ТРЕНИНГ ОТБАСЫ БАКЫТ МЕКЕНЫ

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Отбасы - бақыт мекені» атты ата-аналарға арналған тренинг.

«Отбасын жасайтын және нығайтатын күш-махаббат - әке мен шешенің, әке мен балалардың, шеше мен балалардың өзара сенімді, адал, шын берілген махаббаты. Алайда махаббат - басқа бір жақтан, сырттан келетін шабыт немесе таң шапағы емес. Махаббат дегеніміз - орасан зор еңбек.»- В.А.Сухомлинский.

Мақсаты: 1) Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту;

2) Өз баласын түсінуге мүмкіндік туғызу;

3)Баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

4) Ата-аналарға мейірімділік пен ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету;

Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірме қағаздар А4 формат, қалам, мақал-мәтелдер, шам, жүрекшелер.

Әдістері: әңгімелесу, пікір алмасу, сұрақ-жауап.

Тренинг бағдарламасы.

  1. «Танысу» жаттығуы

  2. «Есімдер тарихы» жаттығуы.

  3. «Менің отбасым» жаттығуы.

  4. «Отбасы ойыны» сергіту жаттығуы

  5. «Мейірімді жүрек» жаттығуы.

  6. «Тілек шамы» жаттығуы.

  7. «Ашық айтсам» жаттығуы қорытынды.

«Танысу»жаттығуы.

Нұсқау: Ата-аналарға шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 жақсы қасиетті кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар?

«Есімдер тарихы» жаттығуы.

Нұсқау: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, жеке-жеке өзінің атын және баласының не қызының атын, оның мағынасын, атын қойылу кезіндегі тарихын айтып беру қажет.

Талқылау: Перзентіңіздің есімдері сізге ұнайды ма?

«Менің отбасым» жаттығуы.

Нұсқау: Ата-аналарға балалардың алдын ала « отбасы» тақырыбында салынған суреттер арқылы өз перзентінің суретін тауып беру.

Талқылау: 1) Өз отбасының суретін қалай таптыңыз?

2) Суреттерден отбасының суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

«Отбасы ойыны» сергіту - жаттығуы.

Нұсқау: Ата-аналардан балаларын қаншалықты жақсы білетінін анықтаймыз. Балалардан алдын-ала 8-сұрақтан тұратын сауалнаманы аламыз. Дәл сол сауалнаманы ата-анадан аламыз. Нәтижесінде ата-ананың баланы қаншалықты білетінін көруге болады.

Балалардан алынатын сауалнама.

  1. Туған күнің?

  2. Сынып жетекшінің аты кім?

  3. Сүйікті түсін қандай?

  4. Ең жақын досың?

  5. Ата-анаң сені қалай еркелетеді?

  6. Сүйікті фильмің немесе мультфильмің?

  7. Сүйіп тыңдайтын ән немесе әнші?

  8. Бос уақытында немен шұғылданасың?

Ата-аналардан алынатын сауалнама.

1.Балаңыздың туған күні?

2.Сынып жетекшісі кім?

3. Балаңыздың сүйікті түсі?

4. Балаңыздың ең жақын досы?

5. Балаңызды қалай еркелетесіз?

6. Балаңыздың сүйікті фильм немесе мультфильмі?

7.Сүйіп тыңдайтын әні немесе әншісі?

8. Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?

Талқылау:1)Сұрақ-жауапқа беру қиынға соқпады ма?

2)Қандай әсер алдыңыз?

«Мейірімді жүрек» жаттығуы.

Нұсқау: оқушыларға ақ жүрекшелер таратылып беріледі, сол жүрекшелерге ата-аналарына жақсы тілектерін, ыстық лебіздерін жазып, оны ата-аналарына сыйлайды.

Талқылау: Балаңыз сізге тілек айтқанда қандай сезімде болдыңыз?

«Тілек шамы» жаттығуы.

Біз бүгін сіздермен отбасындағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы зор екенін білеміз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

«Ашық айтсам...» жаттығуы қорытынды.

Нұсқау: Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні:_____________________________

Менің тренингтік есімім:_______________________________

Менің тренинг барысында түйгенім:______________________

_____________________________________________________

Бәрінен де маған жаттығу ұнады:________________________

____________________________________________________

Ұсыныс: ____________________________________________

____________________________________________________

Қолы:_______________________________________________

Қорытынды.







«№20 Ш.Құдайбердиев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



















Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг.

«Отбасы - бақыт мекені»



































Педагог-психолог:Мырзалиева З

© 2010-2022