Әй, жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Двуречный орта мектебі















«Әй,жарайсыңдар!» зияткерлік сайысы















Дайындаған және өткізген: Ахметов М.С













2015-2016 оқу жылы

«Әй,жарайсыңдар!» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

1. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау;

2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру;

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта,бағалау парағы, түрлі-түстің қағаздар, қайшы, желім

Түрі: Топтық сайыс

Қатысушылар: 5,6 орыс сыныбының оқушылары.

Барысы:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілді-қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Қазақ халқы "ақыл - жастан, асыл - тастан" деп бекер айтпаған, олай болса ұшқыр қиял мен ойлылықты қажет етер, "Әй, жарайсыңдар! " зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады

- дей отырып, « Әй, жараысыңдар!» атты сыныптан тыс зияткерлік

сайысымызды бастаймыз.

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Оларға құрметпен қол соғылады деп, сайыскерлерімізді бағалайтын,
шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар.

  1. Илюбаева Динара Ташетовна-оқу ісінің меңгерушісі

  2. Сейдина Жанагуль Закировна-қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

  3. Каркабатова Сулу Эраловна-ағылшын тілі мұғалімі

Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. «Алғырлар» тобы, «Тапқырлар» тобы. Екі топқа сәттілік тілеймін.

Сайысымызды бастамас бұрын екі топ мына екі шарды алып оның ішіндегі санды көрсетсе екен. Сол сандар арқылы қай топ бірінші бастайтынын анықтаймыз.

Енді бөлімдермен таныстырып өтейін:

1.Сәлем-сөздің атасы

2. Жүйрік болсаң,озып көр.

3.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

4.Ұшқыр қиял

5. Шебердің қолы-алтын

6. Топ басшылар айтысы

1.Сәлем-сөздің атасы

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп.
Таныстырып өздерін өтсе деймін, -дей келе кезекті таныстыруға берсек.

1топ «Алғырлар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

2топ. «Тапқырлар»

Ұраны:Білікті бірді жығады

Білімді мыңды жығады

Сәлемдесуі:Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Бұл кезеңде әділқазылар 1 мен 5 аралығында ұпай қояды.

2. Жүйрік болсаң,озып көр.

Шарты: Екі топқа ортақ сұрақ қойылады. Қойылған сұраққа қай топ бірінші болып қолын көтерсе сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады.

1.Қазақстанның Президенті кім?

(Н.Назарбаев)

2. 22 қыркүйекте Қазақстандықтар қандай мерекені тойлайды.

(Тілдер күні)

3. Қазақстан Республикасы Халықтарының Бірлік күні

(1 мамыр)

4.Бір жылда неше ай бар?

(12 ай)

5. Қай жылы еліміз Тәуелсіздік алды?

(1991 жылы)

6.«Өлең - сөздің патшасы,сөз сарасы,» қай ақынның өлеңі?

(Абай Құнанбаев)

7. ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата.

( Әнұран, елтаңба, ту)

8. ҚР Әнұранының авторлары кім?

( сөзі:Н.Назарбаев, Ж.Нәжімединов.

Әні: Ш.Қалдаяқов)

9. Ақындар сайысы

(Айтыс)

10. Қазақстанда 1 желтоқсан қандай мереке?

( Тұңғыш Президент күні)

11. ҚР Тұңғыш ұшқышы кім?

( Тоқтар Әубәкіров)

12. Көктем айларын ата.

(Наурыз, сәуір, мамыр)

13.Абайдың шын есіміӘй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)

(Ибраһим)

14. Қазақтың ұлттық киімдеріне нелер жатады?

(Бөрік, шапан, қамзол, сәукеле т.б)

15. Ұлттық аспаптарды атаңдар

(домбыра, сырнай,жетіген, қобыз т.б)

3.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Шарты: интерактивті тақтада бірнеше суреттерді 1 минуттай көрсетіп жауып тастайды. Екі топқа екі түрлі сурет көрсетіледі. 1-ші топ суретті көріп болған соң теріс қарап тұрып атап берулері керек. 2-ші топта солай орындайды. Әр дұрыс суреттерге 1 ұпайдан беріліп отырады.

Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)



4.Ұшқыр қиял

Шарты: бұл кезеңде екі топқа интерактивті тақтада жаңылтпаш беріледі. Осы жаңылтпашты дұрыс, жылдам, қатесіз айта білу керек. Ұпай саны 1 мен 5 аралығында қойылады. Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)

5. Шебердің қолы-алтын

Шарты: Топтардың алдына үш түсті парақ , қайшы, желім беріледі. Екі топқа ортақ тапсырма қазақ қыздарының ұлттық баскиімі «сәукеле» жасау. Оларға берілетін уақыт 3 минут. Жасап болған сәукелені қазылар алқасына апарып тапсырады. Бұл кезеңде 3 пен 10 аралығында ұпай қояды.Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)

6. Топ басшылар айтысы

Мінекей ане-міне деп сайысымыздың соңғы кезеніне де келіп жеттік. Бұл кезеңде топ басшыларды ортаға шақырғым келіп тұр. Ойын шартын түсіндіріп өтейін.

Шарты: Екі топтың басшылары отраға шығып кезекпен кезек мақал-мәтелдер айтып жарысады.

Әр айтқан мақал-мәтелге 1 ұпайдан беріліп отырады.

«Мақал сөздің мәйегі» деп мақал мәтелдер жарысын бастайық.

Қорытынды: Осымен сайысымыздың кезеңдері аяқталды. Енді әділқазылар алқасы ұпай сандарын толық шығарғанша барлығымыз орнымыздан тұрып би билелік.

Би: Қара жорға

Марапаттау кезеңі:

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Сайысқа қатысушылар мен көрермендерге рахмет айта отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!


Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)

Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)

Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)

Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)Әй,жарайсыңдар! зияткерлік сайыс (5-6 сынып)

© 2010-2022