Класные часы на тему Сегіз қырлы, бір сырлы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сегіз қырлы, бір сырлы»

Мақсаты: Ер балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрлерін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіш, патриоттық сезімдерге баули отырып, өз мамандықтарының қыр- сырын ұғындыру

Көрнекілігі: Мультимедиялық құрылғы, плакат, маркер

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келуші қонақтар сайысқа қатысушы сайыскерлер! «Сегіз қырлы, бір сырлы» сыныптан тыс шарасын ашық деп жариялаймыз.

Сайысымыз Ү турдан тұрады:

  1. «Таныстыру»

  2. «Үй тапсырмасы»

  3. «Тапқырлық»

  4. «Поэзия минуты»

  5. «Менің болашақ мамандығым»

Бүгін үш топ өз бақтарын сынамақшы.Сайысымыз бес турдан тұрады. Сахнамызға сұлу да сымбатты, сыпайы да ұстамды, өрпелі де өнерлі, жігерлі, сері жігіттерді шақырайық.

Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен,

Құрсын соғыс ерлерді азып күткен.

Өжеттікпен, ерлікпен емес, қыздар,

Жігіттерді сыйлайық нәзіктікпен, - деп алғашқы сайысымызды «Таныстырумен» бастайық. Ал, жігіттер сіздерге сәттілік тілейміз!

(Сайыскерлер өздерін таныстырады)

Жүргізуші: «Еңбек ердің - санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл- парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата- анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Ендігі кезек «Үй тапсырмасы». Бұл турда сайыскерлер өздерінің өнерлерін көрсетеді. Ал бастайық, жігіттер!

Жүргізуші: Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Тапқырлық». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз өздерінің білімдерін сынайды. Берілетін сұрақтар өздерінің алып жатқан мамандықтарына байланысты.

  1. Пісірушінің киімі:

  • Куртка

  • Шалбар

  • Қолғап

  • Аяқ киім

  • Бас киім

  1. Пісірушінің құрал - сайманы:

  • Темір щетка

  • Клейма

  • Шапқы

  • Балға

  • Шаблон

  • Сызғыш

  • Бұрыштық

  1. Қандай сантехникалық жүйелерді білесіңдер?

  • Сумен қамту жүйесі

  • Жылумен қамту жүйесі

  • Газбен қамту жүйесі

  • Канализациямен қамту жүйесі

  1. Қандай пісіру жабдықтарын білесіңдер?

  • Электрмен пісіру

  • Газбен пісіру

Жүргізуші: Көрермендермен ойын

  1. Ұлтымыз -.................( қазақ)

  2. 1511 ж. хандық билікті басқарған хан.............? (Қасым)

  3. Шыңғыс ханның заңы..........? (Жасақ)

  4. Әбу насыр Әл - Фарабидің туған жері: .............. (Фараб)

  5. Малынан айырылған кедей...............(жатақ)

  6. Әбілхайыр ханды өлтірген сұлтан.............. (Барақ)

Жүргізуші: Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе,

Неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,

Шырақтардан, аттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

Махаббаттан іздедім алып ұшқан,

Сәттерімнен іздедім жаңылысқан.

Сені іздедім жадырау, жабығыстан, - дегендей келесі сайысымыз «Поэзия минутына» арналады. Бұл кезеңде әр топ мамандықтарына сай өлең шығару керек. Уақыт кетті.

Жүргізуші: Көрермендермен ойын

«Ең жақсы» ойыны

Ережесі: Қазір бірнеше мамандыққа мінездеме беріледі, ал сіздер берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтуларыңыз керек?

  1. Ең ақшалы қай мамандық? (экономист, есепші)

  2. Ең тәтті қай мамандық? (аспазшы, кондитер)

  3. Ең күлкілі қай мамандық?(сайқымазақ)

  4. Ең жауапты қай мамандық? (дәрігер, мұғалім, сот , есепші)

  5. Ең салмақты қай мамандық? (заңгер, мұғалім)

  6. Ең қарым - қатынасы күшті қай мамандық? (бизнесмен)

Енді ортаға бір оқушыны шығарайық. Ол оқушыға мінездеме берейік. Мысалы: мінезіне сай ол қандай мамандық иесі бола алады?

Жүргізуші: Келесі сайысымыздың бөлімі «Менің болашақ мамандығым» деп аталады. Қолдарыңызға плакат, маркер беріледі. Сіз өзіңіздің мамандықтарыңызды қалай жарнамалар едіңіз?

Жүргізуші: Бабаларымыз ер жігіттің басына «Алты асыл қасиет» талап еткен екен. Олар:

  1. Өнерлі өрісі болсын

  2. Тапқырлық, талап, ерлігі болсын

  3. Жігер күші болсын

  4. Қайрат қаруы болсын

  5. Білімі болсын

  6. Зерделі болсын, - деп айтқан екен. Олай болса бұл қасиеттердің барлығы да біздің сайыскерлеріміздің бойынан табылған секілді. Кезекті әділ қазылар алқасына береміз.

Қорытынды.

Ұлым!

Сен жігіт болсаң кең тұлғалы

Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы.

Сан шыңға шыдай біл,

Тек төзе көрме

Жала сөз айтса біреу ел туралы!

Тасқынның қабаттаса толқындары

Мүмкін ғой жартасында солқылдауы.

Сен ерсің!

Ерлерше сүй Отаныңды,

Жаман сөз естімейін сен туралы, - дей келе жігіттер сіздерге тек сәтті сапар тілейміз!







© 2010-2022