Практический урок в начальной школе

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Практический урок в начальной школеПрактический урок в начальной школеПрактический урок в начальной школеПрактический урок в начальной школеПрактический урок в начальной школеПрактический урок в начальной школеПрактический урок в начальной школеПрактический урок в начальной школе

Практический урок в начальной школе

Қостанай педагогикалық колледжінің

«Педагогика және психология»

кафедрасының оқытушысы

Абдулина Г.З.


Практикада ұлттық салт-дәстүрді дәріптей отыра,студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру .Осы мақсатта Қостанай педагогикалық колледжінің үшінші курс студенттері үшін М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінде 4 «Ә» сыныбында қазақ тілінен байқау сабағын өткіздім. «Редакция» ойын сабағын жүргізіп, топтық жұмыс түрін қолдандым.Сынып «Хат қабылдаушы», «Сұрақ тудырушы», «Шығармашылық» топтарына бөлінді.Сабақта сұрақ жауап, топтастыру,ойын,ізденушілік,шығармашылық әдістері қолданылды.

«Бесікке салу», «Тұсау кесу» бейнебаяндары көрсетіліп,жұмбақтар шешілді. Сергіту кезеңінде балалар «Қаражорға» биін бар ықыластарымен биледі.Ал «Орамал тастамақ»ойынында бір топ жұмбақ жасырса,екінші топ шешімін тапты,ал үшінші топ жұмбақ шешіміне сәйкес жай және құрмалас сөйлемдер құрады.Қорытынды бөлімінде бағалау парағы арқылы,балалар өз-өздерінің сабақтағы жұмыстарына баға қойды.

Төменде осы сабақтың жоспары ұсынылады.

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Жай және құрмалас сөйлем»тақырыбын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жай және құрмалас сөйлемдер туралы білімдерін

тереңдету,пысықтау.Сөйлемдерді түрлеріне қарай ажырата білу қабілеттерін

арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс жасауға,білімдерін дәлелдей білуге,талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұлттық дәстүрді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ үлгісі: бекіту сабағы

Сабақтын түрі: ойын сабақ «Редакция»

Көрнекі құралдар: презентация, суреттер, бағалау парағы, ойын атребуты.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Дайындық кезеңі

ІІІ. Практикалық кезең

ІV. Бекіту кезеңі

V. Қорытынды. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.

Сабаққа қонақтардың келіп отырғанын, ендеше жақсы білім көрсету қажеттігін айтып

өту.

Психологиялық жағдай жасау.

ІІ. Дайындық кезеңі

Сұрақ- жауап әдісі 1. Жер бетінде қазба- байлықтарға және салт- дәстүрге бай мемлекет бар. Ол мемлекет қалай аталады? (Қазақстан) 2. Қазақстанда негізгі өмір сүріп отырған халқы кімдер? (қазақ) 3. Қазақ халқының салт- дәстүрін жақсы білеміз бе?

Бүгінгі сабақта салт- дәстүрдің кейбір түріне тоқылып өтеміз. Тақтадағы суретке назар аударамыз. Бұл ненің суреті? Біздің қаламыздың қай көшесінде орналасқан?

Қостанай таңы - облыстық қоғамды- саяси газет. Қазақ тілінде, орыс тілінде шығарылады. Аптасына 3 рет шығады. Алғашқы басылым 25- маусымда 1922 жылы «Ауыл» деген атпен шықты. 1991 жылдан бастап «Қостанай таңы» деп аталады.Басылым негізін қалаушы қазақ әдебиетінің классиктері Беимбет Майлин және Мухамеджан Сералин.


  • Алғашқы редактор, 1923- 1926- Мухамеджан Сералин

  • ...-2014- Жайберген Болатов

  • 2014 жылдан бастап- Жанузак Аязбеков

Қостанай қаласындағы «Қостанай таңы» редакциясы Аль- Фараби көшесінде орналасқан. Ендеше біз «Редакция» ойнаймыз. Редакциямызда 3 бөлім болады. Олар: хат қабылдаушы, сұрақ тудырушы, шығармашылық бөлімдер.

ІІІ. Практикалық кезең

Сал- дәстүрОй қозғау


Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген- бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,

Жүргенін көрген- бір мұрат. Мағынасын ашу.

Оқулықпен жұмыс.

Енді дәстүрлер туралы толық білу үшін оқулықпен жұмыс жасаймыз. 74- бет, 53- жаттығу. Мәтінді түсініп оқуымыз қажет.

1. Іштерінен оқыту. 2.Дауыстап оқыту. 3. Мазмұнын талдау.

Ізденушілік әдісі. Редакцияға хат келді. Онда екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған, құрамындағы жай сөйлемдер мағыналық жағынан байланысып, үтірмен ажыратылады деген. Бірінші бөлім хаттың мазмұның дұрыстығын дәлелдеу керек. Ол үшін мәтін мазмұнына сай сұрақтар құрастырады. Үшінші бөлім «Бесік» сөзіне сөзжұмбақ құрастырады.

Дәптеріне айдың аты мен күннің жұлдызын және көркем жазуды орындату.

Тт әрпін жаздыру.

Балалардың жұмыстарын тексеру. Өз жұмыстарын өздеріне бағалату.

Сергіту сәті «Қаражорға»

Ал енді біздің редакциямыздың тілшілері дайындаған бейне баянды тамашалайық.

Бейнебаян «Бесікке салу»

Бесік сөзін үш тілде айту.

Өзіндік жұмыс 54-жаттығуды балалар өздігінен орындайды. Берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады. Міндетті түрде құрамында құрмалас сөйлем болу шарт. Бірінші бөлімге құрмалас сөйлемдерін оқыту. Екінші бөлім сурет мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. Үшінші бөлім сызба құрастыру.

Жұмыстарын тексеріп, өздерін бағалату.

Қазіргі біз редакциямыздың тілшілері дайындаған бейне баянды тамашалаймыз.

Бейнебаян «Тұсау кесу».

Бала сөзін үш тілде айту.

ІV. Бекіту кезеңі «Орамал тастамақ» ойыны

Сұрақ тудырушы бөлім жұмбақ жасырады. Хат қабылдаушылар шешімін табады. Шығармашыл бөлім шешімімен жай және құрмалас сөйлем құрайды.

Сызбамен жұмыс. Сызба бойынша сөйлемдер құрату.

V. Қорытынды. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. 74-бет. 52-жаттығу.

Тапсырманы түсіндіру.


© 2010-2022