Разработка по казахскому языку на тему Достықты бағалай біл

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Достықты бағалай біл
Сабақтың мақсаттары:


а) Білімділік: грамматикалық тақырып көптік жалғауына байланысты әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы білімдерін бекіту, дамыту және тереңдету
ә) Дамытушылық: Сөйлемдер құрау, тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, білімдерін көтеру және дамыту
б) Тәрбиелік: Бір- бірін сыйлауға, достың қадірін білуге, досына әділ баға бере білуге жол көрсету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты плакат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІҮ. Қортындылау
Ү. Үйге тапсырма беру
ҮІ. Бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

М: Сәлеметсіздер ме?

О: Сәлеметсіз бе?

М: Оқушылар бүгін сыныпта кім жоқ? Барлығымыз түгелміз бе?

М: Бүгінгі сабаққа әріміз дайынбыз ба? Оқу құралдарымызды дайындап, сабаққа зейінімізді аударайық.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:


Үйге қандай тапсырма берілді? Дайындауға 3 минут беріледі.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, жаңа сабақтың тақырыбын жазып қойындар. «Достықты бағалай біл»
1- Тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
Інімнің досы.
Менің інімнің досы бар. Оның аты- Мұхтар. Олар бірге оқиды. Олар үнемі бірге жүреді. Екеуі мектепке бірге барады, үйге бірге қайтады. Бірін - бірі сыйлайды. Бұлар әрқашан бірге.

Енді екінші тапсырмаға көшейік.
2- Тапсырма. Мына кеңестерді аударып, әр уақытта есте сақтаңдар.
1. Достықты бағалай біл - умей ценить дружбу
2. Басқа ұлттың баласына бауырмал бол - будь милосерден к лицам другой нации
3. Досың қиналғанда, қол ұшын бер - помоги другу когда ему трудно
4. Сыйлағанды сыйла - уважай уважающего

3- Тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді үлгі бойынша бірте- бірте қысқартып жазыңдар. Көптік жалғауының астын сызыңдар.
Осы тапсырманы орындамас бұрын, ең алдымен көпті жалғауын шолып өтейік.
Үлгі: Менің досым - жақсы бала.
Досым - жақсы бала.
Досым - бала.
Менің досым -жақсы бала. Ол өте әділ, қайырымды. Оның достары өте көп. Ол ата- анасының айтқанын орындайды. Әр уақытта оларға көмектеседі. Достықты бағалай біледі. Қиын жағдайларда көмек беруге дайын.
1) Ол өте әділ, қайырымды.
Ол- өте әділ.
Ол қайырымды.
2) Оның достары өте көп.
Достары өте көп.
Достары көп.

3) Ол ата- анасының айтқанын орындайды.
Ол айтқанын орындайды.
Ол орындайды.

4) Әр уақытта оларға көмектеседі.
Әр уақытта көмектеседі.
Оларға көмектеседі.

5) Достықты бағалай біледі.
Достықты біледі.
Бағалай біледі.

6) Қиын жағдайларда көмек беруге дайын.
Көмек беруге дайын
4-тапсырма . Мақал-мәтелдерді жаттаңдар.
1. Жолдасы көптің - олжасы көп.
2. Татулық-табылмас бақыт.
3. Досы жоқ адам- тұзы жоқ тағам.
5-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орыңдандар.
ІІІ-деңгей
1. Көптік жалғауларды атаңдар.Мысал келтіріңдер.
2. «Досымның мінезі» тақырыбына 4 сөйлем құрап жазыңдар.
ІІ-деңгей
1. Сөздің соңғы дыбысына байланысты көптік жалғаулардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
2. Досыңмен кинотеатрға барғаныңды айтып беріңдер.
І-деңгей
Қазақ тіліндегі көптік жалғаулардың орыс тіліндегі окончания множественного числа категорясынан қандай айырмашылықтары барын көрсет. Мысал келтір.
ҮІ.Үйге тапсырма:
Көптік жалғауларды қолдана отырып «Досымен кинотеатрға барған кезім» деген тақырыпта 5 сөйлем жазу.
ҮІІ. Бағалау: Әр түрлі белгілер бойынша бағалаймын.

© 2010-2022