МЕН ЖАҢА ФОРМАТТЫ ҰСТАЗ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУДАМЫН

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Каймолдина Маржан Молдахметовна

Химия-биология пәнінің мұғалімі

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

«Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп» КММ

Kaimolmar @mail.ru


МЕН ЖАҢА ФОРМАТТЫ ҰСТАЗ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУДАМЫН ...

«Ұстаздың биігі ойлана қарасан биіктей береді, үңіле қарасан, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдында, айналсаң артында тұрғандай» деп Сократ айтқандай- педагогиканың жан -жақтылығын осы деңгейлік курстың барысында көзім жетті деп айтсам артық айтқандық болмас.

Мектепте бұрын қалыптасып қалған үрдіс бойынша мұғалім көп сөйлесе, қазір мұғалім аз сөйлеп, тек қана бағыт беріп, жетекшілік етеді. Осы оқуда өзіме қажетті көптеген жақсы нәрселері игерудемін. Оқуды аяқтап мектепке барып, өз сабағымды құрастырғанда осы алған білімдерімді қолданатыныма сенімдімін. Сонымен қатар ой -пікірімізді ашық, еркін айту, бір-бірімізді сабақ барысында қолдау, бағалау, мадақтау біздің жеке қабілеттеріміздің ашылуына ерекше көмегін берді. Тиімді әдістер мен ақпараттық- коммуникациялық технологияның көмегі жүйелі түрде бағдарламаның 7 модулінің меңгерілуіне ықпал етті.

Әр оқушы бойында бар дарындылық, ептілік пен ерекшілік қасиеттерді үздік ұстаз ғана байқай алады. Олардың эмоциялық, әлеуметтік және танымдық әрекеттерін де жіті ұғына білген абзал екен.

7 модуль арқылы сабақ жүргізу, осы қағидаттарға сүйену басты құралымыз екендігін түсіндік. Сондай-ақ талантты және дарынды оқушыларды анықтай білу және осы бойларындағы қасиеттің одан әрі жандануына жол аша білу қажетпіз.

Әр сабақта сергіту сәттері, топқа бөлу түрлерін өткізіледі. Әр тапсырма сайын жаңа топпен жұмыс жасағанда әріптестерімді жақыннан танып, күнде жаңа идеяларға таңқалдырады. Маған өзіме мына тақырыпта ұнағаны «Метатану», «Диолог», «сыни тұрғыдан ойлау», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқыту және оқуда АКТ-ны қолдану», және де «бағалау» яғни бағалаудың екі түрі бар формативтік және жиынтық болып табылады. Бұл бағалаудың оқушылардың ынталарын көтереді.Алдағы уақытта осы курстан жиған-терген жаңалықтарды оқуда қолданып, балаларымызды да, өзімізді де басқа қырынан танып, жемісті жұмыс істейтінімізге сенемін. «Көз қорқақ, қол батыр» демекші, шешілмейтін мәселе жоқ, барлық қиындықтардан, кездескен тығырықтан шығу амалдарын іздестіріп, нәтижеге жетеміз!

Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі мамандық жолында білімді шәкірт дайындаудан шаршамайық. Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін.


© 2010-2022