Тақырыбы: «Жүріс - тұрыс әдебі»

Пәні: өзін-өзі тану Тақырыбы: «Жүріс - тұрыс әдебі» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру.                                   2. Әдеп нормаларын  ұстану іскерліктерін  дамыту.                                   3. Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.   Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, пікір алмасу, тренингтер. Көрнекілігі: слайд, жүрекшелер, үнтаспа. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау. Үй та...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: өзін-өзі тануТақырыбы: «Жүріс - тұрыс әдебі» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту. 3. Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, пікір алмасу, тренингтер. Көрнекілігі: слайд, жүрекшелер, үнтаспа. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау. Үй тапсырмасын тексеру: -Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу. Ой толғау : Оқушылардан «Әдептілік» деген сөздің мағынасын сұрау. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырамын. 1.Сіз өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз? 2.Қазақ халқының және туысқан басқа халықтардың қандай әдеп нормаларын білесіз? 3.Әдеп нормаларының жас ерекшелігіне байланысты айырмашылықтары бар ма? Кіріспе сөз. Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігі танытады. Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлесуіне байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы , жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады. Мәтінмен жұмыс: Оқушыларға оқулықтағы берілген «Студент қыздың әңгімесі.» атты үзіндіні оқып талдау .Мәтінге байланысты сұрақтар: -Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырады? -Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз? Жағдаяттарды шешу: Оқулықта берілген жағдаяты оқушылар оқып талдау ды ұсынамын. -Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады? -Назымға қандай кеңес берер едіңіз ? Сахналау: Оқулықта телефонмен сөйлесу және автобус ішіндегі әбепке байланысты берілген көріністі оқушылар сахналап,талдайды.Өмірден мысалдар келтіреді. Мақал - мәтелдің мағынасын түсіндір.Сынып үш топқа бөлінеді.Слайдта көрсетілген үш мақалды үш топ талдап , өз ойларымен толықтырып ой бөліседі. »Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу - үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады» деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудыңадамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу - әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің «тілін таба білу» іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс. Мен бүгін айдарында:оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты аффирмацияны таңдайды. -Айналамдағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста боламын. -Барлық орталық игіліктерге ұмтыламын. -Қолымнан келіп тұрған адамдарға жәрдем беру мен үшін еш қиындық тудырмайды. -Өз өмірімде әдепті, әсем, сыйлы, сүйкімді болуды қалаймын. -Кез келген адамның қайталанбас даралығын құрметтеймін. Слайдта жазылған ережені сақтау туралы оқушыларға ұсынылады. Ережені есіңде сақтай жүр: Қоғамдық орындарда, көшеде: • Біреді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра. • Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе. • Тесіле қарама,адамдарға бұрылып немесе артынан қарама. • Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды. • Есікті қағып кір.Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана отыруға болады. Іс сапарда: • Жолға шыққанда соған лайық киін. • Саяхаттану барысында жалпыға ортақ киім киген дұрыс • Шет елге саяхатқа шыкканда сенің мінез-құлқың бойынша сенің еліңді танитынын ұмытпа Театрда: Театрға 10-15 минут бұрын келіп, спектакл басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге, өзіңді ретке келтіруге, бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып, отыруға үлгеру керек. Ең соңғы минуттарда кешігіп келген адам бұрын келіп отырғандарға қолайсыздық турады. Әдеп әлеміне барар жол: Сана, мәдениет, ізет, парасат, тәрбие, өмір сыны, мінез, намыс,әдемі сөз, отаншылдық сезім. Оқушылардан әр сөздің мағынасына тоқталып өту. Дәйексөзбен жұмыс: Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. И.Гете -Балалар, осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы) Медитация: «Менің жақсы көретін орным» оқушылардың бойындағы қысымын шығару мақсатында қолданамын. Сабақты қорыту :жаңа сабақты бекіту. Берілген сөздерді барлығы хормен айтады. Үйге тапсырма: Отбасының әдептілік ережесін жазып келу.Дәптермен жұмыс 31- бет 1 -тапсырма Жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, оқушылардың өз қолдарынан жасалған жүркешелерін бір-біріне сыйлайды










9-сынып
Саба
қ № 5-6
Тақырып: Салауаттылық - өмір негізі

Күні:_____
Құндылық: Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттер: салауаттылық, денсаулықты бағалай білу.
Сабақ мақсаты: оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділігі: салауатты өмір сүрудің мәнін ашу,
Дамытушылығы: салауатты өмір сүруіне ықпал ету,
Тәрбиелілігі: денсаулығын бағалауға, салауатты өмір сүруге қоршаған орта тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Ресурстар мен құралдар: мәтін, нақыл сөздер, үнтаспа, бейнетаспа, интерактивті тақта, плакат, маркер т. б құралдар

Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi.

Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.

Еліміздің президенті Н. Ә Назарбаевтың Қазақстан - халқына жолдауында - Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты тармағында - «азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарды салауатты өмір салтына әзірлеу» қажеттігі көрсетілген.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Салауаттылық - өмір негізі»

Үй тапсырмасын тексеру.

А. Самиғоллаұлының «Ойлан достым» шығармасын оқып, мазмұнын талдау, сұрақтар қою.
1. Сіздер, Жангүлдің орнында болсаңыздар, не істер едіңіздер?
2. Мұндай жағдай сіздердің орталарыңызда кездесті ме?
3. Адамдар не себепті зиянды іс - әрекеттерге барады деп ойлайсыздар?
4. Зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын сақтай білу үшін адам бойында қандай қасиеттері басым болуы керек?( саналылық, ерік, жігер, шыдамдылық, білімділік, еңбекқорлық, өмірге деген құштарлық және оны бағалай білу т. б)

Дәйексөз.
Т. Карлейльдің нақыл сөзі. «Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі»
Мәнін түсіндіру, дәптерге жазып алу.
Әңгімелесу (сұхбат)
1. Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіздер?
2. Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?
3. Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай іс - әрекеттер жасайсыз?
4. Салауаттылық - өмір негізі деген көзқарасқа қалай қарайсыз?

Зиянды іс - әрекеттермен қалай күресеміз, болдырмау үшін қандай алдын - алу шараларын жасауға болады деп ойлайсыздар?
Слайд «Ойлан, достым (Зиянды әрекеттердің салдары жайлы)
Топтық шығармашылық жұмыс. Үш топқа бөлінеді.
Топқа ат қою, мағынасын түсіндіру(мақал немесе нақыл сөзден )
«Салауатты өмір» жобасын жасау, ортада жариялау(ұран жазу)

Сұрақтарға жауап беру (әр топқа 4 сұрақтан беру)
1. Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?
2. Дұрыс тамақтанбау қандай ауруларға шалдықтырады?
3. Зиянды әрекеттерге нелер жатады?
4. Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?
5. Ең көп таралған ауру?
6. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны?
7. Нашақорлық зардаптары?
8. Жұқпалы аурулар жайлы не білесің?
Ойын. «Нақыл сөздерді аяқта»
1. Ауырып ем іздегенше,....(ауырмайтын)

2. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуінен болады - (бақытты өмір)
1. Тәртіп пен еңбек -... кепілі (денсаулық)
Белсенді топты атау, мадақтау.

Сабақты қорытындылау.
Халық денсаулығы - тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған іс - әрекеттерінің жемісі. Қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырғанда ғана болашағымыз жарқын болмақ.
Ей, замандас, алдыменен досыңды ұқ,
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын,
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік!
Топпен ән айту. «Ойлан, балам» әні

Үйге тапсырма.

«Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбына шығарма жазу.
Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен тыңдай отырып, бүгінгі сабағымызда айтылғандай «Дені саудың - жаны сау» демекші, біздің өміріміз, денсаулығымыз өз қолымызда екенін өте жақсы түсінеміз. Деніміз сау болса, отбасымызда да, достарымызбен де, мектепте заманауи білімді меңгеруде де еліміздің көркеюіне үлесімізді қосамыз. Көңіліміз шат, жанымыз тыныш болады. Осы көңіл - күйде сәл тыныштықта отырайық. Тыныштық, тыныштық! Тыныштық барлық жерде, тыныштық бүкіл әлемде!



Әсемдік әлемінде

Жарияланды 23-11-2012, 22:13 Категориясы: Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Әсемдік әлемінде.
Мақсаты : Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Ұл бала мен қыз баланың бірін - бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, бейнекөрініс, слайд т.б.
Өту барысы:
І Кіріспе.
Бүгін « Әсемдік әлемінде» атты тәрбие сағатымыз 8 наурыз аналар, қыздар мерекесіне арналады. Қыздарымызды ортаға шақырайық.
.(Ұлдар қыздарды алып шығып, орындыққа отырғызады. Қыздардың жақсы қасиеттерін айтып, қошемет сөз айтады)

«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан - жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Ендігі кезекте біздің ұлдарымыз «Қазақтың қыздары - ай» деп аталатын ІІ бөлімінде өз ойларын жеткізеді.
Азамат: Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан - жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз - елдің көркі, гүл - жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер - білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.
Ернар: Қазақ халқының қызды ерекше қастерлеген, тұңғыш болып өмірге келсе, «ырыс» деп бағалаған. « Елдің көркі» деп олардың жүрегін жылылыққа бөлеп жандарын жаманшылықтан алыстап өсірген. Оның себебі - қыздың болашақ ана екендігін ескергендігінен.

Қыз бала тәрбиесіне ата -ана ғана емес, көрші - қолаң, туған - туыс, ауыл -аймақ болып сергектікпен қарайтын болған. «Қызға қырық үйден тыйым» сөзінің астары да осында жатса керек.
Дархан: Қыз баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді.Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер - тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтын бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын - тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған.

Ән:« Арман жырым аруларым » орындайтын Мұхамбетқалиев А
Райымбек: Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік қулық - сұмдық деген жат қасиет. Сондықтан, жас қыз баланы « Біреудің ала жібін аттама», « Өтірік өрге бастырмайды», «Ешкімге қиянат жасама» деп адалдыққа тәрбиелеген.

Азамат Ы: Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», « Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Маулет: Халқымыздың атадан мұра болып келе жатқан дәстүрлі қасиеті - қыз баланы сыйлап, қастерледі. Қыз бала отырған орында әдеп, ізет, сақтаған, үлкен болсын, кіші болсын оқыс мінез көрсетіп, өрескел, бейбастық сөзге әсте бармаған.

Аманғали: Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық заңдылыққа сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толып қуанышқа бөленесің.
Сырым: Табиғаттың өзі қыздардың ішкі және сыртқы жан дүниесін сұлулыққа, нәзіктікке, қарапайымдылыққа, қайырымдылыққа бай етіп жаратқан. Жас қыздардың өздері - ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой.

Ән: «Ханшайым» Жолдығұлов С мен Мұқанов Е
ІІІ бөлім « Іші алтын, сырты күміс сөз төресі»
( Қыздар туралы мақал - мәтелдер , нақыл сөздер айту )
Мұғалім: Қыз бала және оның тәрбиесі жөніндегі мақал - мәтелдер біздің өмірімізде елеулі орны бар. Енді сол мақал - мәтелдерге құлақ түрейік. «Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі»
« Қыз - өмірдің қызғалдағы»
« Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді.»
« Қыз қуыршақ, ұл - құлыншақ»
« Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.»
« Қыз балаға қырық үйден тыйым»
« Қызым - үйде , қылығы - түзде»
« Қыз қылығымен әдемі»
« Қыздың жиған жүгіндей»
«Қарындасын сыйламағанның қары сынсын.»
« Қыз мінезді жігіт екен.»
Қыздар деген қызыл гүл ғой
Өсіп тұрған бақтағы
Қыздар деген әсем ән ғой
Айтылып болмаған әлі деп.

Ән : «Қазақ қызы.» Орындайтын: Мұханбетқалиев А.
Мұғалім: ХІ ғ. Жазба ескерткіштерінің ішіндегі қыздар тәрбиесіне байланысты деректердің таңдаулыларының бірі , әрі ұлы мұрасы Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» (Құтты білік) деген еңбегі бар. Бұл - әдептілік, ақыл - ой , мінез - құлық, адамгершілік озық үлгілері көркем тілмен баяндалған дидактикалық ереже мен толғаулар.
Аймаңдайлы ұл - қыз туса алдыңда,
Үйіңде өсір, бөтен жерге қалдырма.
Тәрбиешісі ал ізгілікті, көшелі.
Ұл - қыз жақсы, таза болып өседі.
Ұл -қызыңа әдеп үйрет, білім бер
Қос жалғанды, бірдей көріп, күлімдер.

VI бөлім .Сұлулық сыры.
Мұғалім: Қазақ қызы десе , беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.Құлағымызға шолпының сыңғыры келеді. (шолпы таққан қыз жайлап жүріп өтеді.)
Қазіргі қыздарға тән ұзын шаш жойылып кеткен жоқ, қайта көбейіп келеді. Менің қыздарым « Шашымызды қысқартпаймыз» деп уәделесті. Бұрымды бүгін жырласақ оның әсемдікке қатысы болғаны да.
Бұрым меніңше әсемдік, әдемілік қатарына кіреді. Қыз бойындағы алғашқы көзге ұрар әсемдік осы. Ендеше жақсы сөзді аямайық.

Абайдың өлеңі : « Білектей арқасында өрген бұрым»

Оқитын : Байқатов Е

Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін ?
Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді.
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын ?
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен - саяқ
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей - ақ
Егерде қолың тисе білегіне.
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.

Би : « Ақсұңқарым» Орындайтын: Баймұқанова Эльвира

Мұғалім: Шолпысының күміс күлкісін ғана естіртіп, сонысымен қазақ қызы бойындағы ұяңдықты, әдептілікті, инабаттылықты сездірген , шолпысының дауысы қатты естілсе, сені әдепсіз қыз екен деп айтады деп тәлім - тәрбие беріп отырған. «Сылдырлаған шолпысы, сыңғырлаған күлкісі» деп ақындар жырға қосады.

Қандай әнді, өлеңді алсаң да бұрымға таңданған. Ақындар жалпы әйел халқының көркін, өрілген қос бұрым арқылы толықтырған, онсыз әсемдікке нұсқан келді деген. Өлеңдерде «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қарақат көзді, сүмбіл шаш», «Қара көзің, қара шашың төгілген», « Төсектен сүмбіл шашың салбырасын, шашыңа таққан шолпың сылдырасын» деп бір сөзбен болсын шашқа мақтау айтылады. Ендігі кезекте А. Бақтыгерееваның «Бұрым» өлеңін бізге Азамат оқып береді.

Ашуланып қайттың неге, ерке гүл,
Мектебіңе кетіп едің ерке бір.
Тортаңдайсың ата жауың сияқты.
Бантигіңді шешіп кеткен тентек ұл.
Қыз баланың бұрым деген сәні еді
Балалықтың ойыны бар әдемі
Қыз бұрымға маза бермей жүретін
Балалықтың ойыны бар әдемі
Бұрым - бұлақ таудан аққан құлатқан
Бұрым - арман, қол жетпеген ұнатқан
Момақан боп жүрген бүгін әкең де
Талай қызды шаштан тартып жылатқан.
Ашуланба, ол бір ойын талайғы
Адамдардан әр ұрпаққа тарайды.
Ақылды бол, сол бұрымның бір талы
Тентектерді құрықтауға жарайды.

VIІІ бөлім. «Сезім - адамдық қасиет.

Қыздарға арналған ұлдардың назы бар соған құлақ түрейік. (Ұлдар Ә. Нұршайықовтың « Автопортрет» еңбегіндегі «Қыздарға кеңес» ақыл -нақыл сөздерін айтып шығады.
Қыздар !
- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар !
- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар !
- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар !
- Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар ұрысқақ болмаңдар !
(Деп ұлдар қыздарға гүлдерін табыс етеді, ал қыздар кестелі орамал береді.)
Ән айту мен би билеу де әсемдікке жатады , ендеше кезекті биге береміз.
Вальс: Қыздар, қыздар сұлу қыздар.

VIІІ бөлім. Пікірталас.
Қыздар: « Қыздарды сыйлау деген не ?»
Ұлдар: « Сыйлау үшін қандай болуың керек ?»
VIІІ бөлім. Қорытынды.

Бабаларым қыздарды қадірлеген,
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,

Күн болмаған сазды күй төгілмеген - деп бүгінгі тәрбие сағатымызда қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі, ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін - бірі жақсы түсінуіне, бірін - бірі сыйлауына, бір -біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды -қылықты, ұлдарымызды - ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.


© 2010-2022