Кружок Шанырак по казахскому языку

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін Келісемін Қаралды

Утверждаю Согласовано Рассмотрено

Директор зам.директора по УВР на заседании М/О

оқу ісінің меңгерушісі Қаулы №

Протокол № от

« » _________ г. « » _________ г. « »__________ г.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Күнтізбелік тақырыптық жоспар

Календарно-тематическое планирование

______________Шаңырақ (үйірме)_______________

Пән\ предмет

Сынып

______________________________ҮІІІ - ХІ______________________

Классы

Мұғалімі

__________Досанова Наргуль Рамазановна___________________

Учитель

Барлығы аптасына сағат

______153________ __4,5_________

Всего в неделю час.

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген

Жылдық тақырып күнтiзбенi кұрастырған: _____________________ / _Досанова Н.Р.

Түсінік хат

Бағдарламаның мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Бағдарламаның міндеті:Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық.

Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.

Бұл авторлық бағдарлама, бұл бағдарламаны жасауда өзімнің жылдар бойы жасаған тәжірибемді пайдаландым. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 8,9,10 сыныпта оқитын оқушыларға арналған. Бағдарлама оқу жылына арналған. Сабақтың түрлері: баяндама, лексия, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, сауалнама, кездесулер түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады. Күтілетін нәтижелер: оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.

Бұл бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрады.

Көркем еңбек бөлімінде ұлттық киім түрлері, әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан қиып жапсыру үйретіледі.

Тұрмыстық еңбек бөлімінде әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру үйретіледі.

Жұмсақ бейне ойыншықтар бөлімінде жұмсақ ойыншықтар жасау технологиясы үйретіледі.

Жапсырмалау жұмысы бөлімінде қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға үйретіледі.

Былғарымен жұмыс жасау бөлімінде былғарыны тазалау, бояу, пішу, одан әртүрлі бұйымдар жасау үйретіледі.

Ою-өрнек бастырмалар бөлімінде ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері үйретіледі.Тоқыма-өнері бірнеше бөлімінен үйретіледі.

«Шаңырақ» үйірмесінің бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. 8,9,10 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағдарлама негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектептердің және қосымша білім беру мекемелерінің технология пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.

Бағдарлама түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

Әрбір жетекші мұғалім өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді, әсіресе компьютер арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура келеді.

Оқушыларға арналған қосымша білім берудегі балалар шығармашылық үйінің оқу жоспарына сай үйірменің күнтізбелік жоспарының құрылымы 153 сағатқа, аптасына 2 сағаттан 2 рет өтілу берілген.












Павлодар қаласы № 20 лицей - мектебінің 8-10 сыныптарына арналған

«Шаңырақ» үйірмесінің жұмыс жоспары 2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы

Сағ.саны

күні

Қосымша материал

1-2

Оқушылар жоспармен таныст-у «Мықты Қазақстан іргесін бірге қалаймыз!»

2

Лекция әдісі

3-5

«Шаңырақ» орталығына саяхат жасау, жоспарымен танысу

3

6-8

«Шаңырақ» орталығында Ш.Шоқынның 101 жылдығына арналған ақындар айтысына саяхат

3

Сейіт Кенжеахметұлы «Жиған-терген»

Ана тілі 2001

бет 21-24

9-11

Бұхар Жырау мұражайындағы «Тілім - менің тірлігім» атты шараға қатысу

2

1

12-13

Кездесу «Көркем сөздің зергері»

Кездесуден алған әсерлері туралы

2

Сейіт

Кенжеахметұлы

«Жеті қазына»

Ана тілі - 2001

Бет 26-29

14

Ойын «Кім көп біледі?»

1

15-16

Қазақ ырымдары

Көркем шығ. теріп жазу

2

17-18

Тыйым сөздер

Сөздік жасау

2

Бет 26 -29

19-22

Ұлағатты ұлттық ұғымдар : Үш жүз

Үш санына байланысты: үш жұрт, үш байлық, үш би, үш қуат

2

2

Бет 31-32

23-24

Төрт санына байланысты:

төрт пір, төрт күнә, төрт түлік, т.б.

2

Бет 33-34

25-26

Бес санына байланысты:

бес қатер, бес қару, бес парыз

2

Бет 34-37

27

Алты санына байланысты: алты алаш,

алты асқар т.б.

1

Бет 38-44

28-31

Жеті санына байланысты: жеті жарғы(Әз Тәуке заңдары), жеті қазына, жеті жұт, жеті жоқ, т.б.

2

2

«Бабаңнан саған не қалған?»

Алматы -2003

Бет -33

32-34

Ұлттық ұғымдарға байланысты сөздік жасату

1

2

35-36

Әдеп - ғұрып ишаралары

Көркем шығ. арқылы жұмыс

2

Сейіт

Кенжеахметұлы

«Жеті қазына»

37-38

Өнеге сағаты

«Бір шаңырақ астында»

2

Бет 49-50

Бет 51-55

39-40

«Достық дархан» шара

обл. кітапханада

2

41-42

«Халқымның қадір - қасиеті»

Уақытты анықтау белгілері

2

Бет 57-58

Бет 59-62

43-45

.«Қара шаңырақ игі іс» обл. кітапханада

3

46-47

Қайталау

2

48-49

Өлшем,жыл және уақыт мезгілдері атаулары

2

50-53

Жыл қайыру, мүшел жас отбасыларының мүшел жасын есептеу

2

2

Бет 70-74

Бет 81-84

54-55

Жақындық және туыстық қарым-қатынас

2

56

Адамға байланысты атаулар

1

57

Адамның жасы

1

58-60

Мысқалдан батпанға дейін

Халық ауа райын қалай болжаған?

Ауа райына байланысты мақал -мәтелдер

2

1

Бет 97-98

Бет 99

61

Көркем әдеби шығармадан сөздерді теріп жазу

1

Бет 87-92

Бет 92-96

62-64

«Он екі түйе, он жылқы»

(малдың пірі, иесі, жан-жануар төлдерін атау)

2

1

Бет 44-48

65

«Білімдіден шыққан сөз»

1

«Бабаңнан саған не қалған?»

Алматы -2003

Бет 5

66

Бағалы киімдер

1

67-68

Қазақтың зергерлік өнер адамдары

2

69

Мұражайға саяхат

1

70-72

Қарашаңырақ

Киіз үй, оның құрылысы

2

1

Бет 100

Бет 103

73

Жүннен жасалатын бұйымдар

1

74

Теріден жасалатын бұйымдар

1

2 жартыжылдық

75-77

Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Ұлттық тағамға байланысты сөздік жасау

1

2

Бет 102

Бет 104-105

78

Жеңсік тағамдар

1

Бет 106

79

Ыдысын көріп, асын іш

1

80-82

Ұлттық мерекелер

«Наурыз-Ұлыстың Ұлы күні»

2

1

«Ұлттық ою-өрнектер»

83-84

Ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс дайындау

2

«Бабаңнан саған не қалған?»

Алматы -2003

Бет 38

85

Айт мерекесі

1

86

Ораза ұстау

1

87-89

«Ақ ару» - «Ер сұлтан»

2

1

Бет 55

90-91

Әсемдік бұйымдар

2

92-93

Қолөнердің жабдықтары

2

«Жиған-терген»

Бет 107-108

94-95

Бітпес, сырмақ, құрақ көрпелер

2

96-97

Қоржын

2

98-99

Музыка аспаптары

2

100

Жылқының тұрмандары

Мұражайға саяхат

1

Бет 109-112

101-103

Қимыл қозғалыс ұлттық ойындары

3

Бет 118

104-106

Ұлттық ойын ойнату

3

107-109

Ұлттық ою-өрнектер

3

Бет 127

110-112

Ою түрлері және оны жасату

3

113-115

Өнеге сағаты

«Атаның сөзі -ақылдың көзі»

3

Қосымша мәліметтер

116-117

Табу

2

118

Қонақжайлық қазаққа тән қасиет

1

119

Қонаққа мүше етті қалай тарту керек

1

120

Халқының салт- дәстүрі .Жас сәби дүниеге келгенде «Шілдехана» тойын жасау

1

121

Баланы бесікке бөлеу

1

122-123

Тұсау кесу тойына арналған өлеңдер, ырымдар

2

124

Сүндет той.Атқа міну

1

125

Үйлену тойы.Сырға салу

1

126

Той бастар.

1

127

Жар-жар

1

128

Сыңсу

1

129

Үйге келін түскенде жасалатын ырымдар

1

130

Адам дүниеден өткенде жасалатын ырымдар. Естірту

1

131-132

Жоқтау

2

133-135

«Қазақ халқының есептері»

3

136-138

Тарихтан тәбәрік

Иман. (періштелер)

3

Қосымша мәліметтер

139-141

Құран. Пайғамбарлар. Құран оқи білу

3

Әңгіме

142-143

Мәшһүр Жүсіп қасиеті мен даналығы

2

144-145

Мәшһүр Жүсіп кесенесі

2

146-147

М.Жүсіптің адамгершілік туралы өлеңдері

2

148-150

«Қазақта тұңғыш...»

Қоғам қайраткерлері

3

151-153

Қазақ зиялылары

Жылдық қайталу

3

Әңгіме

Тақырыбы: Қазақ қолөнері -асыл қазына.


Сабақтың мақсаты: а).білімділік мақсаты: халқымыздың әдет-ғұрып,салт дәстүрін зерделей отырып ,халық қолөнері туралы білім жинақтару.
ә).дамытушылық мақсаты.білімді іс жүзінде көрсету,халық қолөнері туралы туралы нақты білімді жинақтау.
б),тәрбиелік мақсаты: топпен жұмыс істей отырып,ұйымшылдыққа,халық мұрасын оқып біліп зерттеп,құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Қажетті құралдар:қазақтың ұлттық киімдері,ою-өрнектері бейнеленген буклеттер.
Сабақтың жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Топтарды таныстыру. III. Зерде (ұлттық салт-дәстүрге,қолөнерге байланысты сұрақтарға жауап беру).
Мұғалімнің алғы сөзі:Құрметті ұстаздар оқушылар!Әр халықтың тарихын,болмыс бітімін,мәдениет сипаттайтын аса қадірлі мұраларының бірі-халық қолөнері.Қазақтың қолөнері әлемдік деңгейде талайды тамсандырып келеді.
Атадан балаға мирас бола отырып, күні бүгінге дейін жеткен асыл дүниелер кімді де болса бей жай қалдырмайды.Бұл біздің ұлттық байлығымыз.Оны білу ,үйрену,құрметтеу келешекке жеткізу біздің қасиетті борышымыз.Сондықтан да қолөнер үйірмесінің мақсаты-халқымыздың қолөнерң игеру,оның тәлім тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесіне пайдалана білу болып табылады.
1.Жүргізуші:Сабағымыздың I бөлімі «Таныстыру»деп аталады.
«Бір көрген таным» дейді атам қазақ,
Айтайық жөнімізді сөзді бастап
Тобымызды өтелік таныстырып,
Қойған соң екі топты жарыстырып.
1-топ «Ісмер » тобы. 2-топ «шебер» тобы. Таныстыру сайысы 5ұпайға дейін саналады.
II.Жүргізуші. Сабағымыздың II бөлімі «Зерде » деп аталады. Оқушыларға қазақ халқының қолөнеріне салт дәстүріне байланысты 10сұрақ қойылады.Әр дұрыс жауапқа сапасына қарай 5ұпай қойылады.Бірінші бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді.
1.Бөстек деген не? (Қозы терісінен жасалған төсеніш)
2.Қуысқұлақ деген не?(Жүзі қуыс ағаш оятын құрал)
3.Тйебел деген не? (Ши тоқитын құрал)
4.Ілдергі деген не? (Ағаштан,сұйектен,темңрденжасалатын тоқымашы құрал).
5.Кескір деген не? (Темір кесетін құрал).
6.Шолпы дегн не? (Шашқа тағатын,қымбат бағалы,сылдырмақты,күмістен жасалған бұйым,көбіне қыздар тағады).
7.Түйемойнақ деген не?(Түйенің мойын терісінен жасалған, су құятын тозбайтын үлкен ыдыс).
8.Айрылысар көже деген не?(Көшер кезде көршілердің бір- біріне беретін сыйлы тағамы).
9.Көрік деген не?(Ұстаның шоқ үрлейтін құралы).
10Қасқал ағаш деген не? (Әбден кепкен киіз үй жасауға арналған ағаш).
III.Жүргізуші.Сабағымыздың III.бөлімі «Ұлттық киім ұлағаттары» әр сұраққа берілген жауап 5ұпаймен бағаланады.
1.Сәукеле-ұзатылатын қыздардың бас киімі.
2. Бөрік-жиегіне аң терісін салған,төбесіне үкі қадалған,қыздар мен жас келіншектерге де ,ерлерге де арналған бас киім.
3.Кимешек -әжелердің тек беті ашық,басын,иығын,жауып тұратын бас киім.
4.Шекелік-сәукеле,тақия т.б. бас киіміге тағылатын бұйым.
5.Күпі-ішіне жабағы жүн салып сырыған шапан түрі.
6.Ішік-аң терілерінен тігілген қыста киетін сәнді киім.
7.Дулыға-қазақ жауынгерлерінің бас киімі.
8.Қасаба-қымбат матадан тігілетін қыздардың бас киімі.
9.Тымақ-аң,мал терңсңнен жасалған қыстық бас киім.
10.Қамзол-әйелдердің көйлек сыртынан киетін киімі.
IY.Жүргізуші.Келесі бөлім. «Атадан қалған асыл сөз»деп аталады.
«Мақал-сөздің мәйегі» демекші топтар қазақ қол өнеріне байланысты мақал айтумен жарысады. Әр мақал 1 ұпайға бағаланады.
Мақал -мәтелдер.
1.Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.
2.Оймақ пішсең де, ойлай піш.
3.Асыл көпке жеткізер,өнер көкке жеткізер.
4.Өнерлі жан-елдің көркі,үкілі қамыс-жердің көркі.
5.Өнер -ағып жатқан бұлақ,білім-жанып тұрған шырақ.
6.Ою ойғанның ойы ұшқыр.
7.Үлгісі көптің өрнегі көп,өнері көптің ермегі көп.
8.Шебердің саусағы алтын.
9.Өнерді бағалай білмеген өрге щықпас.
10Ата көрген оқ жанар,ана көрген тон пішер.
11.Еңбек үйренемін десең ерінбе,өнер үйренемін десең жиренбе.
12.Істі ине тікпейді,икемді қол тігеді.
13.Асыл қайшы пішуге сән,күміс қасық ішуге сән.
14.Ерінбеген етікші болады.
Y.Жүргізуші.Түрін -ай текеметтің ! Асыл қандай
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой қошақаным,өзіме »деп
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңілі тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан -жағынан,
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.
Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Жел бауда,басқұрда ма аңсау емім.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан.
Әжемнің оюындай,жыр-өрнегім.
«Ою ойғанның ойы ұшқыр»деп аталатын сайыста топ мүшелері суреттегі ою аттарын атай білу керек.Әр дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.
1.Тұмарша 5.Қошқар мүйіз 9.омыртқа
2.қосмүйіз 6.Гүл 10.түйетабан
3.арқармүйіз 7.сынық мүйіз
4.Мүйіз 8.балдақ

YI.Жүргізуші.Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.
Өркениетті қоғамда өмір сүрген әр халық өткенін бағалай білумен қатар,ұлттық дәстүрді қазіргі заман талабына сай көркемдей білсе,нұр үстіне нұр емес пе?Олай болса біз бүгін,қыздарымыздың сән өнеріне деген бейімділігін байқаймыз.Әр топтан бір оқушы ұлттық киім үлгілерін қағаз бетіне түсіреді.Берілу уақыты 3минут.
Жұмыс нәтижесі 5ұпаймен бағаланады.
YII.Жүргізуші
Енді мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Қошқарбеков Орынбек ағайға және Нәзібекова Бақытжамал .Тайшықов Мейірбек ағайларға сөз кезегін береміз.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:Құрметті оқушылар және ұстаздар!Бүкіләлемдік көрмелерді,бүкіләлем халықтарын таңдандырып жүрген қазақ халқыының қолөнеріне арналған сайыс сабағымыз осымен аяқталды.Заман талабына сай адамдардың қажеттілігі,әлеуметтік-материалдық жағдайв өзгеуі мүмкін.Бірақ сұлулық,әсемдік сәнмен,талғаммен киіну әрқашан өзгермейді.Сұлулықты түсіну үшін оның сырын білу қажет.Сұлулық сыры қазақ халқының оюымен өрнегінде,ұлттық әсем киімдерінде,көздің жауын алатын қолөнер бұйымдарында жатқан жоқ па?Бүгінгі сабағымызда осынау ғажап дүниенің сырын ұғынсақ мен өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын.Қашан да әдемі,әсем талғаммен киіне біліңіздер,тәніңізбен бірге жаныңыз да сұлу болсын!Көңіл қойып тыңдағандарыңызға,сабаққа қатысып,өз халқымыздың қолөнері туралы оқыған,білген,тергендерінізбен бізбен бөліскендеріңізге көп-көп рахмет!





© 2010-2022