Ашық сабақ. Ұлттық киім

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ. Ұлттық киімСабақтың тақырыбы: Ұлттық киім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ұлттық киімдермен таныстыру, көрсету, ұлттық сөзінің ерекшелігін көрсету, баяндау, есте сақтау қабілетін ұлғайту, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеуге, сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ойын, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру;

Тәрбиелік:адамгершілікке, ұлттық сыйластыққа, Отанымызға сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,сурет.

Сабақтың түрі: тіл дамыту сабағы

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, зерттеу .

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.

- Сәлеметсіңдерме, балалар!

-Армысын алтын күн,

Армысын көк аспан,

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн, қонақтар!

Қайырлы күн, мұғалім!

ІІ.Жаңа сабақ

Әжесімен немересінің сұхбаты.

-Наташа, саған қандай киім ұнайды?

-Маған джинсы, бриджы, көйлек ұнайды.

-Наташа, ал сен білесін бе алдымызда наурыз мерекесі келе жатыр.Сен сол мерекеге киетін өзіне ұлттық киім ізде.

-Жарайды, әже, сау болыңыз!

-Балалар, сендер әжесімен немересінің әнгімесің естідіңдер ме? Наташаға 22 наурыз мерекесіне ұлттық киім керек екен.

- Балалар Наташамен танысайықшы.

- Сенің атын кім?

- Менің атым Наташа.

- Наташа, сен не істеп жүрсін?

- Мен ұлттық киім іздеп жүрмін.

- Балалар, Наташаға ұлттық киім табуға көмектесесіңдер ме?

- Иә, көмектесеміз. Олай болса қазір біз дүкенге барамыз.

Киім дүкені.

- Балалар, біз қайда келдік?

- Біз киімдер дүкеніне келдік.

- Сәлеметсізбе, сатушы!

- Сәлеметсізбе, балалар!

- Сізде қандай киімдер бар?

- Мынау не? - шалбар.

- Мынау не? - көйлек.

-Балалар, біз іздеген киім бұл дүкенде жоқ екен. Сатушымен қоштасайық.

- « Ағаш көркі- жапырақ, адам көркі - киім» деген қазақта мақал бар.

- Балалар, бір- біріне қарандаршы, қалай әдемі киінгенсіңдер. Әдемі көріну үшін киімдерді таза, ұқыпты кию керек. Сонда ғана көрікті боласындар. Бұл сендердін күнделікті киімдерін, мерекелерге киетін киімдерін басқа- оны біз ұлттық киім дейміз.

Мәтін бойынша жұмыс. (Интерактивті тақтада мәтін көрсетіледі.)

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шопы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.

Мәтін бойынша сұрақ-жауап.

1.Мәтін бойынша не білдіңдер?

2.Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

- Ал қазір біз интернет дүкеніне барып, ұлтық киім қарастырамыз.

Ұлттық киімдердің презентациясын көреді.

Қамзол - камзол Шапан - чапан

Көйлек - платье Қалпақ - калпак

Етік - сапоги Сәукеле - саукеле

Тақия - тюбетейка Шалбар - брюки

Бөрік - шапка

Мәсі - ичиги

-Балалар, сендер қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

1- тапсырма. Сөздердің аудармаларын дұрыс табыңдар.

Көйлек саукеле

Қалпақ ичиги

Тақия платье

Мәсі тюбетейка

Сәукеле калпак

2-тапсырма. Адасқан әріптерді табыңдар.

Н

Т

М

Ә

С

І

Б

Ө

Р

І

Қ

А

С

А

Б

А

Т

О

Н

К

А

Қ

К

Е

Б

І

С

Ы

Ү

Л

Ұ

И

Я

С

Ә

У

К

Е

Л

Е

Сергіту сәті.

- Ал , жақсы балалар бүгінгі сабақта мәтінмен бәріміз жұмыс істедік, сұрақтарға жауап бердік, тапсырмаларды бәріміз жақсы орындадық. Енді суретпен жұмыс істей аламыз ба?

- Олай болса келесі тапсырманы орындайық.

Интерактивті тақтадан тапсырманы көрсету. (Бейнеленген суреттердің аттарын жазу қажет).

Тапсырмалармен жұмыс.

1- тапсырма. Сөйлемді толықтырыңдар және аяқтаңдар.

А) Қазақ халқы _демі б_йымдар ...

К_мешекті .... киген

Мәс_ аяқ ...

Б) Б_рік және үк_лі тақия...

Шапанды ою- _рнекпен ....

С_укеле өте ...

2-тапсырма.

- Ал , жақсы балалар сұраққа бәріміз жақсы жауап бердік. Мәтінмен бәріміз жұмыс істедік. Енді суретпен жұмыс істей аламыз ба?(интерактивті тақтада сурет бейнеленеді). Мына суреттерге қарап әңгіме құраңдар. Интерактивті тақтада қазақтың ұлттық киімін киген ер жігіттің киімі және қыз бала бейнеленген.

- Өте тамаша, сендердің суретпен де жақсы жұмыс істей алатындарыңа көзіміз жетті.

3-тапсырма. Ауызша жұмыс.

Мақал-мәтелдермен танысып, мағынасын түсіндіріңдер.

1. Жылы киім тәнді жылытар,

Жылы сөз жанды жылытар.

2. Киім кірі жуса кетеді,

Көңіл кірі айтса кетеді.

Рефлексия.

Доппен ойын.

-Ортаға оқушылар шығып, неңберге тұрады. Ойынның шарты: Мұғалім осы тақырыпқа байланысты сөздерді атаса, оқушылар допты тосулары қажет, ал басқа сөз атаса допты қайта лақтырулары керек.

Бағалау.

© 2010-2022