Урок по казахской литературе на тему Абайдың 37-қара сөзі (10-класс)

Урок посвящен на тему слова назидания великого казахского поэта Абая.«Слова назидания» — фундаментальное произведение великого поэта и просветителя А.Кунанбаева, которое состоит из 45 кратких притч и философских трактатов. В этой прозаической поэме поднимаются проблемы национального воспитания и мировоззрения, морали и права, историй казахов.Абай написал «Слова назидания» на склоне лет, уже познав искушения власти и тяготы земных дел, признание народа и потерю близких. Они распространялись путё...
Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

23.01.2015ж


сәрсенбі

6-сабақ 10 «ә» ІІІ тоқсан

Сабақтың тақырыбы:


отыз жетінші қарасөзі

Жалпы мақсаты:

Абайдың отыз жетінші қарасөзінің мазмұнын меңгерту. Оқушыларды

шығармашылыққа,ізденіске баулу,оқушының өзіндік пікірінің

қалыптасуына ықпал жасау. Абай еңбектерін оқу арқылы

адамгершілігі мол, ғылым-білімді жан-жақты меңгерген,

көкірегі ояу, елін,жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

Абай қарасөздерінде келтірілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдады. (барлығы) Заман талабына сай құрал-жабдықтарды қолдана алды.(кейбіреуі)


Әдіс - тәсілдер:

ОЖТ: Топқа бөліну, сұрақ - рефлексия, «Екі жұлдыз, бір тілек»


Түйінді идеялар:

Абайдың қарасөздері көркем шығарма түрінде емес,ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған философиялық үлгіде жазылған.

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе

Уақыты:

5-7 минут

Сергіту сәті: «Шеңбердегі өлең»

Оқушылар дөңгелек жасап тұрады, бірінші оқушы Абайдың кез келген өлеңінің бір шумағын айтады, қасындағы оқушы жалғастырады. Осылайша әр оқушы Абайдың өзі сүйіп оқып, жаттап алған өлеңінің бір шумағынан айтып шығады.

Стикерлерінің түсі арқылы «Ақыл, «Қайрат», «Жүрек» атты топтарға бөлінеді

Тұсаукесер

Уақыты:

8-10 минут


Негізгі бөлім

Уақыты:

20 минут




















Қорытынды

Уақыты:

5-8 минут


  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: А.Құнанбаевтың отыз жетінші қарасөзі. Ендеше, барлығымыз бірлесе отырып сабағымыздың мақсатын анықтайық. Ал осы мақсатқа жету үшін қандай сұрақ туындайды?

  • Үй тапсырмасын тексеру:

  • «Элективті тест» Қай қара сөзінен?

  • 1. Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды.

  • а.33 в.29 с.25 д.6 е.19

  • 2. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал?

  • а.33 в.29 с.25 д.6 е.19

  • 3. «Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік?

  • а.25 в.33 с.29 д.19 е.6

  • 4. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.

  • А.29 в. 33 с.6 д.25 е.19

  • 5. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазір де орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны, бір жағынан, бұзып жатыр.

  • а.33 в.29 с.25 д.6 е.19

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Бүгінгі сабақта Абайдың философ екенін дәлелдейтін өмірінің соңғы кездерінде жазылған еңбегі қарасөздерімен танысамыз. Абайдың І-ші сөзін жатқа оқи отыра түсіндіру.

Абай қарасөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді. Қарасөздері арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды көздейді.Бүгінгі сабағымызда сөз еткелі отырғанымыз - 37- қарасөзі

  • Жаңа тақырыпты түсіну:

  • Инт.тақтадан аудиожазбасын тыңдап, талдайды.

  • Түрткі болу, сынақтан өткізу, кері бағыттау сұрақтарына жауап береді:

  • 1. Абайдың бұл қарасөзі не туралы?

  • 2. «Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал» деген жолдарды қалай түсінеміз? Неге көпте ақыл жоқ дейді? Көптің қайраты туралы не айтпақ болған?

  • 3. «Қайратсыз ашу - тұл,
    Тұрлаусыз ғашық - тұл,
    Шәкіртсіз ғалым - тұл» дейді ақын. Неліктен? Тұрлаусыз ғашық тұл боларына мысал келтіріңіз.

  • 4. «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват» деген жолдары бүгінгі күнмен үндесе ме? Түсіндіріңіз.

Тапсырма концептуалдық кесте толтыру.

І топқа

Абайдың қарасөздерінің ұнаған тұстары

Себебі




  • ІІ топқа:

    Абайдың сөзі

    Абайдың айтпақ ойын анықтайтын мағыналас мақал- мәтел табу

    1

    Жаман дос-көлеңке.

    Басыңды күн шалса,

    Қашып құтыла алмайсың.

    Басыңды бұлт алса,

    Іздеп таба алмайсың.

    2

    Әкесінің баласы- адамның дұшпаны,

    Адамның баласы- бауырың.

    3

    Дүние - үлкен көл,
    Заман - соққан жел,
    Алдыңғы толқын - ағалар,
    Артқы толқын - інілер,
    Кезекпенен өлінер,
    Баяғыдай көрінер.

    4

    Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені.


  • ІІІ топқа:

    Р/с

    Абай пікірі

    Сенің пікірің

    1.

    Егерде мал керек болса қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды.


    2.

    Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым , ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылдық.


    3

    Биік мансап - биік жартас
    Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
    Екпіндеп ұшып қыран да шығады;


  • Екі топқа ортақ тапсырма:

  • «Абай қарасөздері біз үшін...»

  • Білетін қарасөздерін мәнерлеп жатқа оқыту, оқу барысында сұрақтар беріп отыру, топтық талқылау.

«Өз ойыңды жеткіз» әдісі арқылы өз ойларын ортаға салады.

Бүгін сабақта мақсатымызға жеттік пе? Оны қалай дәлелдейміз? Сұрақтарымыз шешімін тапты ма?

Барлығы бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды және сол мақсатқа жету үшін қандай сұрақтың шешімін табулары керектігін анықтайды.








Бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіріп, осы қарасөздің сабақ боларлық түйінін анықтайды.













Рефлексия: «Білім ағашы»

Дереккөздер:

Қазақ әдебиеті пәні оқулығы. Мектеп баспасы 2014 Сілтемелер, қосымша материалдар

© 2010-2022