7-сынып қысқа мерзімді жоспар Әнші

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:7

Сабақ тақырыбы:

Ж.Аймауытов. «Әнші» әңгімесі

Жалпы мақсат:

Ж. Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, шығарманың тілі мен мазмұнына талдау жасату, Әмірқан бейнесін жан-жақты талдау

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:


  1. Ж. Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім алады

  2. Тапсырмалар орындау арқылы сыни ойлауы дамиды.

  3. Әңгіме мазмұнын жоспарлап, жүйелі баяндайды.

  4. Сұхбат (диалог) арқылы сөйлеу тілі дамиды

5.Бағалауда нақтылықты меңгереді.


Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайдтар, сурет, қанатты сөз

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Шоқ гүлдер» караоке плюс сөздерімен ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Караокамен әнді қосылып айтады. Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Жаныңды жадыратар, көңіліңді көтерер ән құдіретін сезіндік деп ойлаймын. Осындай ән құдіреті, әнші таланты туралы жазылған шығармалардың бірі Ж.Аймауытовтың "Әнші"әңгімесі бойынша үйге берілген тапсырманы орындау үшін оқушылар ұяшықтардың біреуін таңдайды. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтары беріледі.

1-топ. Ж.Аймауытов өмірі. "Жылдар сөйлейді"

2-топ. «Әңгіме кестесі»

- Әңгіменің аты

- Авторы

- Кейіпкерлері

-Әңгімеде суреттелетін оқиға.

- Әңгіме немен аяқталады?

- Әңгіменің ұнаған тұсы.

3 -топ. Сөзмаржан. Салт-дәстүрге байланысты және әңгіме мазмұнына нұсқайтын сөздер мен сөз тіркестерін,көнерген сөздерді табады

Талдау,жинақтау,

қорыту

ІІІ. Жаңа тақырып

«Әнші » әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі

1.Оқушылық деңгей. Әмірқан туралы не білдік?

- Әмірқан әншілік өнерді кімнен үйренді?

- Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды? Өнерді қалай түсінеді?

- Әмірқанның әл-ауқаты, үй тұрмысы қандай?

2. Алгоритмдік деңгей Оқулықпен жұмыс

Оқулықты пайдалана отырып, шығарма тілімен Әмірқанға сипаттама беру

3.Эвристикалық деңгей. "Тұлғаны танып біл". Әміре Қашаубаев кім?

Шығармада өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесі беріледі, әнші өмірінің бір сәті әңгімеге өзек болады.

Оқулықтағы мәтін бойынша түсінгенін баяндайды

Оқулықпен жұмыс жасайды.

Қосымша деректер іздейді.Реферат жазады.Таныстырылым көрсетеді.

IV.Шығармашылық жұмыс

4. Шығармашылық деңгей

Эссе."Менің сүйікті әншім"

Эссе жазады


V.Қорытындылау

Семантикалық карта

"Қымыз әкелейін бе?" - дегендей көзі күлімдей карады

Шәуілі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер жігіт

"Жалғыз шалды" бастағаннан міңгірледі,тө

беге ұрғандай тұрып қалды

Менің жүрмеген жерім, көрмеген елім бар ма?

Әмірқандікі қаланың дәл шетінде

Автор


Студент қыз

Шәкет

Әмірқан


VI. Үйге тапсырмасын беру

Өнер, өнер адамының тағдыры суреттелген шығармалар оқу

Үй тапсырмасын алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары

«Екі жұлдыз, бір тілек »



© 2010-2022