“ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚОРЫН БАЙЫТУ”

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚОРЫН БАЙЫТУ"


Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап, сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі- оқытудың жаңа технологияларын орынды қолдану болып табылады. Оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасай алатын деңгейге жеткізу.

Педагогикалық жаңа технологияларда оқыту барысында көздеген мақсатымызға жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық тағы басқа қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Тіл үйрену оқушылардың ойлау процесімен тығыз байланысты болғандықтан, грамматика сабақтарымда да олардың ойын дамытып, сөздік қорын молайтатын әдіс-тәсілдер қолданып жүрмін /Баяндау әдісі,пікір-сайыс әдісі, көрнекілік әдісі, техникалық құралдарды пайдалану әдісі, тест әдісі, жаттықтыру әдісі, әңгімелесу әдісі/.

Тіл дамыту деген- оқушылардың сөз байлығын молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тіл дамыту жұмысының нәтижесінде оқушылардың сөз байлығын молайып, олар тілдің фонетикалық жүйесін меңгереді. Оқушылар сөйлеу мәдениетін игере бастайды. Сөздерді дұрыс айту, жаза білу-тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі. Оқушыларды өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптыстыру- әр мұғалімнің парызы.

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты, оқыту мен тәрбиелеудің жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды талап етеді. Сондай әдістердің бірі- оқушының байқау, көру қабілетінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын,оқушылардың тілдік қорын байытатын көрнекілік әдісі.

Сабақ үстінде оқушылардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Осыған орай, қазақ тілінің әрбір сабағын көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн.

Көрнекі құралдармен өткен сабақтың тиімділігі:

*материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды;

*оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді;

*сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасы артады;

*тіл ұстарту жұмысы еркін жүргізіледі;

*сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды;

*сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады;

*сурет арқылы екі-үш сөзден сөйлем құрай алады;

*оқиғаға құрылған сурет бойынша оқушыға заттың атын, түсін ататқыза отырып, қимылына, көрген-байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып, әңгіме айтқызуға болады;

*мәтін мазмұнына байланысты берілген суреттер мәтінде баяндалған оқиғаны көзге елестету арқылы оның мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік жасайды.

Сөздік жұмысы да, көрнекілікпен жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Дидактикалық материалдарды тақырыптардың жүйесі бойынша тапсырмаларға бөліп беру ұтымды. Қазақ тілінде сөйлеу білмейтін оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуда көрнекілікпен ойын әдісін, сөйлеу үлгілерін қолдануға болады.

Оқушылардың сөздік қорын дара суреттер не заттың нақтылы өзін көрсету, ойындар ойнату және өзара сөйлестіру жолдарымен байытып, сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуды, грамматикалық тәсілдерді, логикалық жаттығуларды орындату арқылы өткізу керек.




© 2010-2022