• Преподавателю
  • Другое
  • Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары

Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары



Көкшетау қаласы №5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Байсарина Гүлім Оразбайқызы



Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны баршамызға мәлім. Бүгінгі біздің шәкірттерімізге сапалы білім беріп, қоғамнан өз орындарын табуға, қоғамдық дәстүрлерді жалғастыруға дайындығы оларды қалыптастыру үрдісінің басты субьектінің бірі - мұғалімге, оның кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Сондықтан, ұстаздар қауымы өз білімдерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.

К. Ушинский «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,- деген даналығында. Сондықтан әрбір ұстаз білім беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. [2, 16 бет ]

Бүгінгі таңдағы білім беру - өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты.


Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығы артып, олардың білім деңгейі көтеріліп, сөйлеу мәдениеті қалыптастасады. (1-сурет) Мұғалімдер оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы, жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы. Тиімді педагогиканың басты тәсілі - әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Әңгімелесу - мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Диалогтік әдістерді қолдану саласындағы теориялық білім, оларды жауап алу, шағын топтардағы жұмыс сияқты түрлерде қолдану балалардың білімін жақсартуына мүмкіндік береді.Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары

Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Егер де оқушылар көп оқыған,көп білетін адамдар мен және бұл рөлдер де сыныптастарымен мұғалімдері,достары, ата-аналарымен диалог жүргізуге мүмкіндік жасап,сұхбаттасып отырған жағдайларда Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары

білім беру жеңілдірек болмақ. (2 -сурет)

Қазіргі кездің өзінде оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда әкелетініне көптеген дәлелдер бар. Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді,әртүрлі пікірлерді оқушылардың түсінуіне көмектеседі,оқушылардың өз ойларын,ұсыныстарын,көзқарастарын дәлелдеуіне көмектеседі. Мұғалім жағынан білім беру барысында сұрақ қою арқылы оқушылардың білім деңгейін түсінуге мүмкіндік туады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.

1. әңгіме-дебат

2. топтық әңгіме

3. зерттеушілік әңгіме

Осылардың ішінен мен сабағымда жиі қолданылатыным топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме. Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме - мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде оларды өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан. [1, 40 бет ] Ендеше, оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі - топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды.

Мысалы, мәтіндерді оқып олардың негізгі идеясын анықтауда өзара кеңесіп, талдап, талқылап ортақ шешімге келіп, түсіндірді. Кластерге түсіріп, тақырыптарын қорғады. (3-сурет)Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары

Сабақтарымда ЖИГСО әдісін қолдану кезінде диалогтік оқыту әдісі жақсы жүзеге асып отырды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш - жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диалог жүргізу арқылы жүзеге асып отырды.
Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі - оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы. Егер де сұрақ дұрыс қойылған болса сабақ берудің,білім берудің тиімді құралына айналып,оқушылардың білім алуына жағдай жасайды. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтың екі түрі бар:төмен дәрежелі сұрақ қою және жоғары дәрежелі сұрақ қою болып табылады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес құр , іс қажет және түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқушылардың білім деңгейіне қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақтар түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сұрақтары болуы мүмкін. Түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзету үшін қажет. Сұрақты қарапайым етіп қою өткен тақырыпқа оралу ойға салу, дұрысын қабылдап және толық жауап беруге жол сілтейді. Сынақтан өткізу сұрақтары оқушыларға толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз ойын дамытуға көмектесетіндей болып құрылады. Қайта бағыттау сұрақтары басқа оқушыларға сұрақты қайта бағыттау.

Сабақта диалогты оқыту оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырады,қызығушылығын анықтайды, білімге деген құштарлығын дамытады, зерттеуге жол ашады, сыни тұрғыдан ойлауға көмек береді, бірін бірін тыңдауға, пікірлерін құрметтеуге, бағалауға, ойларын жинақтауға,саралап қорытындылауға мүмкіндік болады. Басында қойылатын сұрақтар ғана емес, сонымен оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтың да маңызы зор. Диалогты әңгімеде мұғалім сұрақтары және оларға берілген жауаптар ғана емес, сонымен қатар оқушылардың сұрақтары да маңызды. Тіл үйренуші үшін диалогтың маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету сапалы болу үшін диалогты әр түрлі жағдаятта ұйымдастыру керек. Әсіресе, жұп пен жұптың, топ пентоптың арасындағы диалогтарды енгізген ұтымды. Оқушылар тілдесу арқылы ой бөліседі, жөн сұрасады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытатын әдістердің бір түрі топтық жұмыс болып табылады. Бала алдымен тапсырманы жеке орындайды,содан соң жұпта, топта талқылайды.

Яғни, олардың шығармашылық белсенділіктері дамиды, өз ойларын толық жеткізуге машықтанаады, сөздік қорлары молаяды. Мен қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен орыс сыныптарына сабақ беремін. Осы орайда мен өз тәжірибемде көбінесе диалогтық оқытуға көп көңіл бөлемін. Диалог екі үш адамның қарым- қатынастағы сөзі, сұрақ жауап әдісі. Менің тәжірибемде диалогты оқытудың маңызы мен рөлі көп.Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары

Өзге ұлт өкілдерінің сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда диалогтік оқыту, оқушының білім деңгейін дамытуға, білім беруге көп жеңілдік жасайды. Күнделікті сабақтарымда диалогтік оқытуды оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізіп отырамын. Диалогтық әдіс тәсілдің сабақта тиімді екеніне көзім жетті. Диалогтық әдісті қолданғанда бала өз ойын біреуге жетік жеткізе алады. Бұл әдіс материалды есте сақтауына себін тигізеді, баланың сөздік қорын дамытады. Мұғалім баланың алған білімі жөнінде тереңірек мәлімет ала алады. Диалогтік әдісті жұппен жүргізген тиімдірек пе деп ойлаймын. Жақсы оқитын оқушылар мен нашар оқитын оқушылар бір жұпта жұмыс жасауда нашар оқитын оқушылар жақсы жауап береді.Оқушылар бір -бірін білім алуға жетелейді.

Жұппен талдау жасап болғаннан кейін оқушылар өз түсінгендерін топпен талқылап, өз дәлелдерімен пікір алмасады. Бұл оқушылардың өзара топтық әңгіме арқылы ой - пікірлерін қалыптастырып, сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Сабақ барысында оқушыларға әр түрлі мазмұндағы сұрақтар қоюға тырыстым. Әсіресе сұрақтардың оқушы ойлауын дамыту мақсатында қойылуына ерекше назар аударамын. Бұл әдісті сабақтың кезеңдерінің барлығынан көруге болады. (5-сурет)Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары

Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын СТО модулінің «Ой қозғау» әдісі бойынша сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты ашуда, бекіту кезеңінде «Блиц» турнир өткізіп, рөлдік ойындар кезінде, бағалау, рефлексия өткізуде сұрақ-жауап әдісі қолданылады.

Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді. [5, 225 бет ]
«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» К.Д.Ушинский сөзін ескере отырып, диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.
Бұл әдіс мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.


Күнделікті жұмыс нәтижесінде, сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптасып, білімге құштарлықтары артты, әр күнгі өткізілетін сабақтар балалардың көңіл күйлеріне оң әсерін берді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жетудің маңыздылығын сезінді. Алдағы уақытта оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастырып,тіл байлығын дамытып ,сөздік қорын молайтуға топтық жұмыстың, рөлдік ойындардың, диалогтың және де осы курстан алған, үйренген әдіс- тәсілдердің, стратегиялардың көптен- көп көмегі тиеді деп ойлаймын. (6-сурет)Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары

Ұстаздық еткен жалықпас.

Үйретуден балаға, - дегендей мен де білімімді жетілдіріп, шәкірттеріме сапалы білім беруге дайынмын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

2. Қазақ тілі мен әдебиет журналы.

3. «Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Семей қаласы 2006 ж, 2 том

4. «Қазақ тілін іргелі және қолданбалы тұрғыдан зерттеудің инновациялық мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары Семей қаласы 2011 ж. 1 том

© 2010-2022