Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. Бастауыш 8-сынып

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып

Қазақ тілі

Тақырыбы: Жаттығу-талдау

Мақсаты: білімділік - бастауыштың жасалу жолдарын еске түсіре отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу; дамытушылық - әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы ізденушілік, танымдық қабілеттерін дамыту; тәрбиелік - ақылдылыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интер. тақта,

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру бөлімі

а) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Берілген тапсырманы тексеру.

Сұрақтармен пысықтау.

  1. Бастауыш дегеніміз не?

  2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Бастауыш қай сөз таптарынан жасалады?

ІІІ Жаңа сабақ

Қайталау - оқу анасы

Тапсырма: бастауышты тап.

1. Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл... (А)

2. Оқыған жетер мұратқа.

3. Байлық - қанағат пен еңбекте. (Ы.А.)

Бастауыш қай сөз табынан?

1. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі.

2. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де, халықтық тіл дәуірін де бастан кешірді.

Берілген сөздерді бастауыш етіп сөйлем құра, морфологиялық талдау жаса.

Адам, адамгершілік, қайталау, отыз алты, Абылай хан, жиырма бес, сұлу, жақсы жүгіру, көрмес, көрмедегілер, адамның сұлулығы.

Көрмес - түйені де көрмес.

Көрмес - дара бастауыш, етістіктен жасалған, түбірі - көр: етістік, -ме - болымсыз етістіктің жұрнағы, -с - есімшенің жұрнағы.

IVБекіту

  1. Бастауыштың сұрақтары қандай?

  2. Бастауыш баяндауышпен қалай байланысады?

  3. Бастауыш қай септікте тұрады?

  4. Дара, күрделі, үйірлі бастауыш дегеніміз не?

V Қорыту

VI Үйге тапсырма: ереже оқу

VII Бағалау

© 2010-2022