Ашық сабақ. Тақырыбы: Мұражай. 9 сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мұражайлары.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан мұражайлары туралы мәлімет беру, балалардың тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, әдемі көркем жазуға дағдыландыру, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, мұражайлар туралы кеңінен білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
Мәтінді сауатты, түсініп оқуға дағдыландыру, бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерін тереңдету, ойда қалғандарын нақтылау; сөз таптарын практикалық жолмен меңгерту;
Оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;
Сауаттылыққа, дұрыс сөйлей білуге, адами қасиеттерге тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже:
Қазақстанның мұражайлары туралы түсініктерін кеңейеді.
Мәтінмен танысып, сөздікпен жұмыстану арқылы сөздік қорлары көбейеді.
Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы талдау дағдылары жетіледі.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу, топтық жұмыс, ой қозғау, түсіндіру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар, грамматикалық кестелер, суреттер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сабақтың тақырыбымен таныстыру, мақсатын айту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Мұражай сөзі нені білдіреді?

  • Мұражай қандай қызмет атқарады?

  • Мұражайдың рөлі қандай?

  • Мұражай қандай топтарға бөлінеді?

  • Мұражай ісінің негізгі бағыттары қандай?

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

  • «Қазақстан мұражайлары» атты мәтінді түсініп оқу, аудару.

Қазақстанда 1913 жылы - 3, 1927 жылы - 6, 1937 жылы - 19, 1939 жылы - 25, 1970 жылы - 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражайлар саны 154-ке жетті.
Оңтүстік мемлекеттік мұражайы (1930), Әбілхан Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы (1962), ҚР Археология мұражайы (1973), Кітап мұражайы (1978), Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы (1980), ұлттық валюта мұражайы (1980), Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы (1994), Президенттік мәдени орталық (2000), Мемориалдық мұражайлар да Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы, абай-Шәкәрім кешені, Д.Қонаевтің, Қ.Сәтбаевтің, Ж.Жабаевтің, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемориалдық мұражайлары. Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне:

  • Көрмелер;

  • Экспозициялар ұйымдастыру;

  • Тақырыптық дәрістер;

  • Ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу;

  • Мұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады.

Мысалы, қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізіледі.

  • Сұрақтарға толық жауап беріңдер.

  • Қазақстанның мұражай саны қаншаға жетті?

  • Мұражайдың қандай түрлерін білесіңдер? Атап шығыңдар.

  • Олар нешінші жылдары құрылған?

  • Қандай мемориалдық мұражайларды білесіңдер?

  • Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне нелер жатады?

ІV. Топпен жұмыс.

  • Сызба бойынша мәтін дайындаңдар.

Ашық сабақ. Тақырыбы: Мұражай. 9 сынып Ашық сабақ. Тақырыбы: Мұражай. 9 сынып

2. Сандарды сөйлет. Әр топ үш сөйлемнен құрастырады.

Тақтада берілген кестені толтыр. Қай мұражай қай жылы құрылғанын айт, дәптеріңе жаз.


Жылы

Мұражайдың аты

1930

1935

1973

1980

1994

2000

V. Бекіту.

  • Сұрақ - жауап.

  • Қазақстанның қандай мұражайларын білесіңдер?

  • Қазіргі кезде Қазақстанда неше мұражай бар?

  • Мұражайдың қандай түрлері бар?

  • Қандай атақты адамдарға мұражайлар арналған?

  • А.С.Макаренко атындағы орта мектепте мұражай бар ма?

  • Ол кімге арналған?

  • Анатолий Юрьевич Господарь кім?

  • Ол қай жылы өмірге келді?

  • Ол балалар үйіне қандай із қалдырған?

  • Неше жыл өмір сүрді?

  • Оның отбасы туралы сен не білесің?

  • Анатолий Юрьевич қайда оқыған?

  • Кім болып жұмыс істеген?

  • Балаларды А.Ю.Господарь атындағы мұражаймен таныстыру. Қысқаша мәлімет беру. (слайд көрсету)

Господарь Анатолий Юрьевичке арналған мұражай 2005 жылы Есіл қаласындағы № 2 балалар үйінде, өзінің бұрынғы кабинетінде құрылған. Мұражай құрылған кезінде ең алдымен балалар үйінің тәрбиеленушілері, мұғалімдер, туған-туысқандары қол салды.
С.А. Назарбаева айтқандай: «Мұғалім біздің болашағымызға, ең біріншіден, өз үлестерін, шеберлігін қосу керек». Осы сөз Господарь А.Ю. туралы.
Ол - Қазақстан Республикасының сіңірген ұзтазы, шебері. Оның көптеген мадақтама қағаздары мен атақтары бар. Мұражайдағы экспозициялар бірнеше түрлерге бөлінеді. Жұмыс үстелі, шкаф, фотосуреттер мен деректі қағаздар, фильмдер осы мұражайда сақталуда. Мұражай неше түрлі көрмелерге толы. Мұражайдың есігі әрқашан ашық.
Анатолий Юрьевич Господарь 1938 жылы 11 маусымда Украинаның Нелепино ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң, Львов қаласындағы шеберлік училищесінде оқиды. 14 маманға ие болып, 1956 жылы комсомол жолдауымен Қазақстан жеріне келеді. Ол тың жерін игереді. 1966 жылдан бастап өз өмірін балаларға арнайды. Мектепте шене шынықтыру мұғалімі, сонан соң тарих мұғалімі болып жұмыс істейді. 1971 жылы Семей қаласындағы Крупская атындағы педагогикалық институтта оқиды. Торғай облысына көшіп келеді, Есіл қаласында Макаренко орта мектебінде жұмысын жалғастырады.1982 жылдан 2005 жылға дейін өз өмірін, білімін балалар үйіне арнайды.
Көкөніс -жемістерді өсіріп, балалар үйінің шағын шаруашылығын ашады, бір орында тұрмай мал өсіру шаруашылығын жалғастырады. Балалармен бірге күні бойы далада, бақшада, қорада тыңбай жұмыс жүргізеді. Салауатты өмір сүруге шақырады, баскетбол, волейбол, т.б. түрлі спорт ойындарын көтереді.
Балалар үйі, мектеп алды толған гүл, ағаштар мен сәнді бұталар. Соның бәрі - әкеміздей көрген бастығымыздың арқасы.
2005 жылғы ақпан айында Господарь Анатолий Юрьевич дүние салды. Бірақ ол - балалар үйінің тәрбиеленушілердің есінде үлкен із қалдырды.

  • Тестілеу.

  • Мұражай қай тілден аударғанда «муза сарайы» дегенді білдіреді?

А. латын тілінен
Б. грек тілінен
В. парсы тілінен
Д. орыс тілінен
2. Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды?
А. мәдени құндылықтар
Б. қазыналық қор
В. көне замандардағы коллекциялар
Д. бағалы бұйымдар

3. Ә.Қастеев атындағы республикалық мұражайы қалай аталады?
А. археология мұражайы
Б. кітап мұражайы
В. асыл металдар мұражайы
Д. өнер мұражайы

4. Қазақстанда қазіргі уақытта мұражайдың саны қанша болды?
А. 3
Б. 29
В. 25
Д. 154

5. М.О.Әуезов атындағы мұражай қай жылы құрылды?
А. 1920 жылы
Б. 1985 жылы
В. 1962 жылы
Д. 1951 жылы

6 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің мұражайы қай қалада?
А. Алматы
Б. Ақтөбе
В. Астана
Д. Қарағанды

VI. Грамматикалық тақырыппен жұмыс.
1. Сан есімге түсінік беру, мысалдар келтіру.
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Тұлғасына қарай сан есім қандай болады?
- Құрамына қарай сан есімнің түрін анықта.
- Мағынасына қарай сан есімдерді ата.
- Жинақтық сан есім қандай жұрнақтар арқылы құрылады?
- Реттік сан есімнің жұрнақтарын атаңдар.
- Оннан бес - қандай сан есімнің түріне жатады?

2. Морфологиялық талдау жасау: жетеу, тоқсан төртінші.
Мысалы:
Жетеу - нешеу? Сан есім
І. Дара, туынды, жинақтық
ІІ. Жет - түбір
Еу - сөз тудырушы жұрнақ, жинақтық сан есімнің жұрнағы.
ІІІ. жетеу - анықтауыш
Тоқсан төртінші - нешінші? Сан есім.
І. Күрделі, туынды, реттік
ІІ. Тоқсан - түбір, төрт - түбір;
Інші - реттік сан есімнің жұрнағы, сөз тудырушы жұрнақ.
ІІІ. Тоқсан төртінші - анықтауыш

VII. Балалардың білімін бағалау.
VIII. Қорытындылау.



© 2010-2022