Конспект конкурса Тапқыр достар

Конспект конкурса на знание казахского языка для учеников других национальностейБаршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп к...
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Армысыздар қадырменді ұстаздар және оқушылар! Тіл айлығы аясында орыс сынып оқушылары арасында өткізіліп жатқан «Тапқыр достар» интелектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Деп сайысымыздың қатысушыларын ортаға шақырамыз.

8 ә сынып оқушылары

8 б сынып оқушылары

Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Тіл - әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы - сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту - бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып - Қазақ тілі белгіленеді.

Бұл сайыста біз оқушыларымыздың қазақ тілін қаншалық деңгейде меңгергенін, мемлекеттік тілде сөйлеу қабілетін анықтаймыз.

Бүгінгі сайысымыздің әділетті өтуі үшін мыңнан озық жүзден жүйрік оқушыларды анықтайтын әділ қазыларымызбен таныстырып өтейін.

1 - ______________________________________________________________

2 - ______________________________________________________________

3 - ______________________________________________________________

Бүгінгі сайысымыз VI кезеңнен тұрады. Әр бір турдың ережелері сол тур басталған кезде түсіндіріледі.

I тур «Таныстыру»

Бұл турда қатысушылар өлең, тақпақ немесе мәнерлі сөзбен өз командасын және команда мүшелерін таныстырады. Егер сіздерге бәрі түсінікті болса, қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып біз сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.

II тур «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Бұл кезеңде қатысушылар артында әріптер жасырылған карточкаларды таңдап алады. Одан кейін берілген сұрақтарға сол қолдарыңыздағы әріптерден басталатын сөздермен жауап берулеріңіз керек. Ойлануға 3 секунд беріледі, егер жауап жоқ болса «жауап жоқ » деп айтасыздар. Барлығы 20 сұрақтың барлығы оқылады. Әр командаға қанша сөз тапса сонша ұпай беріледі Егер сіздерге бұл кезеңнің шарты түсінікті болса біз бастаймыз.

1 - командаға сұрақтар Ә Е М О Ш

1. Туған жерің Жаркентпа?

2. Тай қазанның тарихын білесіңбе

3. Қылықты қызға құда түсер ме едіңіз?

4. Қағазды қалай жасайды?

5. Жаркентте не бар?

6. Қыздың сырын кім біледі?

7. Бүгін ауа райы қандай?

8. Күнделікке не жазасыз?

9. Ашыған сүттен құрт жасай ма?

10. Жақында қандай кітап оқыдыңыз?

11. Тойды Жаркентте жасайсыз ба?

12. Күлкі өмірді ұзартама?

13. Кішінің кішіпейілдігін қайдан танисыз?

14. Мүшайраға кімдер қатысады?

15. Келіннің міндеті не?

16. Ұлдар қыздардан не жасырады?

17. Көне қалаларды атаңыз?

18. Әр үйдің алтын деңгегі не?

19. Беспармақта бессаусақ пен жейме?

20. Шегірткенің шыбыннан айырмашылығы?

2 - команда сұрақтары Қ Д И С Т

1. Жаркенттің қыздары қандай?

2. Бұйымтайыңызды айтыңыз?

3. Сүйікті әншіңіз?

4. Жүзікті қай кезде силайды?

5. Ең үлкен қала?

6. Тамызда Жаркентте не болады?

7. Көлік жанармайсыз жүре ме?

8. Көңіл көлдей шалқи ма?

9. Сұлу сөзіне синоним айтыңыз?

10. Өнер алды не?

11. Жігітіңіз бар ма?

12. Ас адамның ...

13. Ақылды адамды қалай танисыз?

14. Абайдың өлеңін атаңыз?

15. Аспанда неше жұлдыз бар?

16. Күннің түсі қандай?

17. Бесті беске қос са?

18. «Абай жолы» эпопеясының авторы?

19. Қыста не жауады?

20. Қолымда неше қалам бар?

Бұл соңғы сұрақ, осымен бұл кезең аяқталды.

III тур «Сөз құрастыру»

Бұл кезеңде сіздерге бір күрделі сөз беріледі, ал қатысушылар сол сөздегі әріптерден басқа сіздерді құрастыру қажет. Сіздерге тек 1 минут уақыт беріледі. «Қ А Л А М Қ А С» сөзі.

IV тур «Бәйге»

Бұл кезеңде қатысушылар алдындағы сандарды таңдайды. Сұрақтар сол сандарға қарай жеңіл немесе күрделі болады. Егер сұрақтарға дұрыс жауап берсе санына сәйкес ұпай беріледі

«5» - Бір бұынды сөз тасмалданама?

«5» - «Білежүзік» сөзінің жасалу жолан атаңыз?

«10» - Базарда сусындар сататын адамды инпровизациялаңыз.

«10» - Сабақ білмейтін оқушыдан жауап алып жатқан ұстазды

инпровизвциялаңыз

«15» - Әнұранның авторларын атаңыз

«15» - Қазақстан Республикасы Конституциясының тарауларын атап беріңіз

V тур «Жұмбақтау»

Бұл кезеңде қатысушылар карточкаларды алады, сол карточкалар артында жазылған сөздерді көрермендерге жұмбақтап, мимика және пантомимика арқылы түсіндіру қажет. Қатысушылар неше сөзді түсіндіре алса сонша ұпай алады.

1 - команда: гүл, қуыршақ, шаңырақ, ешкі, ұстаз, құрт, тақия, періште, көл, Абай Құненбаев.

2 - команда: жапырақ, сәукеле, оқушы, түйе, құмырсқа, таразы, тау, мөлдір, Ыбырай Алтынсарин, президент.

Жеңімпазды анықтау.

Ал енді біз бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз әділ қазыларға беріледі.

VI тур «Қолқа салу»

Сайысымыздың соңғы айналымы. Бұл кезеңде жеңімпаз команда жеңілген командаға қолқа салады. Жеңілген команда ән, өлең айту, инпровизация көрсету қажет.

: «Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»-деп, Ж.Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл - қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

Осымен сайысымыз аяқталды, құрметті ұстаздар және оқушылыр бүгінгі «Тапқыр достар» атты интелектуалды сайысымызды көріп, тамашалап, қатысқандарыңызға рахмет. Қайта жүздескенше аман сау болыңыздар.

Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.


© 2010-2022