халқына, Отанына арнап өлеңдер жазған. Оның өлеңдері екпінді, қуатты болып келеді.

Балаларға арнап «бесік жыры», «туған жер», «Бала мен құс» және т.б. өлеңдер жазды.

Мағжан Жұмабаев.


Поурочный план по казахской литературе на тему Магжан Жумабаев (5 класс)Поурочный план по казахской литературе на тему Магжан Жумабаев (5 класс)Ақын,аудармашы,қоғам қайраткері

1893ж.Солтүстік Қазақстан обл. Баянауыл ауданы.

Ауыл молдасы

Ақмола,Уфа медресе арабша, парсыша, түрікше

Омбы қ.мұғалім

1912ж .«Шолпан» Қазан қаласы.

Ташкент қазақ-қырғыз институты

1922ж. «Батыр-Баян».

1928ж. Мәскеу қ. В.Брюсов атындағы Көркем әдебиет

институты . Мәскеу қ.Күншығыс баспасында

аудармашы.

Қызылжарда ,Бурабайда мұғалім.

1929ж. «Халық жауы»

Поурочный план по казахской литературе на тему Магжан Жумабаев (5 класс)




IПоурочный план по казахской литературе на тему Магжан Жумабаев (5 класс)-деңгей.

1.Мағжан кім? Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

2.Ақын нені аңсады?

3.Мағжан кімдерге сеңді?

II-деңгей. Кестені толтырып, мазмұнын айтыңдар.

Поурочный план по казахской литературе на тему Магжан Жумабаев (5 класс)


3.Мәтінмен жұмыс

«Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқып,аудару.

Мен жастарға сенемін.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанаты,

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздеріңде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Жас қыранда балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін.

СПоурочный план по казахской литературе на тему Магжан Жумабаев (5 класс)ұрақтар:

1.Өлеңнің кейіпкерлері кімдер?

2.Ақын жастарды нелерге теңеген?

3.Ақын жастарды қандай көңіл-күймен жырлаған?

4.Ақын жырлаған жастар қандай екен?

5.Ақын неліктен жастарға сенеді?

IV.Сабақты бекіту:

Поурочный план по казахской литературе на тему Магжан Жумабаев (5 класс)

Тапсырмалар:

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтып үйреніңдер.

2.Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыңдар.

3.Өлеңдегі теңеулерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар.

4. «Қандай» деген сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар.

5.Арлы бала деген қандай бала?

6.Өз достары ішінен кімдерді айтар едіңдер?

V.Сабақты қорытындылау:

Мағжан жұмабаевтың өлеңдер не туралы жазылған? Тақырыбы қандай: Кімдерге арнап жазған:Жастарды неге үлгі тұтады? Қандай алға мақсат қойған?

VI.Үй тапсырмасы:

Оқып келу,қосымша мәліметтер жинау.

VII. Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.



© 2010-2022